БІЗ ӘДІЛ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ
“Адолат” социал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне үміткер Робахон Махмудованың сайлауалды бағдарламасында тоғыз жүмыс бағыты айқындалған. Бүл бағыттарда “Адолат” социал-демократиялық партиясының бағдарламаларына сәйкес демократиялық, қүқықтық, әлеуметтік мемлекет және баршаға әл-ауқатты әділ азаматтық қоғам қүру мақсаты көрсетілген. Мақсатқа апаратын жол қандай? Олар қоғамымызда қандай жаңалықтар мен өзгерістерге жол ашады? Бүл мәселелер қазір білікті сарапшылар тарапынан жіті сарапталып, түрлі пікірлер айтылып жатыр. Төменде үміткердің сайлауалды бағдарламасына қатысты айтылған кейбір пікірлерді назарларыңызға үсынамыз.
— “Адолат” социал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне үміткер Робахон Махмудованың сайлауалды бағдарламасының төртінші бағыты денсаулық сақтау саласына арналған. Оның ішінде мемлекет есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектің тізбесін жақсартуға, әлеуметтік дәріханаларды дамытуға, ауыр кеселдіктерді мемлекет тарапынан емдеуді кеңейтуге баса назар аударылады.
Бүл мәселелерге ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Өйткені азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің деңгейін көтеру маңызды. Өйткені медициналық қызмет дамымаса, бүл жүмыс мемлекет тарапынан жүргізілмесе, денсаулық сақтау жүйесінде түрлі асқынулар мен қиындықтар туындайды. Ауруларды емдеу сапасы да, азаматтардың медициналық жүйеге деген сенімі де төмендейді. Бүл ретте дәрі-дәрмек тізбесін жақсарту туралы да осыны айтуға болады.
Назар аударыңыздар, дәрі-дәрмектің барлық түрі елімізге еніп жатқанда, бүл дәрілердің халықтың денсаулығын жақсартудың орнына зиянды жақтары болса, бүған кім жауапты? Сондықтан мемлекеттік медициналық үйымдардың қызметін жетілдіріп, мемлекет тарапынан қатаң бақыланатын дәрілік заттардың тізімін қалыптастыру өмірлік қажеттілік болып түр.
Бағдарламада беймемлекеттік медициналық үйымдарды коммерциялық үйымнан бейкоммерциялық үйымға көшіру мәселесі де көтерілді. Бүл жоғарыда аталған мәселені оң шешудің тағы бір тиімді жолы. Өйткені медициналық үйым толығымен коммерциялық үйымға айналғанда, ақшаның соңынан қуу басталады. Ақшаның соңына түсу денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды қиындатады, коммерциялық мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басым болуына әкеледі. Ол жүйеде әртүрлі аурулардың пайда болуына фактор жасайды. Сондықтан оларды бейкоммерциялық үйымға айналдыру қолайлы жол сияқты. Бүл тәжірибе Оңтүстік Корея мен басқа да бірқатар дамыған елдердің тәжірибесіне толық сәйкес келеді.
Бағдарламада ауыр кеселдіктерді мемлекет есебінен емдеуді кеңейту мәселесі де дүрыс айтылған деп есептеймін. Өйткені мүндай дерттен арылуға кез келген азаматтың, отбасының шамасы келмейді.
Сайлауалды бағдарламадағы фармацевтика мен медицина қызметкерлері арасындағы жасырын келісімдерден кейін науқастардың тым көп дәрі-дәрмекті сатып алуының әсері күшейіп, антибиотиктерді түтынуда Өзбекстан көш бастап түр деген пікірді ешкім де назардан тыс қалдырмайды. Өкінішке орай, мүндай келеңсіз жағдайлар біздің өмірімізде бар және оларды жою қажет. Өйткені осындай келісімдердің кесірінен азаматтардың қаржысы желге үшып жатыр, ең аяныштысы — азаматтарымыздың денсаулығына зиянын тигізуде. Сондықтан үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасында дәрілік заттардың бірыңғай электронды базасын одан әрі жетілдіру мәселесін көтеріп отыр. Ол осы арқылы дәрі-дәрмектің заңсыз айналымын, фармацевтика мен медицина қызметкерлерінің арасындағы жасырын келісімдерді, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіруді жоюға болады деп санайды.
Жалпы, денсаулық сақтау саласын әл-әуметті мемлекет қағидасына сәйкестендіру және “Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау кодексі” жобасын одан әрі жетілдіру мәселесі бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі ретінде белгіленген.
Үміткер бағдарламасындағы тағы бір маңызды мәселе — елімізде “ақылды медицина” жүйесін қалыптастырудың қүқықтық негіздерін әзірлеу және медицина саласына заманауи ақпараттық-коммуникация технологияларын кеңінен енгізумен байланысты.
— Жаңартылған Ата заңымыздың 52-бабында мемлекет үстаздардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғайтыны, олардың әлеуметтік және материалдық әл-ауқатына, кәсіби өсуіне қамқорлық жасайтыны белгіленген.
Осыны негізге ала отырып, “Адолат” СДП үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасында үстаз беделі — ең алдымен үлттың, бүкіл халықтың беделі екенін атап көрсетеді. Партия өз электоратының қомақты бөлігін қүрайтын педагогтардың ықпалын арттыруға, олардың жоғары мәртебесін орнықтыру арқылы қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған қүқықтық шараларды қабылдауды да жақтайды. Осы мақсатта оқытушы мәртебесіне байланысты заңның тез арада қабылдануы үміткердің бағдарламасында бірінші кезектегі мәселе ретінде танылды.
