ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШЫҰ АЯСЫНДАҒЫ КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МЕН НЫҒАЙТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен 4 июль күні бейнеконференция форматында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Үндістан тарапының төрағалығында өткен шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбоз Шариф, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон және Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Минь және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің директоры Руслан Мирзаев та қатысты.
Саммитке Бақылаушы елдер басшылары мен құрметті қонақтар ретінде Ислам Республикасының Президенті Иброхим Раисий, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Моңғолия Президенті Хурэлсух Ухнаагийн, Түркіменстан Президенті Сердар Бердимухамедов және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алысылды, көпқырлы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болашағы талқыланды.
Өзбекстан басшысы өз сөзінде халықаралық қатынастар жүйесінде іргелі өзгерістер — геосаяси шиеленістің күшейіп, қақтығыстардың ушығуы, жаһандық тұрақтылық пен дәйекті дамуға жаңа қауіп-қатердің туындап жатқанын, экология, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік саласындағы қауіптердің артып келе жатқанын атап өтті.
— Осыған байланысты сындарлы және сенімге негізделген диалогты жолға қоюға шұғыл қажеттілік бар екені анық, — деді еліміз жетекшісі.
Өзбекстан Біріккен Ұлттар Ұйымының даулар мен қақтығыстарды шешудегі, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді іздеудегі және келісімге келудегі қаулылар қабылдауда орталық жағдайына қатысты принциптік ұстанымды ұстанатыны атап өтілді.
ШЫҰ қызметі туралы айта келе, Өзбекстан Президенті бұл ұйымның жетістігі оның негізгі қағидаттарын қатаң ұстануға негізделгеніне назар аударды. Бұлар — ұйымның блоктан тыс мәртебесі, ашықтыққа қатаң адалдық, теңдік және консенсус негізінде қаулы қабылдау принциптері.
— Ең бастысы, біздің ынтымақтастығымыз түрлі мүдделерді, көзқарастарды және мәдени айырмашылықтарды өзара құрметтеуге және сындарлы қабылдауға негізделген, — деді мемлекетіміз басшысы.
ШЫҰ-ның аймақтың күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті мәселелерді шешудегі тиімді халықаралық құрылым ретіндегі жетекші рөлін сақтау мақсатында қабылданған келісімдер мен қаулыларға түгендеу жүргізу, қалыптасқан институттар мен ынтымақтастық механизмдерінің қызметіне аудит жүргізу, ұйымды жаңғырту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыруды жеделдету ұсынылды. Сараптамалық форум аясында ШЫҰ болашақтарына арналған бірлескен зерттеу жобасын іске асыру қажеттілігі атап өтілді.
Саммиттің күн тәртібінің қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде нақты ұсыныстар айтты.
Атап айтқанда, мемлекетіміз басшысы көпжақты саяси құжат — ШЫҰ-ның тату көршілік, сенім және трансшекаралық серіктестік кодексін әзірлеу туралы бастама көтерді.
— Оны қабылдау басымдықтарды анықтауға, жаңа жағдайларда көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша жалпы тәсілдер мен кешенді іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді, — деді Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан басшысы ШЫҰ елдерінің зор зияткерлік әлеуеті, бай энергетикалық және аграрлық ресурстары бар екенін, бұл ретте өнеркәсіптік және инновациялық даму көрсеткіштері бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті.
— Бүгінде ішкі аймақтық сауда мен өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты дамыту үшін ортақ кеңістікті қалыптастыру жөніндегі бастама бұрынғыдан да өзекті, — деді Өзбекстан басшысы.
Бұл тұрғыда Президентіміз инновациялық даму, цифрландыру және роботтандыру, жасанды интеллект, биотехнология, фармацевтика және болашақ өнеркәсібінің басқа да салаларын қамтитын ШЫҰ-ның жаңа экономикалық диалог бағдарламасын қабылдауды ұсынды.
Осы салалардағы жобаларды ілгерілету мақсатында мемлекетіміз басшысы Өзбекстанда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер аумақтарының инновациялық серіктестігі апталығын, сондай-ақ жоғары технологиялардың бірлескен көрмесін өткізуді ұсынды.
Көлік және коммуникация мәселелеріне қатысты Өзбекстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көліктік өзара іс-қимылының бірыңғай картасын әзірлеу туралы бастама көтерді.
— Бұл “кедергілер” мен “олқылықтарды” анықтауға, ортақ, интеграцияланған көлік-транзит жүйесін қалыптастыру бойынша маңызды шаралар мен жобаларды белгілеуге мүмкіндік береді, — деді Шавкат Мирзияев.
ШЫҰ кеңістігінде келесі жылды Экология жылы деп жариялауды қолдап-қуаттау үшін еліміз басшысы “Жасыл белбеу” бағдарламасы шеңберінде Аймақтық экологиялық жобаларды қолдау және “жасыл” технологияларды енгізу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын дайындауды ұсынды.
— ШЫҰ кеңістігінде климаттың өзгеруіне бейімделу, декарбонизациялау және “таза” технологияларды енгізу, “ақылды” ауыл шаруашылығы мен су үнемдеуді дамыту бойынша жақынырақ үйлестіру және іс жүзіндік ынтымақтастық қажет, — деді мемлекетіміз басшысы.
Өзбекстан Президенті ағымдағы жылдың октябрь айында Самарқанттағы “Жібек жолы” халықаралық университетінің негізінде Дүниежүзілік туристік ұйым Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы шеңберінде ШЫҰ туризм өнеркәсібін дамыту бойынша бірлескен ғылыми-іс жүзіндік конференция өткізуге дайын екенін білдірді.
Мемлекетіміз басшысы ШЫҰ-ның бай мәдени-гуманитарлық әлеуетін толық іске асыру мақсатында үйлестірілген саясатты іске асырудың өзекті маңыздылығына ерекше назар аударды. Осыған байланысты жыл сайынғы қарқынды мәдени алмасу күнтізбесін қалыптастыруды іске асыру және “ШЫҰ — болашақтың шығармашылық идеялары мен бастамаларының кеңістігі” жастар алмасуын кеңейту жөніндегі Шаралар бағдарламасын дайындау ұсынылды.
ШЫҰ-ның Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының қызметін жандандыру жөніндегі іс-әрекетті атап өтіп, еліміз басшысы құрылым кеңесінің көшпелі отырыстарының практикасын жалғастыруды қолдап-қуаттады, бұл құрылымға қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жедел жауап беру мәселелерінде өз өкілеттерін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Тағы бір маңызды мәселе — Ауғанстанда жалғасып жатқан күрделі жағдайға тоқталды.
Президентіміз Ауғанстанның тікелей көршілері болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының мемлекеттері ұзақ мерзімді саяси шешім іздеуге басқаларға қарағанда көбірек мүдделі екенін атап өтті.
Осыған байланысты “ШЫҰ — Ауғанстан” байланысу тобы форматында бірлескен қызмет пен кеңесулерді қайта бастау ұсынылды.
Шара қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары келесі құжаттарға қол қойды:
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің Нью-Дели декларациясы;
- ШЫҰ аймағында 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын бекіту туралы қаулы;
- Иран Ислам Республикасының ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы қаулы;
- Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу жөніндегі міндеттемелері туралы меморандумына қол қою туралы қаулы.
Бұдан басқа, экономикалық ынтымақтастықты және цифрлық трансформацияны одан әрі дамытуға, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған 10 құжат қабылданды.