ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Жуырда Өділет министрлігінің “Біз біргеміз!” әлеуметтік жобасы аясында 7 жастан 17 жасқа дейінгі мүгедектігі болған дарынды жастар арасында “Мафтункор ранглар жилоси — 2023” республикалық конкурс-байқау өтті.
Бұл шара Әділет министрлігі және Өзбекстан мүгедектер қоғамымен ынтымақтастықта мүгедек тұлғаларды бірлестіру, сондай-ақ беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың қызметін одан әрі қолдап-қуаттау бойынша “Біз біргеміз!” әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты бейнелеу және спорттың шахмат түрі бойынша 7 жастан 17 жасқа дейінгі дарынды жастарды іріктеу мен оларды ынталандыру болды. Мәлімет ретінде айтар болсақ, бұл байқау 2018-2022 жылдар барысында 4 рет өткізілді.
Биылғы іс-шарада аумақтарда өткізілген байқауларда жеңімпаз балалардың суретшілік және спорттың шахмат түрі бойынша шеберліктері тағы бір рет сынақтан өткізілді. Оған республиканың 14 аумағынан жалпы 28 қатысушы қатысты. Байқау аясында мүгедек балалар жасаған өнер туындыларының көрмесі де ұйымдастырылды.
Суреттер және спорттың шахмат түрі бойынша жеңімпаз атанған балалар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, медаль және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бұдан тыс, шара аясында, Әділет министрлігі тарапынан жарияланған “Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қорғау” құқықтық акциясы шеңберінде министрліктің, сондай-ақ “Мадад” беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымның қызметкерлері жылжымалы қабылдау өткізді.
Жылжымалы қабылдау барысында мүгедек тұлғалардың заң құжаттарында белгіленген жеңілдіктерден хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында қатысушыларға буклеттер таратылып, сонымен қатар, оларды қызықтырған құқықтық мәселелер кеңінен түсіндірілді.