Кеңестік Қазақстанның көрнекті әйелдері.
Тарих қойнауынан әйел қауымынан талай мықты әрі көрнекті тұлғаларды кездестіре аламыз. Алайда қазіргі уақытқа дейін талай әйел еңбектері не айтылмайды, не ер адам атына жазылып кетеді. Бұл бүкіләлемде орын алып отырған жағдай.Қазақстан тарихы беттерінде алтын әріппен жазылған талай көрнекті апаларымыз бар. Басты мәселе – білмейміз, білуге тырыспаймыз немесе толыққанды әрі нақты ақпарат жеткіліксіз. Сол себепті бүгінгі мақаламызда Кеңестік кезеңнен қазіргі күнге дейін еңбегі сіңге көрнекті қазақ әйелдері туралы айтпақпыз.
ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
1941 жылы 22 маусымда өз бастауын алған қанды Ұлы Отан соғысы талай жанның өмірін өзімен ала кетті. Осы кезеңде талай қазақстандық жауынгерлер батылдығымен танылған еді. Солардың ішінде қаһарман әйелдеріміз бар. Оларға Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанованы жатқызуға болады.Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Екі ұлдан кейін дүниеге келген қызының қарақаттай көздеріне қарап анасы «Моншағым» деп еркелетеді. Атын айтуға тілі келмеген кішкентай Мәнсия өзін «Мәншүк» деп атап кетеді. Үш жасар Мәншүкті әкесінің інісі Ахмет асырап алғысы келетіндігін айтып өтініш жасайды. Ата-анасы баласын қимағанымен қыздарының қалада оқып, болашағы жарқын болғанын қалайды. Осылайша қазақтан шыққан алғашқы дәрігер – Ахмет Мәметов жұбайы Әминамен Мәншүкті Алматыға алып кетеді. Батыр қыз балалық, жастық шағында Әмина Мәметованың тәрбиесін көреді. Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Кейіннен әке жолын қуып, медицина институтына оқуға түседі. 1937 жылы дәрігер Ахмет Мәметов «халық жауы» деген айыппен қамауға алынады. «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта», - деген екен Ахмет әйеліне айтқан соңғы сөзінде. Жайсыз оқиғадан кейін Мәншүктің анасы Әминаның да басқан ізі аңдулы болып, соғысқа дейінгі жылдары көп қиындық көреді. Тұрмыстары төмендеп кеткеннен кейін ол Халық комиссарлар кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінде хатшы-машинист қызметін атқарады. Жұмыстан бос кезінде жалпыға міндетті соғыс өнерін үйрену сабақтарына қатысып, қару-жарақтың барлық түрін меңгеруге күш салады. Соғыс басталған жылы Мәншүк анасы Әминаның үйін тастап, жатақханаға көшеді. Небәрі 18 жастағы Мәншүктің жоспарларының бәрі кейінге шегеріледі. Бойжеткен әкесінің атылып кеткенін білмей, кеңес үкіметін қорғап, айдаудағы жақын адамын құтқару үшін майданға аттанады. Себебі, ол кезде қоғамда « «Халық жауының» балалары өз еркімен майданға аттанса, ата-анасының бар жазасы кешіріледі» деген сөз тарады. Осы сөз құлағына тигелі Мәншүк бір жыл бойы әскери комиссариатқа әскерге бару туралы өтініш жазады.
«Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмін, қазір Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі төрағасы орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, сізден ағаларыммен және апаларыммен бірге фашист-қарақшыларды талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді. Өйткені майданға баратындай ағайым да, апайым да жоқ, сол себептен де өзім сұранамын. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі. 27.08.1941ж.(М.Мәметова)»
Батыр қыз майдандағы алғашқы тапсырмасын подполковник Мостовтан алған-ды: екінші атқыштар батальоны штабының құжаттары бар папканы тиісті жерге жеткізуі керек болды. Осы кезде байланысшылар тобының фашистердің қолына түсіп қалғанына қарамастан, Мәншүк тапсырманы сәтті орындап, қошемет сөз естіді.Мәншүк Мәметова жаумен шайқасып қана қоймай, санитарлық қызметті шебер атқарды. Өлім аузында жатқан майдандастарына қолдан келгенше көмектесті.1942 жылы Великие Луки қаласын жау қолынан азат ету үшін барын салып шайқасты. Осы кезде оған медициналық институттағы бір жылдық білімі көп көмектесті. Кейін құрамында Мәншүк бар Ушаков батальоны Бурцевоны қорғауға аттанды. Ауыл төрт мәрте қолдан-қолға өткендіктен, шайқас тартысты болды. Осы кезде қазақ қызы жауға қарсы пулеметтен оқ жаудырды. Көптеген сарбазынан айырылған неміс әскері кейін шегінуге мәжбүр болды.Көп ұзамай пулеметшілер батальонына алынған Мәншүк бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алды. Осы батальон 1943 жылдың күз айында Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысты. 1942 жылғы 13 тамызда еліміздің сол кездегі астанасы Алматы қаласынан Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылған 100-ұлттық атқыштар бригадасы жасақталады. Бес мыңға жуық жауынгердің арасында Нұржан Құсайынов, Райымбек Бәйсейітов, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин және Сұлтан Жиенбаев сынды қазақтың біртуар азаматтары да болды. Оның ішінде екі қазақ қызы да бар еді: Мәншүк Мәметова мен Мәриям Сарлыбаева. 1941 жылдың басында Мәншүктің қасынан табылып, демеу болған замандас досы, танымал жазушы Ілияс Есенберлин былай еске алады: «Біз екі жігіт, Мәншүктің жақын достары, барлық қиыншылық, ауыртпалықты көрдік, тірідей жетім Мәншүкті барынша жұбатып, демедік. Ол әкесі Ахметтің ұсталып кеткеніне қатты қайғырды, ешқандай тағат таппады, әкесімен кездесуге сұранды, инстанция бойынша да жазды, яғни әкесі Ахмет Мәметовтың кінәлі емес екендігін дәлелдеу үшін. Бірақ өкінішке қарай, мұның бәрі бос әурешілік болды. Бір кешкі уақытта біз оның байлығы: шереден жасалған сандықша толы жеке заттарын алып үйінен жатақханаға көшірістік. Жұмыстан бос кезімізде Мәншүктің жанында болуға тырыстық».
Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов майданға аттанар сәтін былай еске алады: «Біздің санымыз 100-бригада қатарында І Алматы станциясынан аттанарда 4889 болды, ал Жоғарғы Қолбасшы И.Сталиннің жеке өкімімен эшолон аттанарда қатарымызға Мәншүк қосылып, санымыз 4890 адам болды» дейді.1943 жылдың қазан айында Мәншүк әскери қызметте болған батальонға Изоча станциясын еш шығынсыз жаудан азат ету туралы бұйрық беріледі. Псков облысындағы Невель қаласын жаудан босату үшін Изоча стансасындағы 173,7 биіктікте сұрапыл ұрыста қазақтың жаужүрек пулеметші қызы өзінің «Максимімен» бірге құйындата оқ боратып, 70 неміс фашисін жер жастандырады. Қасық қаны қалғанша жаумен қасқая күрескен қазақтың батыл да батыр қызы Мәншүк 1943 жылғы 15 қазанда ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.
«15 қазанда Мәншүк қаза тапты. Бұл қаралы хабарды біз сол қырғын ұрыс болған күннің түнінде естіп, қабырғамыз қайысты. «Мәншүк өлді» деген хабарды естігенде тірі қалған солдаттар тегіс жыладық. Мәншүк ортамыздағы жалғыз гүліміз еді. Анамызды да, апамызды да, қарындасымызды да, сүйген жарымызды да біз сол арқылы көзімізге елестетуші едік», - деп жазады Мәншүктің қаруласы Әзілхан Нұршайықов өзінің «Невель түбінде» атты деректі туындысында.
Кіші лейтенант Болат Ахметжанов аталмыш ұрыс туралы естелігінде мынадай деректер келтіреді: «Біз жақтан адам өлімі көп болды, сондықтан позицияны тастап артқа шегінуге мәжбүр болдық. Кері шегінер жолда басынан жарақаттанған, ұрыс даласында бір өзі ғана қаза тапқандардың пулеметін қайта тұрғызып, орнына қойып жатқан Мәншүкті көрдік. Біз одан 4-5 шақырым қашықтықта алшақ тұрғанбыз, оған бізбен бірге жүр дегенде, ол «Өздерің бара беріңдер, егер мен кетсем, сендерді кім қорғап қалады», деп қарсылық білдірді. Ол көнбегесін, біздер кете бердік. Біраздан соң тылда өлі тыныштық орнады, біздер бір-бірімізге аң-таң күйде қарап: «Бәрі бітті», деген Болат Ахметжанов естелігін былай аяқтайды: «Осыларды еске түсіре отырып, менің айтқым келетіні, егер Мәншүк бізді жаудан қорғап қалмағанда, қазір тірі болмас едік, сондықтан біз өмір бойы Мәншүкке қарыздармыз!».
