ПРОБЛЕМАЛАР ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА
“Тошкент сув таъминоти” жауапкершілігі шектеулі қоғамы — тұрғындар, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, транспорт, ауыл шаруашылықтары және басқаларды сумен қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар кешені.
Жуырда “Тошкент сув таъминоти” жауапкершілігі шектеулі қоғамы тарапынан “Кимегарлар” саябағында көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Онда Шыршық қаласы, Қыбырай, Бостандық, Жоғарышыршық және Паркент аудандарындағы сумен қамту, сондай-ақ кәріз су қызметін бұдан да жақсарту бойынша мәселелер талқыланды.
Қабылдауға аталмыш мекеменің директоры мен оның орынбасарлары, бөлім бастықтары, жоғарыда атап өтілген аудандардың, басқа да ресми ұйымдардың басшылары қатысты.
Шарада тұрғындарды мазалап жатқан ауызсумен қамту және кәріз су қызметі жүйесіндегі мәселелер бойынша туындаған проблемалар жайлы бірқатар шағымдар түскені айтылды.
— 20-дан астам тұрғынның 15 өтініші ресімделді, — дейді “Тошкент сув таъминоти” ЖШҚ өтініштермен жұмыс істеу бөлімі басшысы Мақсуд Исомиддинов. — 2 өтінішке жалпы түсініктеме беріліп, тұрғындар өзіне қажетті мәліметтерді алды. Ал қалған өтініштер қаржы мен уақытты талап еткендіктен мамандар жер-жерлерге барып,көмек көрсетеді.
Тұтынушылардың кәріз су жүйесіне жалғану, ауызсудан қарыздары, су есептегіштерін ресімдеу, сияқты сұрақтарына мамандар толыққанды жауаптарын берді. Шараға 50-ден астам тұрғын қатысты.
— Айта кетерлік жайт, Шыршық қаласындағы кәріз су жүйесі өте нашар жағдайда және ауыстыру үшін көп қаржы, үлкен күш талап етіледі, — дейді белсенді тұрғын Маъмур Чориев. — Сол проблемалардың шешімін тапсақ, кәріз су жүйесін ретке келтірген боламыз.
Шыршық қаласында өткізілген көшпелі қабылдауда тұрғындардың өтініштеріне байланысты бақылау жоспары бекітілді. “Тошкент сув таъминоти” жауапкершілігі шектеулі қоғамының директоры жауапты қызметкерлерге бақылау жоспарына енгізілген өтініштерді белгіленген уақыттан кешіктермей орындалуына қатысты тапсырмалар берді.