July 7, 2023

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ БІРГЕ ҚҰРАМЫЗ

Бұл күндері еліміздің барлық аймақтарында Өзбекстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Атап айтқанда, Президенттікке үміткерлер өңірлерге шығып, сайлаушыларды өз бағдарламаларында алға қойылған мақсат-міндеттермен таныстыруда.

Атап айтқанда, “Адолат” социал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне үміткер Робахон Махмудова да аймақтарда сайлаушылармен кездесулер өткізуде. Онда сайлаушылар үміткердің Сайлауалды бағдарламасында айқындалған маңызды ұсыныстармен, бастамалармен жан-жақты таныстырылады.

Ташкент мемлекеттік заң университетінде президенттікке үміткердің Ташкент қаласының сайлаушыларымен кездесуі өтті. Шарада атап өтілгендей, Робахон Махмудованың сайлауалды бағдарламасында алға қойылған идеялар мен міндеттер “Адолат” социал-демократиялық партиясының бағдарламалық мақсаттарымен барлық жағынан үйлеседі және мемлекеттің және қоғам өмірінің барлық саласында әділеттілік қағидаттарын қамтамасыз етеді.

Кездесуде үміткер Робахон Махмудова қатысушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды. Атап айтқанда, шараға қатысушылардың басым бөлігі заңгерлер екенін ескере отырып, бағдарламада сот құқығы саласында айтыл­ған ұсыныстарға көбірек тоқталды.

— Бағдарламада адам құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға, ең алдымен заң үстемдігін қамтамасыз етуге баса назар аударылған. Сондықтан біз соттардың шынайы тә­уелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды алға тартып жатырмыз, — деді президент­тікке үміткер Робахон Махмудова. — Баршамыз­ға белгілі, қазір жергілікті Кеңестерді олардың қызметі туралы жүйелі түрде хабардар ету тәжірибесі бар. Бұл үдерісте судьялар шығарған сот шешімдеріне қатысты сұрау салу, кейде аяқталмай қалған істер де кездеседі.

Осыған сәйкес, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында судьялардың халық депутаттары Кеңестеріне ақпарат беру тәжірибесін жоюды ұсынып отырмыз.

Сондай-ақ Өзбекстан халқының саны күннен-күнге көбейіп жатқан бүгінгі таңда судья­лардың штаттар саны халық санына тепе-тең емес, сондықтан судьялар санын көбейтуді ұсынып отырмыз. Себебі, қазіргі таңда елімізде 100 мың тұрғынға 3-4 судьядан тура келсе, бұл көрсеткіш Германияда 24, Португалияда 19, Венгрияда 29, Хорватияда 42, Австралияда 27 судьядан тура келеді.

2022 жылы елімізде бір қылмыстық істер жөніндегі бір судья айына орта есеппен 180 істі, азаматтық істер бойынша 250 істі, экономикалық сот судьясы 160 істі қарауы тиіс болатын.

Шетелдердің тәжірибесіне тоқталсақ, бір судья орта есеппен АҚШ-та 40, Канадада 50, Жапонияда 10, Германияда 15, Ұлыбританияда 20 істі қарайды.

Жиын соңында қатысушылар үміткердің бағдарламасында айтылған ұсыныстарға қатысты өз пікірлерін білдірді.

— Үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныса отырып, біз адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, соттардың тәуелсіздігіне қол жеткізу жөніндегі идеялардың нақты баяндалғанын көрдік, — деді Ташкент қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты Тошполат Матибаев. — Атап айтқанда, мен судьялардың мамандануын одан әрі кеңейту туралы ұсынысты толық қолдаймын. Бұл ұсынысты іс жүзінде енгізу отбасылық, еңбек, ителлектуалдық құқықтарды, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға байланысты даулар бойынша судьялардың мамандандырылған корпусын қалыптастыруға қызмет етеді және істерді сотта қараудың тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар сайлауалды бағдарламасында халықтың, әсіресе жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кері қайтпайтындай қарым-қатынаста болу ортасы мен мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде “таза қолдар” саясатын қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау міндеттері қойылады.

