ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК
Бүгінде елімізде қыз-келіншектердің кәсіпкерлікпен айналысуына кеңінен жол ашылып, іскер әйелдер аясын кеңейтуде едәуір істер атқарылуда. Мұны елімізде біраз жылдардан бері өз қызметін жүргізіп жатқан “Кәсіпкер әйел” халықаралық іскер әйелдер қауымдастығының іс-шараларынан да көруге болады. Яғни аталмыш қауымдастық 19 ноябрь — Халықаралық әйелдер кәсіпкерлігі күніне орай дәстүрлі “Әйелдер кәсіпкерлігі апталығын” өткізуде.
Бұл жаһандық бастама 144 мемлекетте кеңінен атап өтіледі және ол кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын қолдап-қуаттауға және кеңейтуге бағытталады. Айта кетерлік жайт, “Кәсіпкер әйел” халықаралық іскер әйелдер қауымдастығы 1991 жылы құрылып, бүгінде оның 17 мыңға жуық мүшесі, 73 аумақтық бөлімі, 200-ден астам тренері бар.
Апталық “Әйелдер кәсіпкерлігі — қаржылық тәуелсіздік және әйелдердің экономикадағы қатысуы” тақырыбында ұйымдастырылуда. Оған еліміздің түрлі аумақтарынан 300-ден астам әйел онлайн және офлайн форматта қатысуда. Апта бойы барлық аумақтық бөлімдерде, өндірістік орындар басшыларының, сарапшылардың, ынтымақтас ұйымдардың қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстел сұхбаттары және конференциялар өткізіледі.
Апталықтың мақсаты — Өзбекстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін талқылау, оның ақсап жатқан тұстарын анықтау, тосқауылдарды жою және ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныс шараларын жасау, сондай-ақ кәсіпкер әйелдердің экспорттық мүмкіндіктерін жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Бұдан тыс, апта барысында қыз-келіншектердің кәсіпкерлігін қолдап-қуаттау бойынша халықаралық бағдарламалардың тұсаукесерлері өтеді, шара қатысушылары өздерінің тәжірибелерімен ортақтасады. Іскерлік ортасын жақсарту, кәсіпкер әйелдер үшін туризм саласында қызметтер сапасын арттыру бойынша кезектегі стратегия шығарылады.
Сонымен қатар еліміздің кәсіпкер әйелдерінің биылғы 8-рет өтіп жатқан “АНОР 2023” Ұлттық конкурс-байқауы өңіріміздің мемлекеттік, бизнес және әлеуметтік шеңберлері арасында жоғары құрметке, әлеуметтік өмірінде өз орнына ие болды, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың өзіндік өлшеміне айналды. Сондықтан да бұл байқау қорытындылаушы ақтық бөлімі өткізілетін аптаның ең негізгі шаралары ретінде тілге тиек етілген.
Қорытынды сайыста 12 облыс, Қарақалпақстан және Ташкент қаласынан аймақтық басқыштарда жеңімпаз атанған 42 қыз-келіншек байқаудың аумақтық басқыштарына қатысады. Олар 3 аталым бойынша белдеседі, өздерінің нәтижелері мен жетістіктерін қазылар алқасына ұсынады. Байқаудың қорытындыларына орай, бірінші орындарды иемденген 9 іскер әйел естелік сыйлықтарымен марапатталады.