ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР ЗАҢ ШЫҒАРУ ПАЛАТАСЫНДА
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасында Өзбекстан Республикасы Президентін сайлауға байланысты елімізге келген бақылаушылардың бір топ өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Атап айтқанда, Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмаилов Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауына халықаралық бақылаушы ретінде қатысу үшін елімізге келген Қырғызстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары Нурланбек Азигалиев бастаған делегация мүшелерімен кездесті.
Заң шығару палатасының Бюджет және экономикалық реформалар комитетінің төрағасы Ш.Назаров, елімізге халықаралық бақылаушы ретінде сайлауға қатысуға келген Литва парламентінің Экономикалық мәселелер комитетінің төрағасы К.Стеркевичуспен кездесті.
Парламент төменгі палатасының Халықаралық істер және парламентаралық байланыстар комитетінің төрағасы Дилором Файзиева Президент сайлауында халықаралық бақылаушы ретінде елімізге келген Эстония парламентінің Сыртқы қатынастар комитетінің төрағасы Марко Михелсонмен, Латвия Сеймінің Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Рихардс Колспен, Латвия Сыртқы істер комитетінің кеңесшісі Артурс Ефимовспен кездесті,
Спикер орынбасары Алишер Қодиров Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына халықаралық бақылаушы ретінде қатысу үшін елімізге келген Австрия Ұлттық Кеңесінің депутаты, “Австрия — Орталық Азия” парламентаралық достық тобының басшысы Эва Эрнст-Дзедзичпен кездесті.
Бұл кездесулерде елімізде өткен Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы талқыланды. Сонымен қатар парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту туралы пікір алмасылды.