July 9, 2023

ӨЗБЕКСТАНДА BPO ЖӘНЕ IT-АУТСОРСИНГТІК КОМПАНИЯЛАР БАЗАРЫ ДАМУДА  

“Digital Leadership Uzbekistan 2023” халықаралық форумы астанамызда өтіп жатқан “Жаңа Өзбекстан: даму, инновация және ағарту” халықаралық серіктестік бастамалар апталығы аясында өтті.

Бұл форум Өзбекстанда өз бизнесін әлемге көрсеткісі келетін компаниялардың қатысуы үшін қажетті шаралардың бірі болып табылады. Форумға 300-ден астам BPO (Business Process Outsourcing) және IT-аутсорсинг компаниялары, шетелдік ұйымдар, кәсіпкерлер және әлемнің түкпір-түкпірінен 20-дан астам спикерлер қатысты. Бұл компанияларды BPO ІТ-аутсорсингі мен ВРО қызметтерінің жетекші провайдері ретінде ілгерілетуге тамаша мүмкіндік береді.

— Бүгінгі шараның басты мақсаты — шетелдік серіктестер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін елімізде соңғы жылдары цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер мен болашақта жоспарланған мақсаттарымыз туралы хабардар ету, — дейді Электрондық үкімет жүйесін дамыту басқармасының бастығы А.Султанов. Шараға цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов және халықаралық сарапшылар қатысты.

Бірқатар реформалардың нәтижесінде соңғы жылдары электрондық үкімет, цифрлық экономика, ІТ-білім беру саласында ауқымды жұмыс жүргізілді. Министрлік өзі үшін көптеген тапсырмаларды орындауды жоспарлады. Атап айтқанда, қазір электрондық қызметтер саны интерактивті мемлекеттік қызметтердің Бірыңғай порталында 440-қа жетті. Жыл соңына қарай бұл санды 570-ке жеткізу жоспарлануда. Бұдан басқа, деректер алмасуды жолға қою арқылы тұрғындардан 40-тан астам қосымша мәлімет сұрауын жою жоспарлаған.

Форумға қатысқан кәсіпкерлер өз компанияларын көрсетумен қатар, Өзбекстандағы BPO және IT-аутсорсингтік компаниялардың базарымен және жұмыс жағдайларымен танысуға мүмкіндік алды.

Н.РАХМОНОВА,

ӨзА-ның тілшісі.