November 11, 2023

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ  

Санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылық және қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бөлім бастығы Дилором Турсунова тұмауға қарсы вакциналардың тиімділігі туралы ақпарат берді.

— Тұмау “аяқта жүріп” өткізетін ауру емес. Оны қарапайым суықтау деп ойлап, өздігінше емдеу де дұрыс емес. Өйткені бұл дерттің өзінен бұрын асқынуы қауіпті дейді маман. — Өйткені тұмау вирусы қан тамырлары қабырғаларының аурулардан қорғану қабілетін әлсіретеді. Осыған байланысты инфекциялар қан арқылы ішкі ағзаларға жетіп, қабыну ошақтарын құрайды.

Соның салдарынан пневмония, бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының екіншілік бактерия­лық инфекциясы, жүйке және жүрек-тамыр жүйесі ауруларын, қант диабеті сияқты ауруларды тудырады. Ең сорақысы, бұл ауруды дер кезінде емдемеу өлімге әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аналитикалық есебі бар. Оның айтуынша, жыл са­йын маусымдық тұмаудан 650 мыңға жуық адам көз жұмады. Сонымен қатар, бұл вирус түрлі созылмалы аурулардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды.

Міне, қазір тұмау вирусы барлық жастағы адамдарда, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде жиі кездесетін кезең. Көбе­йетін кезең әдетте ноябрь айынан басталып, март айына де­йін созылады.

Маман ретінде мұндай кезде аурудан сенімді қорғану үшін оған қарсы вакцинациялауды ұсынамыз. Бұл ең тиімді әрі үнемді әдіс.

Сонымен қатар, вакцина қауіпсіз және жоғары әсерге ие, жыл сайынғы ауру мен өлімді айтарлықтай төмендетеді. Яғни, тұмауға қарсы заманауи вакциналардың тиімділігі 90 пайызды құрайды.

Маусымдық тұмауға қарсы вакцина 15 күн ішінде ағзада тұмауға қарсы иммунитетті қалыптастырады. Әсер күші 1 жылға жетеді.

Вакцинация алатыннан алдын дәрігер тарапынан, әрине егілетін адамның жалпы денсау­лығын дәрігер тексереді, соған сәйкес екпе салу керек пе деген шешім қабылданады. Яғни, екпе алатын адам суық тию, тыныс алу жолдарының қабынуы сияқты аурулардан толық сау болуы керек.

Сондай-ақ, вакцинаның құрамындағы компоненттермен салыстырғанда аллергиялық сезімталдық деңгейі де тексеріледі.

ДДСҰ осы вирусқа қарсы бірінші кезекте жүкті әйелдерді, 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды, қарттарды (65 жастан асқан), созылмалы ауруы бар нау­қастарды және медицина қызметкерлерді вакцинациялауды ұсынады.

Денсаулықты сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.