ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ҮЙРЕНІЛДІ
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру мақсатында барлық салада қыз-келіншектердің рөлін күшейтуге назар аударылды. Олардың түрлі сала мен жүйелердегі қабілеттерін ашу үшін қажетті жағдай жасау, құқықтары мен заңды мүддесінің сөзсіз сақталуын қамтамасыз ету, ана мен баланы жан-жақты қолдау, сондай-ақ отбасы институтын нығайту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Қыз-келіншектердің әлеуметтік құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан міндеттерді іске асыруда және оларды қолдап-қуаттау бойынша қарастырылып жатқан шаралардың маңыздылығын ескере отырып, қажетті ұсыныстар мен талаптарды зерделеу, талдау және әзірлеу — бүгіннің өзекті мәселесі болып отыр. Жасалған жеңілдіктер мен мүмкіндіктерді пайдаланып отырған әйел-қыздарды жан-жақты қолдау бойынша жұмыстар іс жүзінде нәтижесін көрсетуде. Атап айтқанда, Нурафшон қаласында Халық депутаттары қалалық кеңесі, Жастар саясаты мен әйелдердің гендерлік теңдігі мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы қаланың Әйелдер бөлімімен ынтымақтастықта жаңаша жүйеде кеңейтірілген семинар өткізді.
Жиналыста әйел-қыздар қызметін жүйелі жолға қою бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайлы Халық депуттары қалалық кеңесі төрағасының 2023 жылғы 21 июль күнгі хатына сәйкес, Нурафшон қаласындағы 22 махаллада жасайтын әйел белсенділер қызметі зерделенді. Онда Нурафшон қаласында жасайтын 23 мың 832 әйелді жұмыспен қамтамасыз ету, отбасылық және жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша іс жүзіндік шараларды іске асыру, қыздарды отбасылық өмірге дайындау, заманауи үлгілі отбасын қалыптастыру, рухани-адамгершілік және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, ерте некеге тұру, түрлі келіспеушілік пен отбасылардағы ажырасулардың алдын алу бойынша аудандардағы белсенді әйел-қыздардың атқарған жұмыстары үйренілді. Үйрену комиссиясы тарапынан күзету үдерісі 2 август пен 22 август аралығында өтті.
Кездесуге қала әкімінің орынбасары, Жанұя және әйелдер бөлімінің бастығы, махаллалардағы белсенді әйел-қыздар қатысты. Сондай-ақ семинарда “Жастар саясаты мен әйелдердің гендерлік теңдігі” мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы Саодат Сулаймонова сөз сөйлеп, махаллалардағы белсенді әйел-қыздардың атқарған жүйелі жұмыстарына есеп берді. Шара соңында ең белсенді қыз-келіншектер алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпарат орнында, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 9 июньдегі “Мамандығы бойынша кемінде бес жылдық еңбек өтіліне ие әйел-қыздарды мемлекеттік жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін бекіту туралы” қаулысына сәйкес, аудандағы “Фидокор” махалласында әйелдер белсендісі лауазымында жұмыс істеп келе жатқан Наргиза Буранова әйелдерге беріліп жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктердің арқасында биыл студент атанды.