November 8, 2023

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ СУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ  

Жуырда Сенаттың Аралбойы аймағын дамыту мәселелері және экология комитеті тарапынан Қоғамдық қауіпсіздік институтымен “Жаһандық климаттың өзгеруі және су проблемалары” тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Шеберлік сабағында комитеттің төрағасы Б.Алихонов тыңдаушыларға климаттың өзгеруі, оның жағымсыз салдары, су проблемаларының туындауы, сондай-ақ алдын алу мәселелері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Атап өтілгеніндей, соңғы жылдары климаттың күрт өзгеруі, шөлейттердің кеңеюі, шөлейттену мен жер деградациясы, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың көбеюі, атмосфераның, су ресурстарының ластануы мен тапшылығы, ормандар мен биосаналуандылықтың азаюы адамзат үшін аса өзекті жаЅандық экологиялық проблемаға айналуда.

Бұл мәселелер біздің елге де тән болғандықтан, өнірімізде экология мен қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Елімізді тұрақты дамыту, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауіпсіздік, жалпыұлттық қауіпсіздік мәселелері жүзеге асырылып жатқан реформалардың үстем бағыты ретінде танылған.

Жаһандық экологиялық проблемалар жағдайында елімізде қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған заңдардың, оған қатысты құжаттардың, мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануы және олардың орындалуы бойынша дәйекті жұмыстар жүргізіліп жатқаны, мұнда кең жұртшылықтың белсенді қатысуы теңдессіз маңызға ие.

Сонымен қатар бірқатар экологиялық проблемалар әлі де сақталуда. Оның үстіне жаңа экологиялық қауіптер пайда болуда.

Шеберлік сабағында су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану, суды ысырап ету мен шамадан тыс тұтынудың алдын алу, түрлі салаларда суды үнемдейтін технологияларды қолдануды ынталандыру, қайта өңделетін энергия көздерін пайдалануды дамыту, қалдықтарды өңдеу саласын жетілдіру және оны терең өңдеу технологияларын енгізуді кеңейту, ауаның ластануына жол бермеу, биологиялық саналуандылықты қорғау қажет екені айтылды.

Сонымен қатар сенаторлар экологиялық қауіпсіздіктің басым стратегиялық бағыттарына тоқталды. Түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар мен табиғи ресурстарды пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимылды реттеудің экономикалық механизмін жетілдіру, басқару қаулыларының әлеуметтік-экономикалық нәтижелілігін бағалауға экологиялық тәртіптерді енгізу, мемлекеттік деңгейде қоршаған ортаның ластану деңгейін экологиялық, гигиеналық және санитарлық нормаларға дейін төмендету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігі баса айтылды.

Халықтың, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттырудың жаңа механизмдерін жасауда, су ресурстарын тиімді пайдалануда, суды ысырап етудің алдын алуда, экологиялық проблемаларды шешуде, сондай-ақ экологиялық қатерлердің алдын алуда мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасында ынтымақтастықты дамыту, экологиялық бақылауды күшейту туралы сөз өрбіді.

ӘЛ-АУҚАТТЫ ӨМІР СҮРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өзбекстанда кедейшілікті азайту моделін өмірге енгізу арқылы жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

World Poverty Clock мәліметі бойынша, кедейліктің халықаралық шегінен төмен жасайтын ел халқының үлесі 2019-2021 жылдары тәулігіне 3,2 доллар өлшемі бойынша 26,3 пайыздан 25 пайызға, сондай-ақ күніне 1,9 доллар өлшемі бойынша 11 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеді.

2030 жылға дейінгі кезеңдегі тұрақты даму саласындағы жалпыұлттық мақсаттар мен міндеттердің 1-мақсаты барлық жерде халықтың кедейшілік деңгейін төмендету екені белгілі.

2023 жылғы 7 ноябрьде Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетімен және Заң шығару палатасының Бюджет және экономикалық реформалар комитетімен ынтымақтастықта “Өзбекстанда табысы аз жандарды азайтуға бағытталған тиімді механизмдерді жүзеге асыру” тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылды.

Атап өтілгендей, Өзбекстанда ұлттық модельді жүзеге асыру арқылы кедейшілікті азайту бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған.

Атап айтқанда, халықтың аз қамтылған қабаттарын есепке алу және мекенді қолдап-қуаттаудың жаңа ұлттық моделі жүзеге асырылды, “Әлеуметтік қорғаудың бір­ың­ғай реестрі” ақпараттық жүйесі және “Махаллада әлеуметтік қызмет” модулі арқылы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесі енгізілді.

Аз қамтылған отбасыларда тұратын жұмыссыздарды оқыту, кәсіпке дайындау және кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы жұмысқа орналастыру және тұрғындарды кәсіп-өнерге үйрету жүйесі жасалды.

Сонымен қатар, қабылдаушы елдерде бүгінгі сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыс істеуге баратын азаматтардың біліктілігін арттыра отырып, ұйымдасқан еңбек миграциясын жүзеге асыруға, еңбек мигранты отбасыларының табысын арттыруға және ауылдық жерлерде кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал етуде.

Табысы аз тұрғындар жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға қолайлы жағдайлар жасалған.

Әрбір махаллада жұмыссыз деп табылған, жұмыс істеуге немесе кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген әйелдер мен жастардың тізімі жасалып, түрлі кәсіп-өнерге және кәсіпкерлікке оқыту курстары бойынша шығындардың 70 пайызын мемлекет тарапынан өтеу механизмі жолға қойылды.

“Әйелдер дәптеріне”, “Жастар дәптеріне”, “Темір дәптерге” тіркелген тұрғындар үшін тренинг пен жаттығулар мүлдем тегін. Оқыту курстарын бітірген азаматтарға кәсіпкерлік субъекті ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізуден бастап өз ісін ашуға дейін іс жүзіндік көмек көрсету жүйесі енгізілді.

Есік алды жері болған кәсіпкерлерге 300 миллиард сум жеңілдетілген несие мен субсидия бөлінді. Соңғы 3 жылда 91,8 мың көп балалы отбасы, еңбекке жарамсыз мүгедектер, бала кезінен мүгедек жалғызбасты қарт адамдар тұрғын үйлермен қамтамасыз етіліп, тұрмыстық жағдайлары жақсартылды.

Дөңгелек үстел сұхбатында халықтың табысы аз буынын қолдауға және кедейшілікті азайтуға қатысты тапсырмалар мен ұсыныстарды ресми ұйымдарға тікелей жеткізуге мүмкіндік жасалды. Шара соңында кедейшілікті төмендетуге бағытталған тиімді механизмдерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.