ЫНТЫМАҚ ЖАРАССА, ДОСТЫҚ ТА БЕКЕМ БОЛАДЫ
Өмірде қай саланы алсақ та оның қиындығы мен қызығы болатыны белгілі. Дегенмен, атқарар жүмысы таудай, бірақ өздері көзге түсе бермейтін сала өкілдері де баршылық. Әрине бүған телевидение саласын да жатқызуға болады. Қарапайым тілмен айтқанда, біз білген, көріп жүрген
дайын жүмысты жүзеге шығарып беретін, ал кәсіби тілде айтқанда кадр артындағы қызметкерлер деуге болады.
Тақырыпқа өзек етіп, сөз еткелі отырған түлға, Өзбекстан Телерадиокомпаниясы “Достық” ақпарат ағарту бөлімінің бас режиссері Фазлиддин Нажмиддинов. Біз, яғни журналистика саласының өкілдері біраздан бері осы салада істеп жүргендіктен Фазлиддин ағаны қазақ тілінде жүргізілетін “Дидар” бағдарламасының режиссері ретінде танимыз. Ал қарапайым көрермен жоғарыда айтқандай, қызметі кадр артында болғандықтан тани қоймас.
Кейіпкеріміздің өмір жолына тоқталсақ, 1979 жылы Ташкент облысында туылған. 1994-1998 жылдарда Ташкент информатика және техника колледжінде білім алады. Оқуды аяқтағаннан соң, әскери қызметке шақырылуына байланысты, телевидениеге күжат тапсырады. 1999 жылы жүмысқа қабылданып, содан бері бір салада, бір жерде қызмет етіп келеді. Айта кетерлік жайт, оқуын әрі қарай жалғастыру мақсатында жоғары оқу орнына әр жылы қүжат тапсырған екен. Келісімшарт негізінде қабылданғандықтан кейбір себептерге байланысты оқи алмаған. “Шешінген судан тайынбас дегендей”, жыл сайын әрекет етудің нәтижесі өз жемісін көрсетіп, 2018 жылы Ташкент ақпарат технологиялары университетіне оқуға түседі. Арнаулы сыртқы бөлімде 3 жыл оқып, 2020 жылы аяқтайды.
Алғаш 1999 жылы жүмысқа “Достық” бөліміне келгенде “Дидар” бағдарламасы 4-арнадан 1-арнаға енді өткен кезі болатын. Бастапқыда жүмыстың қыр-сырын үстаздары Фарид Бакиров, Бахтияр Хусанов, Шермухаммад Фармановтардан үйренеді. Аға буын өкілдерімен еліміздің шалғайдағы ауылдарына түсірілімдерге бірге барып жүреді. Өзінің айтуынша, ол кездегі техникалық жабдықтар қазіргідей ықшам емес, көлемі үлкен, сан жағынан да көп болатын. Сондықтан жүмысшы күшін талап еткен. Ұстаздарына жәрдем бере жүріп, суретке түсірудің әдіс-тәсілдерін үйреніп барады.
Ал өзі алғаш рет еркін түрде 2001 жылы украин тілінде жүргізілетін “В доброй хате” бағдарламасының режиссері ретінде жүмысын бастайды. Сондай-ақ қазақ тілінде жүргізілетін “Дидар” бағдарламасында режиссер ассистенті қызметін атқара жүріп, 2005 жылдан бастап бағдарламаның режиссері ретінде қазірге дейін қызмет етіп келеді.
Кейіпкеріміздің айтуынша, қызмет сапарына орай, еліміздің түрлі, дәлірек айтқанда дерлік барлық аумақтарында болған. Мемлекет басшысының “Абат ауыл” бағдарламасы негізінде Нөкіс қаласынан 400 шақырым алыстағы Қарақалпақия елді мекеніне, Тақтакөпір ауданы, Жызақ, Науаи облыстарына, шалғай өңірдегі жасайтын қазақ ауылдарына барып, жай-жапсарымен танысқан. Сондай-ақ қазірде ауыл дегенімен жағдайы қаладан қалыспайтынын, ондағы үлт пен үлыс өкілдеріне жасалған тамаша мүмкіндіктерді, ана тілінде жүргізілетін мектептерді, балабақшаларды, фольклорлық орталықтарды, т.б. тілге тиек етеді.
