December 2, 2023

“ҰСТАЗЫМА, МЫҢ АЛҒЫС”

Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған асыл жан. Ұстаз қасиетті мамандық иесі, өте қайырымды, мейірімді оқушыға деген жәрдемін аямайтын жан.

Ұстаз деген кім? Ұстаз шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу барлығыныңда қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Ұстаз дәрігер сияқты жас оқушылардың болашағына жауапты болады. Ата-анамыз өмірге әкелген күннен бастап жүруге, оқуға, санауға, жазуға, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екенін үйретті. Дегенмен ата-ананың үйде берген тәрбиесі жеткіліксіз. Ата-анамыздан кейін ақылын айтып, ар-ұятты үйретер бірден-бір адам ол — ұстаз.

Осыдан он бір жыл бұрын ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, “Әліппе” кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен менің сүйікті де, ардақты ең алғашқы ұстазым — Мария апай Ташметова.

Ол кісі менің ақылшым, алғашқы данышпаным, өмірге бағыттаушым болды. Қазіргі күнде мен сол алғаш білімімен өмір жолында шарықтап келемін. Бәрімізді баласындай көріп, ақылын айтып, көп дүниелерді үйретіп жүретін осы жанның орны біз үшін әрқашан ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол — алғашқы ұстазым.

Бастауыш сыныпта жылап әрең үйренген Әліппем, бүгінгі күні маған «Әдебиет» деген үлкен өмірге барар жолды ұстазым Эльмира Джумашовадан тапқан болдым. Эльмира ұстаз өз ісінің шебері. Өйткені бізге қиын кездерде қол ұшын созудан шаршаған емес. Ұстазым алтыннан да бағалы ойларын, ақыл кеңестерін беруге әрда­йым дайын. Оның болмысынан өз мамандығын сүйетін мұғалім екендігін көргенде бірден түсінуге болады.

Әр оқушының пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екенін баршамызға белгілі. Эльмира ұстаз қазақ тілі және әдебиет пәнінен мұғалім болатын. Менің осы жетістікке жетуім, студент атанғаныма үлкен үлесін қосып Қазақ тілі және әдебиет пәнін жас кезімнен үйретіп келген ұстазыма алғысым шексіз.

Ұстазымды мәңгі өлмейтін үлгі дер ем,

Өйткені орны бөлек өзгелерден

Ұстазым еш жалықпай білім беріп,

Көңілге нұр өмірлік азық берген.

Мен өзім шәкірт емес балаңдаймын,

ЖаЅанды жаяу жүріп араласам,

Сіздей жанды ешқашан таба алмаймын, —

деп ұстазыма өлең шумақтарын арнаймын.

Ғажайып дүние сырын ұқтырып білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған №27 мектеп ұжымы ұстаздарына алғысым шексіз. Мектептің тірегі мен жүрегі болған Кенжегүл Сутенова, Лала Жұманова, Элмира Жолдасова, Ержігіт Анарбаев, ЖаЅангір Өмірбаев сияқты ұстаздар­ға мәңгілік тағзым.

Диана МАХАНОВА,

Шыршық мемлекеттік педагогикалық университеттің қазақ тілі мен әдебиет бағытының 1- курс студенті.