July 9, 2023

СЕНАТ ТӨРАЙЫМЫ ПАРКЕНТ АУДАНЫНДА

Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Ташкент облысының Паркент ауданында болып, елді мекендердің тыныс-тіршілігімен және кәсіпкерлер мен фермерлерге жасалған жағдайлармен танысып, қарапайым тұрғындармен тілдесті.

Атап айтсақ, ауданның 2700-ден астам тұрғыны бар “Марказий” МАЖ-да ардагерлер және махалла тұрғындарымен шынайы әңгіме өрбіді. Сұхбат барысында бүгінгі таңда еліміздегі махаллаларды дамыту мақсатында жасалған іс-шаралар, соның ішінде оларды материалдық тұрғыдан қолдап-қуаттау, жан-жақты көмек көрсету, жастардың тәлім-тәрбиесі, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, сондай-ақ еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы мәселелерге назар аударылды.

Ардагерлер, махалла белсенділері соңғы жылдары реформалар ауылдардан басталғаны үшін жол салу, жарықтандыру және ауызсумен, газбен қамту мәселелері оң шешіліп жатқанын, ал бұл “Ашық бюджет” платформасының нәтижесі екенін атап өтті.

Махалла бестігінің жолға қойылғаны мәселелерді кешенді шешуде маңызды фактор екені де айтылды. Махалладағы әкім көмекшісінің айтуынша, аймақта “Паркент-фарм” еркін экономикалық аймағында фарм-кәсіпорындарының жұмысқа қосылуы, сондай-ақ 3 тоқыма кәсіпорнының ашылуы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесінің шешімі болғанын айтты.

Сұхбат барысында бірқатар ұсыныстар ортаға салынды. Бүгінде ауданда өнеркәсіп дамып, ауыл шаруашылығындағы фермерлер қатары артып келеді. Осы көзқарас негізінде ауыл шаруашылығындағы кооперацияны дамыту, сондай-ақ “Ашық бюджет” порталында ұсыныстарды бағыттар кесімінде қалыптастыруға қатысты пікірлер айтылды.

Кезектегі диалог аудандағы “Айбек” МАЖ аумағында орналасқан 200 орындық “Шабнам элегант” ЖШҚ тоқыма кәсіпорнында болды. Бұл кәсіпорын үстіміздегі жылы 3 миллион долларлық өнімге келісімшарт жасап, ТМД елдеріне өнімдерін экспорттауда.

Сенат Төрайымы мұнда жұмысшыларға жасалған жағдайлармен танысып, оларға төленетін жалақыға қызығушылық танытты.

Кәсіпорын басшысы сұхбат барысында шығарылатын өнімнің сапасы жоғары болғандықтан, тапсырыс көп екенін, жұмысшы күші көбірек қажеттігін, сол үшін көрші аудан тұрғындарын да жұмыспен қамтуға дайын екенін жеткізді. Бұл ретте ол шетелдік мамандарды тарта отырып, жаңа жобалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Паркент ауданы жүзімімен елімізде ғана емес, шетелдерге де танымал. Заркент ауылындағы “Янгиабад” МАЖ-да жүзімшілікті дамыту және қайта өңдеумен айналысатын фермерлермен сұхбат барысында кластерлік жүйенің тиімді екені, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті кеңейту, саланы дамытуда халықаралық байланыстарды орнатып, әлемдік стандарттарды енгізудің маңыздылығы айтылды.

Фермерлердің айтуынша, аймақта агрологистикалық орталықтардың қызметі жолға қойылып, өткен жылы 20 миллион долларға тең өнім экспортталған. Мүдделілік жоғары болғаны үшін фермерлердің де қызығушылығы жоғары.

Жиын барысында озат бағбандар саланы дамытуға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қыс суық болғандықтан биылғы өнімнің өнімділігі төмен, сондықтан салада сақтандыру жүйесін дамыту, бүгінгі таңда өсіріліп жатқан 4-5 сұрыппен шектеліп қалмай, Еуропа елдерінің тәжірибесін тікелей меңгеріп, жүзімнің жаңа, жақсы, экспортқа сай сұрыптарын өсіруді үйрену, сондай-ақ халықаралық сертификаттарды алуда оларды қолдап-қуаттау бойынша бірқатар ұсыныстар білдірілді.

Т.Нарбаеваның Паркент ауданына сапары бағдарламасында әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтардан хабар алу мәселесі де орын алған.

“Бозорбоши” МАЖ-да “Әйелдер дәптеріне” енгізілген мүмкіндігі шектеулі Анаргүл Жұмабаеваның жағдайынан хабар алынып, оның отбасылық жағдайымен танысты. Әйел екі ұл мен екі қызды қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп тәрбиелеген. Бұдан бірнеше жыл бұрын жүрек ауруына байланысты оның қол-аяғы жартылай істемей қалған. А.Жұмабаева аудан әкімдігі, махалла оны жалғыз қалдырмағанын, материалдық-рухани жағынан да қолдау көрсетіп отырғанын айтты.