ЖАСТАР — БАСТЫ НАЗАРДА
Жастар — әр елдің болашағы мен әлеуетін айқындайды. Бүгінде елімізде жастардың білім алып, мамандық иелеп, кемел азамат болып өсуіне барлық жағдай жасалған. Олардың армандарын жүзеге асыруға, жаңашыл бастамалары мен идеяларын қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан да елімізде қоғамның белсенді буыны ретінде танылған жастарға еліміздің дамуын қамтамасыз ететін үлкен күш, мемлекеттің стратегиялық ресурсы ретінде сенім артып отыр.
Соның нәтижесінде жоғары білімді, заман талабына сай пікірге ие, жігерлі жастар еліміз дамуының шешуші күшіне айналуда. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бизнес жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде олардың өмір сүру салты жақсарып, келешегі зор бастамаларын қолдауға үлкен көңіл бөлінуде.
Бостандық ауданында да жастарды жан-жақты қолдап-қуаттау, олардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және материалдық-рухани көмек көрсету барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 14 пен 30 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік жағдайы, қабілеттері мен қызығушылықтары зерттеліп, 3 санатқа бөлінді. Олармен нақты критерийлер негізінде айналысатыны баса айтылды.
- жақсы оқитын, өз ісін ашқан, ресми секторда жұмыс істейтін, біліктілігі бар, әлеуметтік белсенді, “жақсы” санаттағы жастар; - кедейшілікке байланысты ресми секторда жұмыс таба алмаған, бірақ экономикалық белсенді жастар “орта” санатқа енгізілді; - мемлекеттің қамқорлығы мен назарына, көмекке мұқтаж жастар “ауыр жағдай” санатына бөлінді.
Сол үш санат арасынан мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж жастар сектор басшылары басшылығында кәсіпорын мен ұйым басшыларына біріктірілген.
Аудан әкімі Ж.Ахмедов басшылығында сектор басшылары, махаллаларда жұмыс жасап жатқан жастар жетекшілері, кәсіпорын және ұйым басшыларының қатысуымен аталмыш топтағы жастармен кезектегі кездесу ұйымдастырылды.
Шынайы сұхбатта жастарды мазалаған сұрақтары мен проблемалары тыңдалды. Олардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету, субсидия, несие, жер алу, кәсіпкерлікпен айналысу сияқты мәселелер талқыланды, сондай-ақ орындалуы жауаптылар тарапынан бақылауға алынды.
Шара соңында “Жастар дәптері” қоры қаржысы есебінен “Жастар дәптеріне” енгізілген, мемлекет көмегіне мұқтаж 36 жасқа түрлі көмек көрсетілді.
Атап айтар болсақ, 25 жасқа бір реттік материалдық жәрдем ақшасы таратылды, жұмылдыру бойынша шақыру резервіндегі қызмет ақысын толық жабу үшін 3 адамға субсидия бөлінді, 8-іне заманалық кәсіпке оқыту үшін 6 айлық төлемі төлеп берілді.
Елімізде жастардың құқығы мен мүддесін қорғау, оларға қажетті жағдай мен мүмкіндіктер жасау үшін берік заңнамалық база жасалып, бұл жүйе заман талабына сай жетілдірілуде. Атап айтқанда, елімізде жастарға қатысты 40-тан астам құқықтық құжат қабылданып, 30-дан астам халықаралық құқықтық құжат ратификацияланды.
Жастар мемлекет пен қоғам өміріне белсене атсалысуда. Елімізде жастар саясаты халықаралық деңгейде мойындалған халықаралық заңдар мен нормаларға сәйкес жүргізілуде. Жастардың интеллектуалдық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар. Мемлекет басшысы айтқандай, жастар — мемлекетіміздің ең үлкен және баға жетпес байлығы.