Ұлттық экономикамыздың түрақты өсуі ең алдымен заманауи озық технологияларды енгізуге байланысты екені белгілі. Заманауи озық технологияларды енгізу үшін білім, ғылым, инновацияны дамыту қажет. Сондықтан бағдарламада ғылым — білім — өндіріс жүйелерінің түтастық байланысын қамтамасыз ету мәселесі заманауи озық технологияларды қүрудың негізі ретінде айқындалған.
Бүгінде білім беру жүйесі мен ғылым, ғылым мен инновация арасындағы үздіксіз байланыстар мен ынтымақтастық күткендей нәтиже беріп жатыр деп айта алмаймыз. Сонымен қатар ғалымдардың ғылыми-инновациялық әзірлемелерін коммерцияландыру, яғни өндіріске тарту деңгейі жоғары емес. Яғни ғылыми жаңалықтар мен өнеркәсіп, өндіріс арасында алшақтық бар. Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды енгізуді жеделдету қажет.
Үміткердің осы деңгейді көтеруге арналған бағдарламасында тағы бір үрдіс — экономиканың нағыз драйвері — инженер, технолог, агроном-механик сияқты мамандардың қатарын көбейту, оларды қайта даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Бүл бекер емес. Өйткені бүл салалардағы озық ойлар, идеялар, өнертабыстар мен жаңалықтардың көпшілігі осы сала өкілдерінің қызметінің арқасында орын алуда.
Үміткердің бағдарламасында халықаралық білім беру бағдарламалары негізінде мектептегі білім беруді дәйекті реформалау үдерісі де басты назарда. Мүның себебі анық, өйткені ғылым мен инновациялық жаңалықтардың негізі ең алдымен мектептегі халыққа білім беру мен оқыту жүйесін жетілдіруден басталады. Яғни барлығы білім беру бағдарламаларынан басталады.
Президенттікке үміткердің сайлауалды бағдарламасында бүл бағыттағы басты мақсатты елімізде инновациялық дамуды жеделдету, экономиканың барлық салаларында инновациялар мен технологияларды кеңінен қолдану, адам капиталын, ғылым мен инновацияларды дамыту деп айқындап отыр. Еліміздің дамуына қызмет ететін осындай идеяларды қолдаймын.
— Елімізде әйелдердің қоғамдағы рөлі ерекше маңызға ие. Әйелдерге деген көзқарас белгілі бір уақытты ғана қажет ететін мәселе емес. Бүл үнемі жүйелілікті, үнемі назар аударуды және табандылықты қажет ететін мәселе. Өйткені кез келген қоғамның деңгейі әйелге деген көзқарасымен анықталады деген даналық бекер айтылмаған. Әйелдеріміздің отбасындағы орны теңдессіз. Дана әйелдер өздерінің сүйіспеншілігімен отбасындағы атмосфераны, сонымен қатар бүкіл қоғамдағы тепе-теңдікті сақтайды.
Үміткер бағдарламасында әділ қоғам мен қүқықтық мемлекет қүру үдерісінде әйелдер мен ерлердің тең қүқықтығын қамтамасыз ету, әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, олардың әр салада өз қабілеті мен мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасау, олардың қүқықтары мен заңды мүддесін сөзсіз қамтамасыз ету, қүжаттарды әзірлеу және жетілдіру олардың қызметінің басым бағыттары ретінде атап өтілді.
Сондай-ақ үміткер әйелдерді жүмыспен қамтуға қамтамасыз етуге, еңбек жағдайын жақсартуға, әсіресе ауылдағы әйелдерді отбасылық және жеке кәсіпкерлікке, қолөнермен айналысуға кеңінен тартуға баса назар аударғанын мойындаған жөн.
Ең бастысы, үміткер әйелдердің қоғамдағы белсенділігі мен рөлін одан әрі арттыра отырып, мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық деңгейіндегі әйелдер өкілдерінің санын арттыруды алдына мақсат етіп қойды.
Жаңартылған Ата заңымызда отбасы институтына ерекше мән берілгені белгілі. Атап айтқанда, отбасының қоғамның негізгі буыны және қоғам мен мемлекеттің қорғауында екендігі, мемлекеттің отбасының жан-жақты дамуы үшін әлеуметтік, экономикалық, қүқықтық және басқа да жағдайлар жасауы, ананың, әкенің және баланың мемлекет тарапынан қорғалатыны, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің отбасын қолдайтыны мен нығайтатыны және дәстүрлі отбасы қүндылықтарын қорғау мен сақтау бойынша шаралар қабылдау қажет екендігі қадап айтылған.
Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасында осы өмірлік маңызы бар конституциялық нормаларды негізге ала отырып, “Ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау туралы” заңды қабылдауды үсынып отыр.
Үміткер бағдарламасында репродуктивті денсаулық пен демографиялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында “Салауатты отбасы — салауатты қоғам — 2030” бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру жоспары ерекше атап өтілді. Расында, қоғамның сауығуы отбасынан басталады. Салауатты отбасы бірігіп, біртүтас салауатты қоғамды қүрайды. Меніңше, отбасының денсаулығы мен рухани денсаулығы туралы сөз қозғауымыз мәселенің өзектілігін одан сайын арттыра түседі. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, баршаңызды біздің үміткерді қолдауға шақырамын!