September 9, 2023

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ЕСКЕРІЛУДЕ

Президент тарапынан алға тартылған және бүгінгі өмірімізде барған сайын тереңірек орын иелеген “Халық мемлекеттік кеңселерге емес, мемлекеттік кеңселер халыққа қызмет етуі керек” деген қағидат отандастарымыздың өмірге риза болып жасауына мүмкіндік жаратуда.

Адамдардың мүддесін қамтамасыз ету үшін ең алдымен олармен қарым-қатынас жасау, олардың өмірлік мәселелері мен қажеттіліктерін жақсы білу қажет. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, жастар мен қыз-келіншектерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оқуға, мамандық алуға құштар жұмыссыз қыз-келіншектерге қолдау көрсету мақсатында әрбір махаллада, ауданда, қала және облыстарда “Жастар дәптері”, “Әйелдер дәптері”, “Темір дәптер” құрылғаны сөзіміздің дәлелі.

Халықпен байланыс жасау, олардың дерті мен проблемасын, шешуге көмектесу, ең маңыздысы, өмір сүру үшін ла­йықты жағдай жасау бүгінгі күнде әрбір жауапты басшының міндетіне айналуда. Сондықтан — тұрғындарды ойландырған мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік қызметшілердің халықпен араласуына негіз жасау мақсатында мемлекеттік органдар мен шаруашылық басқару органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылуда.

Әсіресе, бүгін “Домалақ” махалла азаматтар жиыны аумағына орналасқан 1-сектор ғимаратында аудан әкімі Ж.Ахмедовтың басшылығында кезектегі жылжымалы қабылдау өткізілді.

Ашық және шынайы сұхбат көрінісінде өткен қабылдауда үй-жай кадастр құжаттарын ресімдеу, ипотека несиесіне мемлекеттік субсидия алу, махалла аумағын абаттандыру, сондай-ақ жолдарды жөндеу, тұрғындардың денсаулығын сақтау, материалдық көмек, жұмысбастылық, коммуналдық қызмет көрсету саласындағы кемшіліктер, тағы басқа да өзекті мәселелер шешу тыңдалды.

Әрбір азаматпен жеке-жеке сұхбаттасып, олардың өміріндегі проблемалар мен шешімін таппай жатқан сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар жеке сұхбат арқылы әрбір азамат мемлекет назарынан тыс еместігін сезінді.

Кейбір мәселелер дереу шешілді, ал қалғандарына заң негізінде түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылды. Орындалу уақыты анық және қосымша зерттеулерді талап ететін өтініштер жауаптыларға жүктелді.

Осындай қабылдаулардың тұрақты өткізілуі, халықпен белсенді де ашық сұхбат жүргізу, ең алдымен адам құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету арқылы халқымыздың тыныш та бақытты өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудың басты кепілі болмақ.