МЕДИА АПТАЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ СЕНАТОРЛАРМЕН СҰХБАТ ҚҰРДЫ
Өзбекстан Ұлттық медиа бірлестігі бірқатар жергілікті және халықаралық үйымдармен ынтымақтастықта 27 июнь — Баспасөз және бүқаралық ақпарат қүралдары қызметкерлері күніне орай медиа апталық үйымдастырды.
Жуырда Олий Мажлис Сенатында “Жаңа Конституция — ең маңызды реформалар” тақырыбында Сенат Төрайымы, Сенат мүшелері және журналистердің қатысуымен ашық диалог үйымдастырылды.
Сүхбат барысында беймемлекеттік медиа қүралдары да өмірімізде маңызды орынды иелеп, пікір алуандығын қамтамасыз етуде, түбегейлі реформаларды жүзеге асыруда, жер-жерлердегі кемшіліктер мен проблемаларды батыл көрсетуде маңызды рөл атқаратыны баса айтылды.
Сонымен қатар бүқаралық ақпарат қүралдарында, соның ішінде Сенат, оның Кеңесі, Комитет және комиссияларының қызметі кеңінен жариялануының арқасында отандастарымыздың заңнамалық өзгерістерден, парламенттік бақылаудан, халықаралық ынтымақтастықтан және сенаторлардың өңірлердегі халықпен диалогы сапасы жағынан да, саны жағынан да артқаны тілге тиек етілді.
Шынында да, бүгінде Олий Мажлис Сенаты бүқаралық ақпарат қүралдарымен ынтымақтастық үшін есігін айқара ашты. Сенаттың жалпы отырыстары әлемдік интернет желілері арқылы, атап айтқанда, “Ютуб” бейне платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Бүл үдеріске теле-радио арналар, баспа және интернет басылымдары, блогерлер тікелей атсалысуда. Олар Парламент қызметі аясында өздерін толғандырған барлық сүрақтарға толыққанды жауап алды.
Бүқаралық ақпарат қүралдары нәтижелі жүмысының арқасында халқымызды алаңдатқан мәселелер мемлекеттік органдардың, сондай-ақ парламенттің назарына жеткізілуде. Ынтымақтастықтың арқасында сенаторлар азаматтармен тығыз байланыста болып, оларды мазалаған мәселелер заң аясында шешілуде.
Шарада Бірлестікке мүше орталық және аймақтық телеарналардың шығармашылдарымен Жаңа Конституцияның ең маңызды түстары, соның негізінде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы пікір алмасу барысында, алдымен бәрінен де журналистің өзі әр қырын терең түсініп, объективті сараптай алуы, өз кезегінде, журналистің дайындаған материалы арқылы жүртшылықтың назарына дүрыс әрі мінсіз жеткізу керектігі айтылды.
Диалогқа қатысушылар БАҚ өкілдеріне жасалған жағдаймен де танысты.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.