ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСТАРЫ: ОЛ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?
Ағымдағы жылдың 30 апрелінен бастап Еңбек кодексінің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілді. Осы Кодекстің 14-тарауының 216-235-баптарында жыл сайынғы еңбек демалысының нормалары белгіленген. Оған сәйкес, жыл сайынғы еңбек демалысы — қызметкерге жұмыс жылы ішінде жыл сайын берілетін уақыт кезеңі, оның ішінде қызметкер демалу және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында жұмыс орнын (лауазымы) және орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан босатылады.
Еңбек демалысының түрлері мынадай:
— негізгі еңбек демалысы (негізгі жыл сайынғы ең төменгі немесе жылдық негізгі ұзартылған);
Жыл сайынғы негізгі ең аз еңбек демалысының ұзақтығы 21 күнтізбелік күнді құрайды. Осы мерзімнен аз еңбек демалысын беру еңбек заңнамасының талаптарын бұзу болып табылады.
Негізгі ұзартылған демалыс
Еңбек кодексінде жыл сайынғы ұзартылған негізгі еңбек демалысының мерзімдері де белгіленген, оған сәйкес жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, мыналарға жыл сайынғы ұзартылған негізгі еңбек демалысы беріледі:
- 18 жасқа толмаған адамдар үшін — 30 күнтізбелік күн;
- I және II топтағы мүгедектерге — 30 күнтізбелік күн.
Заңда мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттары үшін жыл сайынғы ұзартылған негізгі еңбек демалысының ұзағырақ ұзақтығы белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен әкімшілік органдардың қызметкерлеріне ұзақтығы 27 күнтізбелік күн болатын жыл сайынғы негізгі ұзартылған еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары
Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы қосымша демалыстар мына жағдайларда:
- еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыста істейтін қызметкерлерге;
- қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлерге;
- бір ұйымда немесе салада көп жылдық тәжірибесі бар қызметкерлерге;
- заңдылықта, ұжымдық келісімшарттарда, сондай-ақ ұжымдық келісімшартта, ішкі құжаттарда, еңбек келісімшартында көзделген өзге де жағдайларда беріледі.
Еңбек кодексінің 220-бабына сәйкес, қызметкерге бір ұйымда немесе салада жұмыс істеген әрбір 5 жыл үшін күнтізбелік 2 күн, бірақ жалпы ұзақтығы 8 күнтізбелік күннен аспайтын жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы беріледі.
Мысалы, қызметкердің осы ұйымдағы немесе саладағы әрбір 5 жылдық еңбек өтілі үшін 2 күнтізбелік күн, 10 жыл жұмыс өтілі үшін 4 күнтізбелік күн, 15 жыл жұмыс өтілі үшін 6 күнтізбелік күн, 20 жыл немесе одан да көп жұмыс өтіліне 8 күнтізбелік күн беріледі.
Заңдылықта, ұжымдық келісімшарттарда, сондай-ақ ұжымдық келісімшартта, өзге де ішкі құжаттарда немесе еңбек келісімшартында 220-баптың бірінші бөлігінде көзделген жыл сайынғы қосымша еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтіліне басқа жұмыстағы немесе басқа саладағы еңбек өтілі жатқызылуы мүмкін..
Демалыстардың ұзақтығын есептеу
Қолданыстағы Еңбек кодексінде демалыс кезеңдері күнтізбелік күндермен есептелетіндігі көрсетілген. Ескі Еңбек кодексінде демалыс кезеңдері жұмыс күніне есептелетін, демалыс уақытын есептеу кезінде аптаның жексенбі күндері есепке алынбаған. Енді қызметкерлердің жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстарының ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысы мерзіміне тура келетін жұмыс істемейтін мереке күндері еңбек демалысының ұзақтығын анықтау кезінде есепке алынбайды.
Заңда белгіленген мереке күндерін біріктіру кезінде барлық жағдайларда олардың ұзақтығы бір жұмыс жылында күнтізбелік 56 күннен аспауы керек.
Жұмыстың бірінші жылы үшін жыл сайынғы еңбек демалысы мына санаттағы қызметкерлерге жұмыс істеген уақытына тепе-тең төлеммен толық көлемде беріледі:
- білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары мен әдіскерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысы оқушылардың жазғы демалысы кезінде беріледі. Осы санаттағы қызметкерлердің екінші және одан кейінгі жұмыс жылдары үшін жыл сайынғы еңбек демалысы толық көлемде төленеді;
- бірінші жұмыс жылында алты айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер — оларға негізгі жұмысы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысымен бір уақытта еңбек демалысы берілген кезде.
Еңбек демалысын есептеу кезінде қызметкердің жұмыс істеген жылы
Жұмыс берушілер қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысын беру үшін жұмыс жылын есептеуде қателіктер жіберетін жағдайлар көп.
