ӨЗБЕКСТАН ЖӘНЕ МОҢҒОЛИЯ БИРЖАЛАРЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ БЕКІТІЛДІ
Жуырда Өзбекстан Республикасы тауар-шикізат биржасына Моңғолия тауар биржасының (MCE) делегациясы, Атқарушы директор Батсайхан Ценд басшылығындағы іс жүзіндік сапар ұйымдастырылды. Кездесу басында биржаға сапар ұйымдастырғандарға Өзбекстан Республикасы тауар-шикізат биржасының қызметі туралы тұсаукесерден бейнеүзінді көрсетілді. Қатысушылар Өзбекстан биржасының қалыптасу және даму тарихы, онда сатылатын тауар активтері, сондай-ақ UZEX биржасының заманалық жағдайы мен болашағы зор жоспарлары жөнінде мәліметке ие болды.
Бұдан тыс, Өзбекстан Республикасы тауар-шикізат биржасы мен Моңғолия тауар биржасы арасында Өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Аталған меморандум тараптар арасындағы биржааралық ынтымақтастықты кеңейтуге, биржа саудалары бойынша өзара ақпарат пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ биржа сауда құралдарын пайдаланып, екі мемлекет арасындағы тауар айналымын арттыруға бағытталғанымен маңызды.
Сапар аясында UZEX биржасы қызметкерлері биржаның сауда платформалары, биржа мүшелері мен сауда қатысушыларын аккредитациядан өткізу тәртібі, биржа және аукцион саудалар механизмі туралы да толық ақпар берілді. Биржа тарапынан да ірі тауар өндірушілерге, шағын бизнес пен жекеменшік кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылған артықшылықтары айтылды.
Сонымен қатар қонақтар биржаның негізгі сауда залына кіріп, биржа саудалары үдерісін бақылады, сондай-ақ тұтынушыларға есеп-қисап клиринг қызмет көрсету механизмін үйреніп шықты. Бұдан тыс, көрме-жәрмеңке саудалары, мемлекеттік сатып алушылар, автонөмірлер мен ұялы нөмірлерді сату бойынша электронды сауда жүйелерінің тұсаукесері өткізілді.
Өз кезегінде Моңғолия делегациясының мүшелері Өзбекстандағы биржа қызметіне жоғары баға беріп, биржа саудалары Өзбекстанда бағаларды жариялы түрде қалыптастыруда ерекше маңызға ие базар механизмі екенін тілге тиек етті.
Кездесу соңында тараптар бекітілген меморандум аясында биржааралық байланыстарды одан әрі жандандыруға келісті.