СЕНАТ ТӨРАЙЫМЫ БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Өзбекстан БҰҰ-ның Шөлейттенумен қарсы күрес конвенциясына Азия аймағындағы мемлекеттер арасындағы алғашқылардың бірі болып мүше болған.
Бұл Конвенцияны Өзбекстан парламенті 1995 жылғы 31 августа ратификациялап, 1996 жылы күшіне енген. Бүгінде 197 мемлекет осы Конвенцияға мүше саналады.
Бұл туралы Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Норбоева БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясының атқарушы хатшысы Иброхим Тиаумен кездесуінде сөз болды.
Сұхбат барысында шөлейттену және жердің деградациясы, шаңды дауылдардың алдын алу, биоәралуандықты сақтау бағытында БҰҰ-ның мамандандырылған құрылымдарымен ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.
Бұл тұрғыда БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясының (UNCCD) орындалуын қарау комитеті 21-сессиясының маңызы зор болатыны атап өтілді.
Ғаламдық экологиялық проблемалар жағдайында Өзбекстанда қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс жүзіндік шаралар, атап айтқанда, заңдарды, нормативтік-құқықтық құжаттарды, мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау және жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Иброхим Тиау Өзбекстанның жасыл әлемді қалпына келтірудегі бастамаларының маңыздылығына, қол жеткізіп отырған жетістіктеріне тоқталып, жер деградациясының алдын алуда, сондай-ақ жерді қалпына келтіруде озық елдердің қатарында тұрғанын, іс-жүзіндік әрекеттерімен барлығына үлгі болып жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында экологиялық күн тәртібіне, қоршаған орта мен климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер бойынша диалог пен ынтымақтастықты дәйекті түрде жалғастыру, оның салдарын жою бойынша бірлескен іс-әрекеттер мен шаралар әзірлеуге келісілді.