November 17, 2023

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ  

Үстіміздегі жылдың ноябрь айы басында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Норбоева Корея-Өзбекстан бизнес ассоциациясы төрағасының бірінші орынбасары Ким Чанг Кеонды қабылдады.

Екі ел арасында соңғы жылдары экономикалық алмасу мен инвестициялық қызмет дамып, ынтымақтас­тық жаңа басқышқа көтерілуде. Кореядан Өзбекстанға инвестициялардың көлемі 7 миллиард доллардан артып, елімізде мыңға жуық біріккен кәсіпорын жұмыс жүргізіп жат­қанын атап өткен орынды.

Әсіресе, ынтымақтастықта жүзеге асырылған жаңа жобалар Корея мен Өзбекстан үшін тең мүдделі саналады.

Сұхбат барысында екі жақ ең алдымен үстіміздегі жылдың сентябрь айында Сенат Төрайымы басшылығындағы делегацияның Оңтүстік Кореяға жасаған іссапары барысында қолжеткізген жетістіктерге назар аударды.

Соның ішінде өндіріс салаларына жаңа инвестиция жобаларын енгізу, қалдық полигондары негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешенін ынтымақтастықта жасау, көлік-логистика саласында біріккен кәсіпорындар жұмысын жолға қою, қыз-келіншектердің білім алуын қолдап-қуаттау сынды бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар тараптар инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, Корея Республикасының жетекші компанияларын Өзбекстанға жұмылдыру бойынша пікір алысты.

Ким Чанг Кеонның айтуынша, Оңтүстік Корея іскерлері Өзбекстан­ға инвестиция кіргізуге мүдделі. Мұнда шағын және орта бизнесті дамыту, елімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін Кореядан тыс Жапония мен Қытайға экспорттауды жолға қоюда мемлекет үлкен мүмкіндіктерге ие екені айтылды.

Шынайы және іс жүзіндік рухта өткен сұхбат барысында тараптар өзара тиімді салалардағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қарқынды жүзеге асыруға келісті.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ СЕНАТОРЛАР БАҚЫЛАУЫНДА

Олий Мажлис Сенатының өкілдері аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасының орындалуымен, күз-қыс маусымына дайындық үдерісімен жақыннан танысу мақсатында тікелей тұрғындармен тұрақты түрде сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастыруда.

Жуырда Сенаттың Сот-құқық мәселелері және жем­қорлыққа қарсы күрес комитетінің төрағасы Наримон Умаров Шайхантахур ауданындағы күз-қыс маусымына дайындық жасау бойынша жүзеге асырылып жатқан істермен танысты.

Танысу барысында сенатор аудандағы “Илғор” махалла азаматтар жиынында болып, жергілікті тұрғындармен сұхбат құрды.

Кездесуде белсенділер соңғы уақыттарда осы махалланы электрмен қамтуда үзілістердің жиі болатыны, егер бұл жағдай жалғасатын болса, күн суығанда махалла тұрғындары арасында, әсіресе қарттар мен жас баласы бар отбасыларда қиындықтар туындайтынын айтып өтті.

Содан соң жағдайға байланысты жауапты ұйым өкілдерінің түсініктемелері тыңдалды. Шайхантахур ауданының электрмен қамту кәсіпорнының басшысы атап өткендей, соңғы кездері “Илғор”, “Тинчлик”, “Жарариқ” және “Кукча” махалла азаматтар жиындарында электр қуатының жиі үзілуі аумақтан өткен жоғары вольтты кабель желілерінің ескіруіне, сондай-ақ мұндағы трансформатор пункттерінің кабельдері үзілуінің нәтижесінде қазірде жарамсыз болуымен түсіндірілді.

Сенатор анықталған кемшіліктерді жою бойынша жедел нақты іс-шаралар белгілеу қажеттігін айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар бұл жағдайда бақылауға алынатын болды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.