ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалардың негізгі мәні халықтың әл-ауқаттылығын қамтамасыз ету. Ең алдымен, әлеуметтік саланың дамуын қамтамасыз ету, оның маңызды бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.
Жаздың жазирама ыстығы аяқталысымен салқын күндер басталып, күз-қыс мезгіліне дайындық тақырыбы тағы да күн тәртібіне қойылды. Республика облыстарымен қатар Ташкент қаласының барлық аудандарында күз-қыс маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті.
Атап айтар болсақ, Юнусабад ауданы әкімдігінде көппәтерлі үйлерде коммуналдық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ашық сұхбат өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, шіркет шаруашылығы және басқару сервистік компаниялардың басшылары қатысты.
Ашық сұхбатта аудандағы бар 1297 көппәтерлі үйлерде сапалы коммуналдық қызмет көрсету, күз-қыс маусымына дайындық істері терең талқыланды.
Сұхбат барысында Юнусабад ауданындағы көппәтерлі үйлерге қызмет көрсететін басқару органдары қызметіндегі кемшіліктер, оларды жою шаралары, коммуналдық қызмет көрсету саласында жүзеге асырылып жатқан істердің қазіргі күнгі жағдайы талқыланды.
Шарада коммуналдық қызмет көрсету жүйесіндегі бар проблемалар, сондай-ақ жасалуы қажет ең маңызды бағыттар, заңды құжаттарға тиісті өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар талдауға қойылды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2023-2024 жылдарда көппәтерлі үйлерді күз-қыс маусымына дайындау шеңберінде басқару органдары тарапынан жүзеге асырылып жатқан істер мен жоспардағы міндеттерді өз уақытында орындауға ерекше назар аударылды.
Сұхбат соңында жүйені одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар жасалып, кезектегі міндеттер белгіленді.