ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИНДРОМДАР
Жәбірленуші синдромы — тұлғаның жүре пайда болған ауру, онда адам өзін басқалардан немесе жағдайлардың жағымсыз әрекеттерінің құрбаны ретінде қабылдайды. Сонымен қатар ол өзін солай деп ойлап қана қоймай, оны дәлелдейтін нақты дәлелдері бар сияқты іс-әрекет жасайды.
Бұл синдром көбінесе тұрмыстық, әсіресе отбасылық қарым-қатынас деңгейінде кездесіп, мынадай белгілермен сипатталады: мен қиналамын, жағдай маған қатты әсер етеді, мен бұл күйде жүргеніме көп болды, жағдайды түзетуге шешім қабылдай алмаймын, болған жайтты түзетуге тырыспадым, мен әртүрлі адамдармен осындай жағдайларға жиі тап боламын.
Адамға “жәбірленуші синдромынан” арылуға көмектесу үшін психологтар жанашырлық танытпауға және мұңды сөздермен келіспеуге кеңес береді. Бірақ әңгімелесушіні тыңдап, нақты сұрақтар қоюы қажет. Мысалы, “Сіз бұл жағдайдан қандай қорытынды жасадыңыз?”, “Бұл енді қайталанбай ма?”, “Келесі жағдайда не істейсіз?” сынды сұрақтар. Теориялық тұрғыдан мұндай тактика адамға дүниені шынайы қабылдауға, іс-әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға көмектеседі. Дегенмен, бұл синдромы бар адам сізбен байланысын тоқтатып, оған аяушылық танытатын адамды табу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Үйрек балапаны синдромы — бұл балапан жұмыртқаны жарып шыққан соң кез келген затты анасы ретінде қабылдайды. Тіпті жансыз заттарды да үйрек балапандары “ана” деп қабылдауы мүмкін.
Адамдардағы “үйрек балапаны синдромы” мынадай көрініс табады: адам бірнәрсені бірінші рет, априори көргенде, ол оны ең жақсы деп санай бастайды. Ал шын мәнінде бәрі керісінше болуы мүмкін.
“Үйрек балапандары синдромынан” арылу үшін барлық нәрсені әдеттегідей қабылдамаған дұрыс. Өзіңізде сыни ойлауды дамытыңыз, талдаңыз, өзіңізге шектен тыс сеніп, асығыс қорытынды жасамаңыз.
Қайнаған судағы бақа синдромы — бұл синдромның тарихына сүйенсек, егер бақаны суға салып, кейін оны 0,02 градустан асырмай өте баяу қыздырсаңыз, ол соңғы минуттарда ғана өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезінеді, бірақ енді секіруге күші жетпейді. Егер ыстық суға салсаңыз, ол бірден секіріп шығады.
Ұқсас жағдай адамдардың өмірінде де болуы мүмкін. Олар қауіптің жақын екенін сезбейінше әрекет жасамайды. Қайнаған судағы бақа синдромында адам өмірдегі қиындықтарға қарамай, өзін проблемалардан құтқармай, баяу эмоционалды күйге бастайды. Ол жай ғана бұл үдерістің соңы немен аяқталуын күтеді. Осылайша өз өмірін улайды.
Елеусіз өзгерістер қарама-қарсылық тудырмайды, сосын біз “қайнаған судан секіру” үшін ешқандай әрекет жасамаймыз. Нәтижесінде адам жай ғана “күйіп кетеді”. Қатал шеңберге түсіп, ол әдеттегі нәрселерге үйренеді, бұл ақылақтық және рухани сарқылуға әкеліп, оны толығымен қорғансыз жағдайға әкеледі.
Ыстық суға салынған бақа — бұл оң өзгерістерге объективті себептер болмаса да, бәрібір жақсылықтан үміттенетін адамның жағдайы. Егер өзіңіздің осындай жағдайда екеніңізді сезсеңіз, неге ұмтылып жатқаныңызды, сіз үшін не маңызды екенін түсінуге тырысыңыз. Ашық болыңыз және өзіңіз үшін маңызды нәрселерді ұмытпаңыз. Сонымен қатар назарыңызды қазіргі уақытта сізді әлсірететін жағдайға бағыттай аласыз. Бұл оны түзетуге мүмкіндік береді.
Айналадағылар сізді кенеттен тосқауылдар мен шынжырларды үзіп, бостандыққа шығып, тәуелсіз тұлға болуға деген құштарлығыңызды түсінбеуі мүмкін. Дегенмен, шекараңызды белгілеу және өз пікіріңізді қорғау ғана сізге “ыстық суға күйіп қалмауға” мүмкіндік береді.
Егер сіз толыққанды өмір сүргіңіз келсе, онда кейде сіз “жетеді” және “жоқ” деп айта білуіңіз керек. Адам жайсыздықты сезініп, қабылдауды үйренсе ғана өсе алады.