«Комсомолдың Орталық комитетінің бірінші хатшысы Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын берген Калининнің өзіне барам. Тіпті Ворошиловқа кірем. Одан түк шықпаса, менің Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды берем», - деген Кеңес одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің табандылығы мен өжеттілігімен 1944 жылғы 1 наурызда Мәншүк Мәметоваға Батыр атағы беріледі.
Мәншүк Мәметованың атында Невель, Алматы, Орал және басқа да қалаларда көшелер бар. 1931-1937 жылдары батыр қыз білім алған Алматы қаласындағы №28 лицейге Мәншүк Мәметованың есімі берілген. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі, Ақтөбе медициналық колледжі Мәншүк есімімен аталады.Ақын, жазушы Мәриям Хакімжанова 1945 жылы қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі туралы «Мәншүк» поэмасын жазса, 1969 жылы «Мәншүк туралы дастан» (сценарий авторы - Андрей Михалков-Кончаловский, режиссері Мәжит Бегалин) көркем фильмі түсірілген.
Хиуаз Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Гурьев облысында, Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласының № 1 мектебін алтын медальмен бітірді. Сол жылы ол аэроклубта оқуын сәтті аяқтады, содан кейін Мәскеуге Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына оқуға түсті. Қолынан келмеді. Содан кейін Бірінші Мәскеу медициналық институтына құжаттарды тапсыруға шешім қабылдады және ол емтихансыз қабылданды.1941 жыл, соғыс басталды. 1941 жылы аты аңызға айналған ұшқыш Марина Раскованың бастамасымен жен қимылдарына қатысу үшін әйелдер авиациялық полкі құрылды, онда Доспанова Жуковский атындағы Әскери-әуе академиясының штурман сыныбында оқудан өтіп, запастағы ұшқыш болып қабылданды. 1942 жылдың көктемінде түлектерге алғашқы жауынгерлік тапсырмалар берілді. Осылайша, әлемдік авиация тарихында жеңіл бомбалаушылардың алғашқы әйелдер полкі пайда болды.Полк шын мәнінде тек әйелдерден тұрды, әлсіз жыныстың өкілдері тек ұшқыштар мен штурмандар ғана емес, сонымен қатар механиктер мен техниктер болды. Әуе полкінің саны-115 адам, Қыздар небәрі 17-ден 22 жасқа дейін болды. Хиуаз Доспанова басқа қыздармен бірге Саратов маңындағы мектепке барды. Штурман бөліміне түсті. 1941 жылы 26 қазанда болашақ ұшқыштар Энгельс қаласындағы полк құру орнына келді, онда ұшқыштардың әскери авиация мектебінде жедел оқыту курсынан өтті. Хиуаз Доспанова 588-ші түнгі бомбалау әуе полкіне штурман-атқыш ретінде қабылданды. Қыздар По-2 ұшағымен ұшты. Бұл екі ашық кабинасы бар ағаш биплан. Олар тек түнде әуеге көтерілді, күндіз мұндай ұшақ жау үшін өте оңай нысана еді. Әр түн сайын қыздар 5-10 рейске шықты. Жауынгерлік есепте жау позицияларына мыңдаған рейдтер, оқ-дәрілер мен әскери мүліктері бар жүздеген жарылған қоймалар, көптеген жойылған атыс нүктелері бар. Олар Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украинада және Беларуссияда жауынгерлік тапсырмаларды орындады.Хиуаз өзінің алғашқы жауынгерлік ұшуын өмір бойы есіне сақтады. Катя Пискарева мен Хиуаз Доспанованың "Стрекоза"-сы зениттік шабуылдың астында қалды. Бірақ олар тапсырманы орындады. Х. Доспанова алғашқы жарасын Кавказдағы шайқастарда алды. Қорқынышты трагедия 1943 жылы 1 сәуірде болды. Бірінде Хиуаз ұшқан екі ұшақ бір уақытта жауынгерлік тапсырмадан оралды. Қону кезінде аэронавигациялық шамдарды жасыру үшін сөндірілгендіктен, машиналар ауада соқтығысқан. Үш ұшқыш қайтыс болды. Хиуазда алдымен өмір белгілері болған жоқ, бірақ содан кейін дәрігерлер кездейсоқ кірпіктердің қозғалысын байқады. Қыздың өмірі құтқарылды, бірақ аяғынан гангрена басталды. Аяқ-қолдары гипстелген ол Эссентукиге жеткізілді. Операция жасалды, емдеуден кейін Хиуаз жауынгерлік қызметке оралды. Ол өздігінен ұшаққа отыра алмады, достары көмектесті. Ал тапсырмадан оралғанда, ол ұзақ уақыт бойы жауынгерлік машинадан шыға алмады. Нәтижесінде ол жердегі қызметке ауыстырылды – байланыс штабын басқарды.Өзінің жауынгерлік қызметінде Хиуаз Доспанова 300 рет ұшу орындады. Полкімен бірге Германияға "жетті". Тек Германия аумағында "Түнгі мыстандар" екі мыңнан астам миссия жасады. Соғыс жылдарында олар үш миллион келіге жуық бомба, 26 мың тұтандырғыш снаряд тастады. Шайқаста 32 қыз қаза тапты.
