November 17, 2023

СТУДЕНТТЕР ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ  

Бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы елдері білімді де әлеуетті жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуде. Бұл бекер емес. Өйткені әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар барысында кез келген елге әлемдік стандарт деңгейіндегі білімді, парасатты, жан-жақты дамыған ұлттық кадрлар қажет.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, олардың теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіру, оқу және басқа да күнделікті шығындарды жабу үшін жұмыспен қамтамасыз ету қажеттілігі сезіледі. 2022 жылғы 4 мартта мемлекет басшысының төрағалығымен өткен жоғары оқу орындары студенттерінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің басым міндеттеріне арнал­ған бейнеселектор жиналысында, қоғам мен білім саласындағы өте өзекті мәселелерге назар аударылған болатын. Әсіресе, оларға сапалы білім беру, тұрмысын жақсарту, ең бас­тысы, жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, жұмыс табуын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді.

2023 жылдың 3 ноябрінде Науаи облысының Әйелдер кәсіпкерлік орталығында Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының “Орыс және қазақ филологиясы” факультетінің студенттеріне арналған насихаттау шарасы өтті. Шара барысында студент қыздар өздері таңдаған мамандық бойынша қалай тегін оқуға болатыны және түрлі салада, өндірістік кәсіпорындарда қалай білім алып, жұмыс істеу керектігі туралы толыққанды ақпарат алды.

Перизат МЫҢТАЕВА,

Науаи қаласы.