Жұмыс жылы — қызметкердің нақты жұмыс берушіде он екі айға тең және нақты жұмысқа орналасқан күнінен бастап есептелетін жұмыс уақыты. Мысалы, егер қызметкер 2015 жылдың 4 авгусында жұмысқа қабылданған болса, бұл қызметкердің 2023 жылғы еңбек демалысы жұмыс істеген жылы 04.08.2022 жылдан 04.08.2023 жылға дейін деп есептеледі.
Демалысқа құқық беретін қызмет өтілі
Еңбек кодексінің 226-бабында жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілін есептеу тәртібі белгіленген.
Жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына және бір ұйымда немесе салада көп жыл жұмыс істегені үшін қосымша демалысқа құқық беретін еңбек өтілі мыналарды қамтиды:
- жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыт;
- қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ еңбек туралы заңнамаға және еңбек туралы басқа да құқықтық құжаттарға, еңбек келісімшартына сәйкес өз жұмысын (лауазымын) сақтаған уақыт мерзім, оның iшiнде жыл сайынғы еңбек демалысы, демалыс күндері жұмыс емес мереке күндерi, сондай-ақ заңнамада белгіленген өзге де мерзімдер;
- еңбек келісімшарты заңсыз бұзылғанда, қызметкер басқа жұмысқа ауыстырылған немесе жұмыстан босатылған, ал келешекте ол бұрынғы жұмысын қалпына келтірілген кездегі міндетті түрде жұмыстан босатылған уақыт;
- егер медициналық куәландырудан өтпеуі немесе еңбекті қорғау саласындағы білімі мен дағдысы бойынша тестілеуден өтпеуі қызметкердің кінәсінен болса, міндетті медициналық тексеруден немесе еңбекті қорғау саласында оқудан өтпеген және білімі мен дағдысы тексерілмеген қызметкерді жұмыстан босату мерзімі;
- егер қызметтiк тексеру нәтижелерi бойынша қызметкердiң еңбек мiндеттемелерiн бұзудағы кiнәсi расталмаса немесе еңбек мiндеттемелерiн бұзу фактiсiнiң өзi расталмаса, осы кезеңде қызметтік тексеру кезінде қызметкер жұмыстан шеттетiлген кезең;
- қызметкердің өтініші бойынша жұмыс жылы ішінде екі аптадан аспайтын жалақысы сақталмайтын демалыстар уақыты;
- келісім шарттарда, сондай-ақ ұжымдық келісімшартта және ішкі құжаттарда еңбек келісімшартының талаптарында көзделген өзге де мерзімдер.
Жыл сайынғы негізгі еңбек демалысын алуға құқық беретін еңбек өтіліне мыналар кірмейді:
- қызметкердің дәлелді себепсіз жұмыста болмаған уақыты;
- 226-баптың бірінші бөлігінің төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыстан шеттетілген кезеңдер;
- бала күтіміне арналған демалыс уақыты.
Сондай-ақ, кейбір жағдайларда жұмыс беруші жыл сайынғы еңбек демалысын есептеген кезде қызметкердің жүктілігі мен босануы бойынша демалыста болған уақытын, еңбекке жарамсыздық кезеңінде уақытын есепке алмайтыны байқалады. Бұл еңбек заңнамасын бұзу болып табылады.
Ұзарту немесе кейінгімерзімге қалдыру
Қызметкерлер жыл сайынғы еңбек демалысын мына жағдайларда ұзартуға немесе кейінге қалдыруға құқылы:
- еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
- жүктілік және бала күтімі бойынша демалыс кезеңі басталғанда;
- жылдық еңбек демалысы оқу демалысымен сәйкес келген кезде;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде, егер заңдылықта мұндай мiндеттердi атқарғаны үшiн жұмыстан босату көзделген болса;
- ұжымдық келісімшарттарда немесе ұжымдық келісімшартта көзделген өзге де жағдайларда.
Қызметкер жыл сайынғы еңбек демалысын пайдалануға кедергі болатын себептер туралы жұмыс берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Жыл сайынғы еңбек демалысы осы демалыс берілген жұмыс жылының соңына дейін жыл сайын берілуі тиіс.
Ағымдағы жылы өндірістік себептерге байланысты жыл сайынғы толық еңбек демалысын беру мүмкін болмаған ерекше жағдайларда қызметкердің келісімімен он төрт күнтізбелік күннен асатын демалыс бөлігі келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін және ол міндетті түрде осы жыл ішінде пайдаланылуы тиіс.
Айтпақшы, қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысы уақытына ақы төлеу ұжымдық келісімшартта, ішкі құжаттарда немесе еңбек келісімшартында белгіленген мерзімдерде, бірақ демалыс басталғанға дейінгі соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Жұмыс кезеңінде қызметкерлерге Еңбек кодексінің 217-бабында белгіленген демалыстың ең аз ұзақтығына қосымша олардың қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы үшін өтемақы төленуі мүмкін.
Үргут аудандық Әділет басқармасының заңды қызмет көрсету орталығының басшысы,