November 11, 2023

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ІС ЖҮЗІНДЕ  

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында күн панельдерін орнату бойынша бағдарлама 110,5 пайызға орындалды.

Жоғары білім беру, ғылым және инновациялар министрлігі тарапынан республикадағы барлық мемлекеттік жоғары оқу орындарында жылдық қажеттіліктен келіп шығып, 89,6 миллион кВт сағат электр энергиясын өндіру қуатына ие 44,8 МВт күн панельдерін орнату бойынша бағдарлама әзірленді.

Бүгінгі таңда бағдарлама негізінде мемлекеттік жоғары оқу орындарында жалпы 49,5 МВт, яғни жылдық жоспармен салыстырғанда 110,5 пайыз күн панельдері орнатылып, бұл күн панельдері “Жасыл энергия” ақпарат жүйесіне толық енгізілді.

Бұдан тыс, 13 шетелдік жоғары оқу орындарында 916 кВт, сондай-ақ ми­нистрлік пен жүйе ұйымдарында 540 кВт қуатына ие болған күн панельдері орнатылды. Бүгінгі күнде қосымша түрде мемлекеттік жоғары оқу орындары тарапынан түзілген 25,3 миллиард сумдық келісімшарт аясында тағы 2,5 МВт қуатына ие күн панельдерін орнату жұмыстары жедел жалғастырылуда.

Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінде жұмыс жүргізетін басшы қызметкерлер “Қуешли хонадон” бағдарламасы аясында өз пәтерлеріне күн панельдерін орнату жұмыстарын жүзеге асыруда.

Қазірде министрлік басшылығы және 38 жоғары оқу орындары ректорлары тарапынан жалпы 134,8 кВт қуатына ие күн панельдері өз пәтерлеріне орнатылған. Бұл орнатылған күн панельдері “Худудий электр тармоқлари” акционерлік қоғамы жүйесіне жалғанып, жылына 269,6 мың кВт/сағат электр энергиясы өндірілуде.

Арухан АҚПАНБЕТОВА,

“Нұрлы жолдың” тілшісі.