КЛИМАТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ — СОР-28 ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Ташкент қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша шеңберлі конвенциясы қатысушыларының 28-конференциясына (COP-28) арналған баспасөз шарасы өтті.
Шараны Біріккен Араб Әмірліктерінің Өзбекстан Республикасындағы елшілігі Экологияны, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі мен Ұлттық БАҚ-ты қолдап-қуаттау және дамыту қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырды.
Шараға БАӘ-нің Өзбекстандағы елшілігінің Дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Мухаммад Ал Захери, Экологияны, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрінің халықаралық байланыстар бойынша кеңесшісі Суна Парк, Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдап-қуаттау және дамыту қоғамдық қорының директоры Акромжон Фазилов, негізгі мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, БАҚ қызметкерлері мен блогерлер қатысты.
Баспасөз конференциясы БАҚ өкілдері мен блогерлерге үстіміздегі жылғы 30 ноябрьден 12 декабрьге дейінгі аралықта БАӘ-де өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі бойынша конференциясын кеңінен қамту үшін COP-28-ді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
“БАӘ үнемі климат бойынша әрекетке барлық елдерге қатысты болған жаЅандық проблеманы шешуге іс жүзіндік үлес қосуға, сонымен қатар өз экономикасын әртараптандыру мен Нет Зеро экономикасы арқылы болашақ ұрпақ үшін білім, дағдылар мен жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері ретінде қараған, — деді шарада сөз сөйлеген Мухаммед Ал Захери. — БАӘ 2016 жылы Париж келісіміне қол қойып, ратификациялаған, экономика көлемінде эмиссияларын азайту міндеттемесін алған және “Нет Зеро 2050” стратегиялық бастамасын жариялаған аумақтағы бірінші мемлекет саналады”.
Өз кезегінде, Суна Пак БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында Өзбекстан Республикасы Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының “Орталық Азия жаЅандық климаттық қауіп-қатерлер алдында: жалпы тыныштық жолында ынтымақтастық” резолюциясын қабылдау бастамасын алға тартқанын және Өзбекстанның жаЅандық конференцияға қатысуы туралы айтты.
Баспасөз конференциясы барысында Мухаммад Ал Захери БАӘ төрағалығымен БҰҰ-ның COP-28 климаттық саммитінің тұжырымдамасымен таныстырды. Сондай-ақ, БАӘ-нің климаттың өзгеруіне қарсы күресу бойынша бастамалары, әрекеттері мен жетістіктері туралы айтты. Өз кезегінде, Суна Парк Өзбекстанның экология саласындағы жетістіктері, елдің жасыл даму бойынша тәжірибесі мен Өзбекстанның COP-28-ге қатысуына тоқталды.
Экологияны, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.