November 8, 2023

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ: ҚАУІПСІЗДІК, РЕФОРМА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК  

Жолдардағықозғалысқауіпсіздігінқамтамасызету, жолқозғалысынақатысушылардытүрліапаттарданқорғау, олардыңдіттегенжерінеаман-есенжетуінқамтамасызетутекбіздіңеліміздеғанаемес, дүниежүзілікауқымдаөзектімәселеболыптұр. Сондықтан оған байыппен қарап, бүгінде елімізде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Біріншіден, қоғамдық көлікті дамыту мақсатында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, автобус қызметін жақсарту тұрғысында 2022-2023 жылдары астанамызға орташа сыйымдылықтағы 200, үлкен сыйымдылықтағы 190 автобус, 20 заманауи электрлі автобус сатып алынды. Нәтижесінде 2022 жылмен салыс­тыр­ғанда қоғамдық көлік қоз­ғалысының саны 31 пайызға, автобустардың күнделікті қатынауы 69 пайызға артты.

Осы тұста айта кететін жайт, қазіргі таңда көлік кептелісі жиілеп кетті. Сондықтан екі-үш жыл бұрынғымен салыстырғанда азаматтар жолға екі есе көп уақыт жұмсайды. Кейде кептелісте көлік ағынының орташа жылдамдығы сағатына 7 шақырымды құрайтын жағдайлар болады.

Осыған байланысты орын алған мәселені жою мақсатында ағымдағы жылы Ташкент қаласы бойынша автобустар үшін 186,6 шақырым арнайы жолақтар бөлінді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 48,2 шақырымды құрап отыр. Бұл өз кезегінде автобустардың тұрақты және бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді.

Ташкент метрополитенін дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын айта кету керек. Атап айт­қанда, 2016 жылы мемлекет басшысы метро құрылысын жалғастыруға бағытталған бірқатар қаулылар­ға қол қойды. Осы құжаттарды ресімдеу аясында Юнусабад метро желісінің 2,9 шақырым қашықтықтағы “Түркістан” және “Юнус­абад” станциялары салынды. 2020 жылдың декабрь айында 7 шақырым қашықтықтағы жаңа “Сіргелі” метро желісінің 5 станция­сы салынып, пайдалануға берілді.

Бұл ретте өткен кезеңде 15 жаңа метро пойызы сатып алынып, ескі вагондар жаңартылды. 2024 жылы қосымша 40 жаңа метро пойызын сатып алу жоспарлануда.

Елімізде қарттарға жан-жақты қамқорлық көрсетуге, оларды қолдап-қуаттауға, әлеуметтік қорғауды күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан биыл­дың 1 апрелінен бастап зейнет жасындағы азамат­тар­ға метрополитен қызметі тегін көрсетілуде.

Тағы бір мәселе — жол қоз­ғалысына қатысушылардың, яғни жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі. Сондықтан бұл тұрғыда нақты іс-шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, Президенттің 2022 жылғы 12 июльдегі “Қауіпсіз және даңғыл жол” жалпыұлт­тық бағдарламасы аясында 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жаңа жол белгілері орнатылып, жарамсыз болып қал­ғандары жөнделді. Мектептердің алдына жылдамдықты шектейтін жол белгілері орнатылып, жаңа бағдаршамдар қойылды, ескіргендері қайта жаңғыртылды. Жаяу жүргіншілер бағдаршамдары орнатылып, ескілері қайта жаңғыртылды. Жол сызығы тартылып, жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар салынды.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Ташкент қаласының 12 ауданында “Назар аударыңыз, жаяу жүргінші” профилактикалық іс-шарасы өтеуде. Ол жаяу жүргіншілермен жол қоз­ғалысы ережелерін сақтау туралы профилактикалық сұхбат жүргізуге және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға қызмет етеді.

Жасыратыны жоқ, көптеген апаттардың алдын алуда жол инфрақұрылымы маңызды рөл атқарады. Сондықтан қазір жол инфрақұрылымын кешенді жақсартуға үлкен көңіл бөлінуде. Оны дамытудың маңызды бағыты жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу екені сөзсіз. Яғни жылдамдық пен қозғалыс­ты реттеу жүйелерін енгізу, бейнебақылау орнату, жолақы төлеудің электронды жүйесін дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыратын басқа да шешімдерді табу — бар проблемаларды жоюдың басты фокторы.

Әрине, жүйеде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бұл іс-шаралардың барлығы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысына қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Олар жолдардағы апаттардың, жарақаттардың алдын алуға және адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі.

Қойылған мақсаттарға жету үшін өзара ынтымақтастық маңызды және қажет. Өйткені жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын дамыту саласындағы жағдайды жақсарту мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, басқа да мүдделі тұлғалардың бірлескен іс-әрекетті талап ететін үздіксіз, сондай-ақ көпқырлы үдеріс.

К.ТОЖИЕВ,

Олий Мажлис Заң шығару палатасының Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитеті төрағасының орынбасары.