СПОРТ — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ КЕПІЛІ
Спорт — елді әлемге тез танытатын сала. Спорт ұлт пен нәсілді таңдамайды, ол барлығын айналасына біріктіреді. Спорт халықтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, дені сау ұрпақ тәрбиелеудің басты критерийлерінің бірі болып саналады.
Соңғы жылдары елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту, cоның ішінде ауылдық және шалғай елді мекендердегі спорт нысандарының санын арттыру, балалар мен жастар арасында спортты кеңінен насихаттау бағытында дәйекті реформалар жүзеге асырылуда.
Әсіресе, соңғы жеті жылда елімізде спорт саласына ерекше көңіл бөліпіп, балалар спортын дамытуға, жас ұрпақтың спортпен жүйелі айналысуына кең мүмкіндіктер жасалуда. Өйткені жастардың денсаулығы, ең алдымен, олардың спортпен шұғылдануына байланысты.
Өткен кезеңде жаңа балалар спорт нысандары салынып, балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Әлем, облыс чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Мысалы, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода, 2018 жылы Жакартада, 2021 жылы Парижде, Қытайда өткен Олимпиада және Паралимпиада ойындарында, соның ішінде жазғы және Азия ойындарында спортшыларымыз бокс, күрес, көркем гимнастика, каратэ, шахмат, пара каноэ, пара дзюдо, жеңіл атлетика және ауыр атлетикадан жеңімпаз атанып, туымызды желбіретіп келеді.
Ұлттық құрама команда мүшелері 50 халықаралық турнирлер мен жарыстарға, 49 әлем және 26 Азия чемпионаттарына қатысып, барлығы 598 (193 алтын, 161 күміс, 244 қола) медаль жеңіп алды.
2022 жылы республикада 10-нан астам беделді халықаралық спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар елімізде олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне кірмейтін шахмат спорты дамып, кеңінен өріс алуда. Осы талпыныстар арқылы еліміздің өкілдері халықаралық беделді чемпионаттарда жетекші орындарды иеленіп жүргені көңілге қонымды.
Атап айтсақ, еліміздегі спорт саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде Үндістанның Ченнай қаласында өткен 44 шахмат олимпиадасында Өзбекстанның шахмат құрама командасы тарихи бірінші орынды иеленді.
Өзбекстандық шахматшы Нодирбек Абдусаттаров 2021 жылы 26-28 декабрьде Варшавада өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жетті. Ол чемпионатқа барар жолда М.Карлсенді, Ян Непомняшийді, Ф.Каруананы, Л.Аронянды және турнирдің басқа да фавориттерін жеңді. Ал 2022 жылғы әлем чемпионатында шахматшыларымыз екінші орын алды.
Өзбекстан бүгінде бокс, шахмат, дзюдо, күрес, ауыр атлетика және жеңіл атлетика, тағы басқа да спорт түрлері бойынша әлемде алдыңғы қатардағы елдердің біріне айналды. Әсіресе, елімізде бұл спорт түрлеріне қызығушылық артты. Салаға жоғары көңіл бөлудің арқасында спортшыларымыз халықаралық жарыстарда биіктерден көрініп, еліміздің туын биіктен желбіретіп жүр.
Әрине, мұндай нәтижелер өздігінен бола бермейді. Бұл елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытуға мемлекеттік саясат деңгейінде үлкен көңіл бөлініп отырғанының жемісі. Осы орайда атқарылатын жұмыстардың ауқымын кеңейту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын жастарды қамтуды кеңейту мақсатында “Өзбекстан — 2030” стратегиясында бірінші кезектегі міндет ретінде белгіленгенін айта кеткен жөн.
Бұл бағдарламалық құжатта бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жастарды қамтуды 8 миллионнан асыру, халықтың спортпен айналысу үлесін 36 пайызға дейін арттыру, дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін кемінде 5 мың махаллада спорт алаңдарын құру мәселелері қарастырылған. Елімізде спортты кеңінен насихаттаумен қатар спортта көптеген жаңа таланттарды ашуға мол мүмкіндіктер бар.
Бір сөзбен айтқанда, елімізде дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, халық арасында, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға қажетті жағдай жасау бағытында белгілі жұмыстар атқарылуда. Осының барлығы жас ұрпақтың дені сау болып, жан-жақты қалыптасуына, жастар мен балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға қызмет етеді.