ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ
Жастар — ел үмітін арқалап, жарқын болашақтың іргетасын қалайтын елдің ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сондықтан жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен жаңғыртылуы жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.
Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың рәмізі болған. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне өз үлестерін қосып келуде. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” дегендей, болашағын ойлаған мемлекет бүгінгі жастарының жағдайын тасада қалдырмауы хақ. Осындай үстанымды ту еткен Президентіміз Шавкат Мирзияев осыдан тура алты жыл бүрын жастар қозғалысы съезіне қатысып, 30 июньді елімізде “Жастар күні” деп жариялауды үсынған болатын. Содан бері бүл күн елімізде үлкен мереке ретінде тойланып келеді.
Отанымыздың тағдыры мен болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға, оған өзінің барлық білімі мен әлеуетін бағыттауға қабілетті дені сау әрі үйлесімді дамыған үрпақты, мақсатқа үмтылған және жігерлі жастарды тәрбиелеу — еліміз үшін өмірлік маңызы бар басты мәселе. Сондықтан да елімізде білімді де білікті жастарды қолдап-қуаттау мақсатында білім беру саласына да айрықша көңіл бөлініп, жастар саясаты аясында көптеген қүқықтық қүжаттар қабылдануда.
Болашақтың кілті, елдің ертеңі — білімді жастар. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, мамандықты дүрыс таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды. Елімізде білім беру саласымен қатар спорт саласына да үлкен көңіл бөлініп жатыр. Соның жемісі ретінде үстіміздегі жылдың өзінде Өзбекстан жастары халықаралық деңгейде өзін көрсетіп, еліміздің атын әлемге танытуда. Атап айтар болсақ, футбол, шахмат, бокс спорт түрлері бойынша еліміз алдыңғы қатарда көш бастап келе жатыр.
Білім, ғылым, спорт қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз бәсекеге қабілетті түлға болуы керек. Ол үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті түлға білімді және міндетті түрде тәрбиелі де болуы қажет. Осы түста жетілген түлғаны тәрбиелеу үшін ғүлама ғалым, ойшыл, философ Әл-Фараби: “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі” деген басты қағиданы үсынған болатын. Бүл қағиданың қазіргі таңдағы өзектілігі зор. Мемлекет жастардың білім алу мәселесіне қатысты, олардың бәсекеге қабілеттілігін аса маңызды міндет қылып отыр. Қазіргі ақпараттар, жетік технологиялар мен инновациялар заманы. Сәйкесінше, бүкіл өркениет осыған бейімделіп, инновациялық жаңашылдықтарға толы қоғам қалыптасып келеді. Осындай экономикалық, кәсіпкерлік ортада табысты жүмыс істеп, жаңа мүмкіншіліктерді анықтап, инновациялық бизнес-идеялардың туындауы үшін, әрине білімді, ақыл-ойдың ширақтылығы, ақпараттарды жинақтау және талдау қабілеттерінің болғаны абзал. Жастарды білім және ғылым жолына салып, болашаққа бағдар беру, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін үстату мемлекет пен қоғамның міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық мықты мемлекеттер жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы үрпақ болып жетілуіне күш салу керек.
Тәуелсіз елде туған перзент ол, батыл қадаммен өмірге келетін күш! Ел болашағын өзгертетін әлеуеті бар, жан-жақты дамыған перзент! Бір сөзбен айтқанда, “Жаңа Өзбекстанның” жарқын болашағы!
Мақаланы Назым Хикметтің жалындаған жастардың жігеріне жігер қосатын мына бір жыр жолдарымен аяқтасақ деп едік,
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ.