ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ
Жуырда Ұлттық баспасөз орталығында “Дори-Дармон” акционерлік қоғамының халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары” тақырыбында баспасөз жиналысы өтті.
Компания жүйесіндегі дәріханалардың саны 31 июльге дейінгі жағдай бойынша 1747 әлеуметтік дәріхана және оның филиалдары жұмыс істейді. Бұл дәріханалардың 1143-і немесе 65 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Сондай-ақ арнайы жабдықталған көліктерде 95 жылжымалы дәріхана құрылып, олар республиканың шалғай аудандары мен дәріханасы жоқ аудандардың тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті тұрғындармен келісілген кесте негізінде жеткізуде.
“Дори-Дармон” акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырыс негізінде шетелдік серіктестермен келісімшартқа отырды, 2020 жылы 1 300 000 доза, 2021 жылы 3 668 000 доза, 2022 жылы 2 347 000 доза тұмауға қарсы вакциналар әкелінеді. 2023 жылға дейін 2 100 000 доза вакцина әкелу жоспарлануда.
“Жекелеген санаттағы тұлғаларды жеңілдетілген дәрі құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін одан әрі жетілдіру іс-шаралары туралы” қаулымен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2013 жыл 22 июльдегі амбулаториялық-емханалық емделуде дәрі-дәрмекпен жеңiлдiктi қамтамасыз ету құқығына ие 14 санаттағы тұлғалардың тiзбегі бекiтiлдi. Оларды дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету шығындарын мемлекет өтейтіні анықталды.
CxP — дәрілік заттардың фармацевтикалық өндірістен бастап, соңғы тұтынушыға дейінгі өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтитын дүниежүзінде мойындалған модель. Фармацевтикалық өнімдерді көтерме бағада сатумен айналысатын барлық жергілікті кәсіпорындар GxP (Good Distribution Practice) талаптарына сәйкес болуы керек.
Компания таңбалау бойынша қызметі кезінде жұмыс және бизнесті автоматтандыруға және жаңа ақпараттық жүйелерді енгізуге ерекше мән беруде. Соңғы жылдары компанияда бірнеше ақпараттық жүйелер енгізілді. Бүгінде бұл салада өзекті болып табылады. “Міндетті сандық таңбалауға жататын өнімдердің тізбесін кеңейту жөніндегі тәжірибелік жобаларды іске асыру іс-шаралары туралы” Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2021 жылғы 20 майдағы №322 қаулысына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға міндеттісандық таңбалауды жүзеге асыру белгіленген.
Осы қаулыға байланысты компания оның өзектілігіне қатысты қажетті шараларды қарастыруда.
Дәрілік заттарды таңбалау жобасына M-Apteka+ ЭРП жүйесін біріктіру шаралары жасалады.
Дәріханалар мен дәріхана филиалдары үшін 2D сканер құрылғыларын сатып алды.
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 2 апрельдегі “Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды міндетті сандық таңбалау жүйесін енгізу туралы” Қаулысына орай компания өкім шығарып жасап, қол қойды.