КӘСІПКЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгінде еліміздегі жастардың кәсіпкерлік саласына деген қызығушылығы мен назарын арттыру маңызды мәселе саналады. Бұл арқылы олар өз қажеттіліктерін орындап қана қоймай, еліміздің дамуына үлестерін қоса алады.
Осы орайда ұйымдастырылып жатқан кәсіпкерлердің жастармен кездесуінде жастар көптеген сұрақтарға қажетті жауаптар алып жатқаны қуанарлық жайт.
Мысалы, жуырда Жызақ облысының Шароф Рашидов аудандық мектепке дейінгі және мектепте білім беру бөлімі қарамағындағы №12 жалпы орта білім беретін мектепте осындай жиын өтті.
Аталмыш аудандағы “Еуро Азия Моторс” жауапкершілігі шектеулі қоғамының басшысы, кәсіпкер Акмал Ахмедовпен кездесуде жұмыс бастау барысындағы алғашқы қадамдар, қол жеткізген жетістіктер мен туған жерді өркендету жолындағы маңызды істер туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Онда кәсіпкер жастарға жеке бизнес бастаудың жолдары мен кездесетін түрлі қиыншылықтарды жеңіп өтудің жолдарын үйретті. Әрі өз қоғамындағы жұмыстардың өсу қарқыны неге байланысты екенін түсіндірді.
Одан ынталанған жастар жағы да болашақтағы өздерінің алға қойған мақсаттарын кәсіпкерге, жалпы жиналған көпшілікке айтып, ішкі ойларын жеткізді. Алда олардың баршасы да сүйікті Отанымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндерін ерекше ескерді.
Мектеп ұжымы да жас оқушыларға берілген ақпараттар, өмірлік тәжірибелер қызу сұрақ-жауаптарға өз ризашылықтарын білдірді. Мұндай кездесулер қазірде жер-жерлерде өз жалғасын табуда.