November 17, 2023

ХАЛЫҚТЫҢ САЛАУАТТЫҒЫ ЖОЛЫНДА  

“Қарақалпақдәрі-дәрмек” ЖШҚ-дабүгінде 19 жоғарыбілімдіфармацевт, 67 ортаарнаулыфармацевт, басқадамамандыққаие 43 қызметкержұмысжүргізуде. Бүгінде олар республикамыздағы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты барша емдеу-профилактикалық мекемелерді және амбулаторлық жағдайда емделетін ауруларды дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді.

Қоғам тарапынан республиканың барша қалалық және аудандық медициналық бірлестіктерге ауылдық жанұялық емханалар мен ауылдық дәрігерлік пункттерде 83 әлеу­меттік дәріханалар ұйымдастырылды.

Үстіміздегі жылдың 6 айы барысында жергілікті өндіріс кәсіпорындарынан 1,7 миллиард сумға дәрі-дәрмек сатып алынды. Сондай-ақ, республикалық емдеу-профилактикалық мекемелер 2,6 миллиард сумдық дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

“Қарақалпақ дәрі-дәрмек” ЖШҚ тарапынан 4 арнаулы “Көшпелі дәріханалар” — “Дамас” автокөліктері ұйымдастырылып солар ар­қылы республикамыздың ең шал­ғай аумақтарында жасаушы халыққа қажет болған дәрі-дәрмектерді арзан бағамен жеткізіп беруде. Бүгінде аталмыш “Көшпелі дәріханалар” белгіленген тәртіппен аудан әкімдері тарапынан бекітілген кесте негізінде республикамыздың барша аудандарына, сондай-ақ Мойнақ ауданының шалғай “Шеге”, “Шағырлы”, “Порлытау”, “Үшсай”, “Әкім ата” ААЖ-ларға, Шымбай, Тақтакөпір, Қоңырат, Беруни, Әмудария, Төрткүл аудандарына, Нөкіс қаласының “Бес төбе” және “Қоскөл” аумақтарына барып, медициналық қызмет көрсетіп келуде.

Тілеухан ШӘМЕКОВА,

“Нұрлы жолдың” меншікті тілшісі.