September 3, 2023

УАҚЫТТЫ — МҮМКІНДІККЕ, МҮМКІНДІКТІ — ЖЕТІСТІККЕ, ЖЕТІСТІКТІ ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛДЫРА БІЛГЕН ХАЛЫҚ — ҰЛЫ ХАЛЫҚ

Ташкент қаласында 31 август күні Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің отыз екі жылдығы кеңінен атап өтілді.

Мерекеге Президент Шавкат Мирзияев қатысып, халқымызды осы ұлы күнмен құттықтады.

Мемлекет басшысы өткен кезеңде Өзбекстан түрлі сынақтарда шыңдалып, тәжірибе жинақтағанын, өзінің нақты мақсатымен және жолымен, ұстанымымен ірі мемлекет ретінде қалыптасқанын атап өтті.

— Сіздердің, ғазиздердің Отанға деген мейірім және адалдықпен еткен күнделікті қажырлы еңбегіңіз Өзбекстан тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға қызмет етуде. Бұл тұрғыда тәуелсіздік мерекесі — бәріміздің мерекеміз, тәуелсіз Өзбекстан — бәріміздің мақтанышымыз, мерейіміз, десек шындықты айтқан боламыз, — деді Шавкат Мирзияев.

Әрине, халқымызға тәуелсіздікке, бүгінгі өркендеуге қол жеткізу оңай болған жоқ. Бұл жолда ата-бабаларымыздың саяси және ағартушылық ұмтылыстары соңғы бір жарым ғасырда іс жүзінде тоқтаған жоқ. Тәуелсіздікке ұмтылған ұлт батырлары қысым мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Еліміз тәуелсіздігінің арқасында олардың пәк есімдері тіктелуде.

Отаршыл жүйе кезеңінде халқымыздың жері, күші, әлеуеті тек ауыл шаруашылығына бағытталды. “Өзбек” дегенде ертелі-кеш мақта алқабында жұмыс істейтін еңбекқор адамдар түсінілді. Мақта саясаты Аралды сарқып, экологиямызды дағдарысқа алып келді, экономикамызды, білім беру жүйесін құлдыратты.

Бүгінгі таңда мақта шаруашылығына базар экономикасы қағидаттары енгізіліп, мәжбүрлі еңбек пен балалар еңбегі жойылды. Мұғалім мектепке, дәрігер ауруханаға оралды. Өзбекстан халықаралық “қара тізімдерден” шығарылды.

Саяси тәуелсіздіктің астарында ең алдымен, экономикалық тәуелсіздік жататыны ешкімге сыр емес. Қажырлы еңбектің арқасында бұл негіз нығайып келеді. Бұған соңғы 6 жылда еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1,5 еседен астам­ға, шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2 есеге ұлғайғаны, өнеркәсіптегі өсім 40 пайыздан астамға артқаны дәлел.

— Бірақ біз бүгінмен кешегі күнді емес, бүгінмен ертеңгі күнді салыстырып, осыған сүйене отырып жұмысымызды ұйымдастыруымыз керек. Өйткені болашақ бүгінгі қадамдарымыздан басталады, — деді Президент.

Еліміз дамуының негізі білім беру болып табылатыны және осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстар атап өтілді.

— Егер біз 3 мың жылдық тарихымызды қарастыратын болсақ, онда ата-бабаларымыз ғасырлар бойы әлемдік өркениетке тек физиологиялық қана емес, зияткерлік еңбегімен де зор үлес қосқанына куә боламыз. Біз әлем үшін шикізат қана емес, ең алдымен ғылымды, рухани байлықты әкелген ұлы адамдардың ұрпағымыз. Оларға тән ұлы қасиеттер, олар жасаған даңқты дәстүрлер әлі күнге дейін біздің жүрегімізде, санамызда, өмірімізде өмір сүретіні сөзсіз. Біз осы тарихи жолды абыроймен жалғастыра аламыз деп сенемін, — деп атап өтті Шавкат Мирзияев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің алдында тұрған маңызды мәселелерге жұртшылықтың назарын аударды. Экологияны сақтау, суды, энергияны және басқа да табиғи ресурстарды үнемдейтін экономикаға тезірек көшу, инновациялық өндірістік кәсіпорындар салу міндеті өзекті екендігі атап өтілді.

— Біз табиғи ресурстар — бұл біздің болашақ ұрпақтарымызға да қатысты игілік екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Сондықтан оларды бүгінгі күн туралы ғана емес, ертеңгі күн туралы да ойлана отырып, ақылмен пайдалануымыз өте маңызды, — деді еліміздің басшысы.

Тағы бір маңызды міндет — қоғамдық өмірдің барлық салаларында әйелдер үшін тең мүмкіндіктер жасау екендігі атап өтілді. Бұл туралы айта отырып, Президент біздің ағартушы атамыз Абдурауф Фитраттың “әйелдер — ұлттың анасы” деген сөздерін мәңгі қалдырды.

Соңғы жылдары адамзат ерік-жігері күшті және біріккен ұлттардың тұрақты дамитыны назар аударатын ауыр сынақтарға тап болды.

Өзбекстанның әрбір перзенті халқымыздың бірлігі, елдің тұтастығы үшін күресіп, өз өмірінің мәні деп санауы керек! Біз бір болсақ — бірігей халықпыз, біріксек — Отанбыз, — деді Президент.

— Біздің халқымыздың әрқашан бейбітшілікті жақтағаны, алыс және жақын елдермен достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңызды екені атап өтілді.

Біздің алдымызда тұрған міндеттер қаншалықты үлкен және күрделі болса да, біздің ел оларды бірлесіп шеше алатындығы айтылды.

— Тарихтан белгілі: уақытты — мүмкіндікке, мүмкіндікті — жетістікке, жетістікті өркендеу­дің негізіне айналдыра алған халық — ұлы халық. Бүгінде біздің еңбекқор, батыл, мейір-шапағатты еліміз дәл осындайхалық болып алаңға шығуда, — деді мемлекетіміз басшысы.

Президентіміз осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген отандастарымызға және барша халқымызға алғысын білдірді.

Барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің жасаушысы және жасампазы болған халқымыз аман болсын! Бейбітшілік пен тыныштық біздің әдемі жерімізде сақталсын! Сүйікті Отанымызға көз тимесін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, — деп сөзін аяқтады Президент.

Мереке үлкен концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда біздің азаттықты сүйетін ата-бабаларымыздың арманы, бүгінгі азаттық-шаттығы, халқымыздың болашаққа деген сенімі мен үміті көрсетілді. Еліміздің бейбітшілігі жолында қаза тапқан ержүрек ұлдарды еске алды. Классикалық әндердегі, халқымыздың бай өнері мен құндылықтары, сондай-ақ фольклорлық және этнографиялық ұжымдардың қойылымдарында Өзбекстан әртүрлі мәдениеттерді біріктірген мекен екені көрсетілді.

Салтанатты шара теледидар мен интернеттен тікелей көрсетілді.

Отанымыз тәуелсіздігінің отыз екі жылдық мерекелік шаралары еліміздің барлық аумағында жалғасуда.

ӨзА