ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ЕНГІЗІЛУДЕ
30 октябрьден 11 ноябрьге дейін Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығы ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығы (“РМА және БДҒТМО” МК) жүйесі мекемелері мен оның аймақтық филиалдарының 12 маманы Санкт-Петербургте білімін жетілдіріп қайтты.
Өзбекстанның медицина қызметкерлері В.А.Алмазов атындағы Ресей Ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу орталығының базасында 72 сағаттық “Клиникалық акушерлік” симуляциялық курсын өтеді.
Өзбек мамандарының ең үздік шетелдік медициналық ұйымдарда біліктілігін арттыруы озық шетелдік тәжірибені, инновациялық әдістерді тиімді игеруге, кейіншелік Өзбекстанның барлық аймақтарына заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жолы делегация құрамында “РМА және БДҒТМО” МК және олардың аумақтық филиалдарының мамандары Ташкент, Қаршы, Самарқант, Бұхара, Қоқан, Әндіжан, Нөкіс қалаларының өкілдері бар.
Петербургтың В.А.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығымен (ҰМЗО) бірге ынтымақтастық бойынша 2023 жылдың 22 сентябрінде білім және ғылыми-зерттеу қызметі саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан кейін жаңадан дами бастады.
Айта кетерлік жайт, В.А.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы Ресей Федерациясының ең ірі ғылыми-емдеу мекемелерінің бірі саналады. Ол сонымен қатар Times Higher Education Impact Rankings 2023 халықаралық рейтингінде әлемдегі ең үздік жүз оқу орындарының қатарына кіреді.
Білім үдерісі барысында Өзбекстаннан келген мамандар қауіпті топтағы әйелдердің соматикалық аурулары мен акушерлік асқынуларды диагностикалау, алдын алу және емдеудің заманауи технологияларымен танысты. Жаңа білімдер жүктілік пен босану кезіндегі медициналық көмектің сапасын арттыруға, ана өлімі мен перинаталдық өлім көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Санкт-Петербург мамандарымен бірлескен ғылыми зерттеулерді, телемедицинаны, Ресей Федерациясы мамандарының Өзбекстанға сапарлары, тұрақты түрде тағылымдамаларды ұйымдастыру жолға қойылған.
Курс тыңдаушылары елге қайтқан соң облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мекемелердің дәрігерлерін жаңа білімімен таныстыру мақсатында каскадтық тренингтер циклі ұйымдастырылады. Сондай-ақ курс барысында қолданылатын симуляциялық білім беру технологиялары “РМА мен БДҒТМО” МК өзінің оқу орталығында тәжірибеде қолданылады.
Сапар аясында Санкт-Петербург Мемлекеттік педиатриялық медицина университеті мен оның Федералдық клиникасына бару да ұйымдастырылды. Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық жасауға келісті.
Кездесу барысында, Педиатрия университеті Өзбекстанмен бұрыннан бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскендігі, Ресей жоғары оқу орнының оқытушылары Өзбекстан дәрігерлері үшін оқу циклдерін жүргізуге, әр екіжақта тәжірибе алмасуға дайын екендігі айтылды.