МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР АШЫЛУДА
Жазғы демалысын қызықты өткізген оқушылар үшін жаңа оқу жылы басталды. Бүгін өмірге үлкен үмітпен қараған кішкентай жүректер қолына гүл ұстап қобалжумен сүйікті білім мекеніне асықты. Оқушылардың қуанышы көздерінен сондай көрініп тұр.
Мемлекет басшысының жарлығы негізінде Президент жанындағы білім беру ұйымдары агенттігі жүйесінде 193 мамандандырылған мектеп пен мектеп-интернат құрылды. Сол мектептердің құрылуындағы мақсат — балалардың дарыны мен қабілетін ескере отырып, оларға заманалық білім беру технологиялары арқылы сабақ өтіп, анық пәндер, сондай-ақ шет тілін меңгеріп, келешекте елімізге пайдасы тиетін маман даярлау.
Жуырда Президент білім беру мекемелері агенттігі жүйесіндегі Бостандық аудандық мамандандырылған мектеп ғимараты пайдалануға тапсырылды.
Аталмыш мекеменің ашылу рәсіміне аудан әкімі Ж.Ахмедов басшылығындағы сектор басшылары қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады, сондай-ақ еліміз басшысы тарапынан білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан кең көлемді реформалар, бұл ретте жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Мектепте зертхана, спортзал, тамақтану орындары, сабақ өтетін бөлмелер балаларға қолайлы, заманауи технологиялармен жиЅаздалған. Ал информатика сабағы үшін арнайы соңғы үлгідегі компьютерлер қойылған. Мұнда балалардан тек оқып, білім алу ғана талап етіледі.
Мамандандырылған мектептерде STEAM пәндері тереңдетіліп оқытылады, соның ішінде математика, информатика, физика, химия, биология және шет тілдері. Сыныптардағы оқушылар саны 20 (басқа мектептерде 35). Жеке жұмыс үшін жағдай жасалған. Шеберлік сабақтары академиктердің, профессорлардың, отандық және шетелдік жаттықтырушылар мен халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздарының қатысуымен ұйымдастырылуымен басқа мектептерден ерекшеленеді.
Мамандандырылған мектептерде оқушыларды шет тілін білуін растайтын ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған сертификаттар алуға дайындайды.
Мектептерге заманауи білім беру бағдарламалары мен заманауи ақпараттық-педагогикалық технологиялар кеңінен енгізілуде.
Мәлімет орнында, аудандағы 58 жалпы орта білім беретін мектепте 27 мың 703 оқушы “Алғашқы қоңырау” шарасымен сабақтарын бастады. Содан 2 мың 804 бала 1-сыныпқа қадам қойды. Олар 12 түрдегі оқу құралдарынан, мектеп сөмкесімен, оқулықтар жинағынан құралған Президент сыйлықтарын қабылдап, көңілдерінде шексіз қуаныш, ертеңгі күнге жарық үміт пен сенімі нығая түсті.
Болашақ үшін жасалған барлық жағдай мен қолайлылық балалардың сапалы білім алып, келешекте білікті маман болып, еліміздің даңқын биіктерге көтеруге қызмет етеді.