July 15, 2023

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАНҒАН ПРЕЗИДЕНТІ ӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі суреті.

14 июль күні Ташкентте, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасының және Сенатының бірлескен отырысында Өзбекстан Республикасының сайланған Президентінің өз қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті.

Оған депутаттар мен сенаторлар, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, дипломатиялық корпус пен жұртшылық өкілдері, жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы З.Низомхужаев рәсімді ашып, Президенттік сайлау жаңартылған Конституциялар мен демократиялық қағидаттар негізінде, саяси белсенділік жағдайында өткенін атап өтті. Кәсіпкерлер және іскерлер қозғалысы — Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан үміткер Шавкат Миромонович Мирзияев сайлаушылардың 87,05 пайыз дауысын жинап, Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайланғанын атап өтті. Осыған орай Шавкат Мирзияевты қызу құттықтап, Өзбекстан Республикасы Президентінің куәлігін табыс етті.

Еліміздің Конституциясына сәйкес, Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқына адал қызмет етуге, республиканың Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік беруге, Өзбекстан Республикасының Президентіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант берді.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсімде сөз сөйледі.

— Бүгін мен желкеме қандай үлкен жауапкершілік жүктейтінімді, Отанымыздың тәуелсіздігі, 36 миллионнан астам халқымыздың тыныштығы мен әл-ауқаты үшін жеке өзім жауапты екенімді шын жүректен сезініп тұрмын. Осындай жоғары сенім, құрмет пен назар үшін мен көпұлтты, батыл және данышпан халқымызға перзенттік сүйіспеншілікпен және адалдықпен тағзым етемін, — деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан жаңа дәуірге аяқ басқаны, бұл саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық салалардағы түбегейлі бетбұрыс және орасан зор өзгерістер кезеңі болатыны атап өтілді. Ол үшін жаңа идеялармен және бастамалармен, бұрынғыдан да үлкен күш-жігермен жұмыс істеу керек.

Әлемдегі қақтығыстар экономика үшін қиындықтар туғызуда. Климаттың өзгеруі, табиғи ресурстар және су ресурстарының барған сайын тапшыл болуы да тұрақты дамуға кері әсер етеді. Осындай күрделі және қауіпті жағдайда біздің халқымыздың мүддесіне сай келетін жалғыз дұрыс жолды — тиімді ішкі және сыртқы саясат жолын нақты анықтап, оны мүлтіксіз іске асыру қажеттігі атап өтілді.

Осыған байланысты Президент алдағы жеті жылға арналған стратегиялық мақсаттарды атап өтті. Қысқаша айтқанда, олар — заңнамалық және атқарушы билікті жетілдіру, ықшам және тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру, әлеуметтік сала мен қызметтерді дамыту, кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктерді кеңейту, жұмыс орындары мен халықтың табысын ұлғайту.

Экономика саласында “жасыл экономика”, “жасыл энергетика” қағидаттары кеңінен енгізілуде. Инвестициялардың тартымдылығы артады. Сала дамитын болады. 2030 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өнімінің көлемін 160 миллиард долларға дейін жеткізу көзделген.

Мемлекетіміз басшысы өз сөзінде жастарға арнайы үндеу тастады.

— Құрметті ұл-қыздарым, бүгінде тарихтың өзі, заманның өзі сендерге шексіз мүмкіндіктер ашып жатыр. Сендер Өзбекстан тарихына алтын әріптермен жазылатын ұлы істерді жүзеге асыра аласыңдар, — деді Шавкат Мирзияев.

— Өзбекстанның ең үлкен күші — оның тату отбасы ретінде өмір сүріп келе жатқан көпұлтты халқы және еліміз бұдан кейін де шынайы адамгершілік пен бауырмалдық елі болатыны атап өтілді.

Терең ойластырылған сыртқы саясат пен экономикалық дипломатия бойынша іс-шаралар дәйекті түрде жалғасатын болады. Ең алдымен, аймағымыз елдерімен, ынтымақтас елдермен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі. Экология мен қоршаған әлемді сақтау, су тапшылығының алдын алу да өзекті міндет болады.

Президент халқымыздың дүниетанымының жоғарылығы, адамдар үлкен мақсаттарға ұмтылып, ертеңгі күнге сеніммен өмір сүріп келе жатқанын атап өтті.

Өзін өзгерте алатын халық өмірді, әлеуметтік ортаны өзгерте алады, өзінің мақсат-мұратына сөзсіз жетеді.

— Міне осындай ұлы сеніммен жасап жатқан халыққа көшбасшы болып, оны жарқын болашаққа бағыттау бұл үлкен бақыт, үлкен мәртебе.

Өмірімнің мәніне айналған ұлы мақсат — жаңа Өзбекстанды, Үшінші Ренессанс іргетасын қалау жолында сіздермен, бүкіл халқымызбен бірге тынымсыз жұмыс істеуге, барлық күш-қуатымды, білімім мен әлеуетімді, жұмылдыруға дайынмын, — деді Шавкат Мирзияев.

Еліміздің әнұраны шырқалды.

Сонымен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы мен Сенатының бірлескен жиналысы аяқталды.

ӨзА