Нөкісте Президенттікке үміткердің Қарақалпақстан Республикасының сайлаушыларымен кездесуі өтті. Кездесуде үміткердің сенімді өкілі, партияның Қарақалпақстан Республикасы Кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Қайыпбергенов жиналғандарды үміткердің өмірбаянымен және еңбек қызметімен таныстырды.

Одан кейін үміткер Робахон Махмудова сөз сөйлеп, сайлаушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды. Әсіресе, экологиялық проблемаларды шешу, осы бағыттағы күш-жігерді біріктіру, ең алдымен, бұл мәселелердің экономикалық сипаттарына баса назар аудару қажеттігін баса айтты.

— Бүгінгі таңда барлық экологиялық проб­лемалар мен соған байланысты азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерін тек мемлекеттік бюджетке жүктеп қою дұрыс болмас. Сондықтан біз “Қоршаған ортаны ластаушылар өтемақы төлеуі керек”, деген қағиданы қолдаймыз, — деді президенттікке үміткер.

Президенттікке үміткер сөз сөйлеп, оның сайлауалды бағдарламасында, ең алдымен, Отанымызды дамыту жолында құқықтық мемлекет құру, әлеуметтік әділеттілікті және ұлттық экономикамыздың орнықты өсуін қамтамасыз ету, ғылымды, инновациялар мен білім беруді дамыту, халықтың денсаулығын қорғау сияқты орасан зор мақсаттар көзделгенін атап өтті.

— Біздің Ферғана Орталық Азияның шедеврі ретінде сипатталғаны бекер емес, — деп атап өтті үміткер. — Ферғана облысы өзінің ерекше табиғатымен, бай тарихымен, орасан зор экономикалық әлеуетімен, құнарлы топырағымен, бай ауылшаруашылық дәстүрлерімен және ең бастысы, қонақжай, еңбекқор, іскер адамдарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар өңірде 400-ден астам материалдық және мәдени мұра нысандары бар. Ол біз осы орасан зор және баға жетпес мұраны байыпты түрде зерттеп, ояту және ұрпақтарымызға мінсіз жеткізу жөніндегі жауапты міндетімізді абыроймен орындауымыз керек екенін атап өтті.

— Біз президенттікке үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстық, — деді шараға қатысушы кәсіпкер Шахло Ғаниева. — Бағдарламаға елдің даму жолында маңызды мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, әйелдердің белсенділігі мен рөлінің артуы барлық салаларда мемлекеттік билік пен басқару органдарында әйелдер өкілдерінің санын көбейту жөніндегі ұсыныстар бәрімізді қуантады.

Президенттікке үміткердің Хорезм облысының сайлаушыларымен кездесуі Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің Үргеніш филиалында ұйымдастырылды.

Шараны Хорезм облысындағы үміткердің сенімді өкілі — Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті, Хорезм Маъмун Академиясының профессоры Икром Абдуллаев үміткердің өмірбаяны, еңбек жолы туралы кіріспе сөзімен ашты. Сондай-ақ сенім білдірілген үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасында Мемлекет пен қоғамның ілгерілеуі, азаматтардың әл-ауқаты туралы дәйекті ұсыныстар беретініне ерекше назар аударды.

Осыдан кейін Робахон Махмудова шараға қатысушыларға оның сайлауалды бағдарламасында алға қойылған басымдықтар туралы айтты.

— Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың жеке бағдарламасын әзірлеу және осы бағыттағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қолдау қажет деп санаймыз. Осыған байланысты біздің бірінші кезектегі міндетіміз мемлекеттің экономикалық қызметі нәтижесінде алынған кірістерді әділ бөлуді қамтамасыз ететін құқықтық механизмді әзірлеу болып табылады.

Өңірлерде өткізілетін кездесулерде сөз сөйлей отырып, шараға қатысушылар Өзбекстан Республикасының Президенттігіне үміткер Робахон Махмудованың сайлауалды бағдарламасында ұсыныл­ған басым мақсаттар мен идеяларды мойындай отырып, осы жылдың 9 июлі күні өтетін Президент­тік сайлауда “Адолат” социал-демократиялық партиясының үміткерін қолдауға шақырады.

Президенттікке үміткер Робахон Махмудова “Адолат” социал-демократиялық партиясынан сайлаушылармен кездесуді жалғастыруда.

Өзбекстан “Адолат” СДП-ның

Баспасөз қызметі.