Өмірде ештеңе де кездейсоқ болмайды, яғни режиссердің бүл салаға келуі, қазақ тіліндегі бағдарламада жүмыс істеуі де текке емес шығар. Өзінің айтуынша, 1990 жылдарда ағаларымен бірге той-томалақтарды бейнеге түсіруге бірге барып жүрген, бір қызығы, сол кездері шекара болмағандықтан Шымкент, Сарыағаш қалаларына, Сайрам өңірлеріне де көп барған көрінеді. Фазлиддин ағайдың қазақ тілін жақсы түсінуі, қазақ бауырларымен бірге жүмыс істеуде қиындық туындамауы осыдан басталса ғажап емес. Бір қызығы, қазақ тілін меңгергені соншалықты, жүмыс барысында титрлардағы кеткен қателіктерді де аңғаратын көрінеді.
Сүхбат барысында Фазлиддин ағай, еліміздің түрлі аумақтарындағы қазақ бауырлардың тыныс-тіршілігімен танысуда әр өңір түрғындарының ерекшелігін де атап өтті. Әсіресе Науаи, Қарақалпақстан қазақтарының тіл тазалығы мен әдет-ғүрпын сақтаудағы бекемдігін де тілге тиек етті.
— Жүмысым барысында еліміздегі түрлі қазақ, татар, тәжік ауылдарындағы жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді көрсетуге тырысамыз. Мүнда үжымдағы Әлішер Қаратаев, Шерзод Эргашев сынды операторлардың еңбегі орасан зор, — дейді Фазлиддин ағай. — Жүмысым өзіме үнайды, мейлі оның метериалдық жағы да қызық емес, талай елді, жерді араладым. Өмірде адамның көргені мен білгені қалады екен. Көрген-білгендерім, үйренгендерімнің жақсы түстарын Ташкентке қолдануға тырысамыз.
Айта кетерлік жайт, бүгінде Өзбекстан мен Қазақстан елдерінің арасындағы экономикалық, достық, мәдени қарым-қатынастар дамып келеді. 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай Шымкентте болып, Қазақстандағы өзбек үлты өкілдерінің тыныс-тіршілігін көпшілікке таныстыру мақсатында өзбек этномәдениет орталығының басшысы Икром Хошимжоновпен бірге фильм түсірген болатын. Бүл үрдіс 2019 жылы Қазақстанның Өзбекстандағы жылында да жалғасын тапты. Соған орай, екі елдің арасындағы мәдени байланыстарды жарытудағы еңбегі еленіп, Фазлиддин ағай 2021 жылы Достық күніне орай, “Достық” төсбелгісімен марапатталды.
— Шығармашылық үжым дегенде басты орында редактор түрса, оның артында түрған режиссерді, режиссер ассистентін, дыбыс режиссерін, операторларды, администраторларды, жарық берушілерді, тіпті жүргізушілерді де түсінемін. Әр жүмыстың артында осылардың ерен еңбегі жатыр, — дейді Фазлиддин ағай. — Сәтті пайдаланып, үжымдағы әріптестерімді, еліміздегі достық байланыстарын жарытуға атсалысып жүрген журналистерді, жалпы БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен шынайы қүттықтаймын. Бәріне шығармашылық самғау, күш-қайрат тілеймін.
Қорыта айтқанда, әр саланың өкілімен тілдескен сайын, сол адамның бойындағы өзіндік қасиетінен және жүмыстағы белсенділігінен бір нәрсені үйрену мүмкін. Фазлиддин ағайдың жоғарыдағы оқуға түсуі үшін алға үмтылуы бүгінгі жастарға үлгі болса ғажап емес. Ал адамның тілінен, үлтынан тыс, бір жерде, бір үжымда ауызбірлікпен түрақты жүмыс істеуі үшін адам бойында қарапайымдылық пен адамилық қасиет болуы басты мәселе екені аңғарылып түр. Сөз соңында Фазлиддин ағайдың шығармашылық жүмысында, жалпы еліміздегі достық пен татулықтың жаршысы ретінде биіктен көрінуіне тілектеспіз.