Батырлығы мен қайсарлығы үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, "Кавказды қорғағаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды.
1945 жылы Хиуаз Доспанова үйіне Орал қаласына екінші топтағы мүгедек болып оралды. 23 жасында ол Алматыдағы жоғары партия мектебіне оқуға түсті. Отбасын құрып, екі рет ұлды болды. Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы болды. 37 жасында аты аңызға айналған ұшқыш Х.Доспанова зейнетке шықты. Ол соғыс және жауынгерлік ұшу туралы естеліктерін "Раскованың басшылығымен" кітабында баяндады.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Хиуаз Доспанова Қазақстанның ең жоғары марапаты - "Халық Қаһарманы" Алтын Жұлдызын жеңіп алды.
Ержүрек ұшқыш 2008 жылы 86 жасында қайтыс болды.
Хиуаз Доспанованың есімін Алматыдағы көше, сондай-ақ Атырау қаласындағы Спорт сарайы мен халықаралық әуежай алып жүр. 2005 жылы Қазақстанның атақты әскери ұшқышы туралы "Хиуаз Доспанова. Рахмет айтуға үлгеру" атты фильм түсірілген. 2010 жылдың 7 мамырында Атырау қаласында ұшқышқа арналған ескерткіш ашылды. 2017 жылы Орал қаласында Мәншүк Мәметова атындағы алаңда "қазақ халқының даңқты қыздары" мүсіндік композициясы ашылды. Ұлы Отан соғысының Батырлары – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова қолада мәңгі қалды.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Қобды ауданына қарайтын Бұлақ ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Ілия. Әкесінің есімі Нұрмұхаммед Сарқұлов, анасы Маржан Молдағұлова. Әлияның Бағдат есімді артынан ерген інісі болды. Бірақ, Әлия 8 жасқа келгенде анасы қайтыс болып, әкесі екі баламен жазғыз қалады. Бұл кезең өте қиын болатын және әйелінен айырылған Нұрмұхаммед қызын әжесінің тәрбиесіне беруге мәжбүр болады. Осылайша, Әлия нағашы ағасы Әбібәкір Молдағұловтың отбасында өмір сүріп, балалық шағы өзімен қатарлас туысы Сапурамен бірге өтеді.1935 жылы Молдағұловтар отбасы Мәскеуге, ал кейінірек соғыс алдында Санкт-Петербургке көшеді. Отбасылық жағдайға байланысты ағайы Әлияны №46 қалалық балалар үйіне береді. Осылайша, күздің сұрлы бір күнінде Ленинградтағы балалар үйіне көзі сәл қысыңқы 12 жасар қазақтың қараторы қызы түседі. Балалар үйіндегі орыс достары оны Лия деп атай бастады. Оларға Ілия дегеннен осылай атаған ыңғайлы болды. Ол балалар қатарына бірден қосыла алмады. Бала Әлия жолдастарына мұқият қарап, бірте-бірте олардың көңілін баурай бастады. Әлияның сабақ үлгерімі жақсы болды және ол пионерлер құрамында да белсенді жұмыс істеді. Сол еңбекқорлығының арқасында Артекке жолдама алды.1942 жылдың желтоқсанында, майданға аттануға деген үздіксіз өтініші бойынша Әлия снайпер нұсқаушылар мектебіне оқуға түседі. Сол күндері екі қыз Лия мен Надежда Матвеева дос болып кетеді. Кейіннен Надя Лияның серіктесі болды, олар бірігіп снайпермен шабуыл жасайтын.Дивизияның саяси бөлімінің құжаттарының бірінде: «1943 жылдың қазан айынан бастап желтоқсанға дейін, біздің бөлімше қорғаныста болғанда Лия Магдагулова (Әлия Молдағұлова) фашистерді үздіксіз аңдып, өзінің мергендігімен 32 фашисті жойды» делінген.1943 жылдың желтоқсан айының ортасында, қорғаныс желісін жаңа бөлімдерге өткізгеннен кейін, бригада алдағы шабуылға дайындалу үшін Новосокольников ауданына аттанады. Ал кіп-кішкентай нәзік қыз осы уақыттың ішінде нағыз жауынгерге айналады. Майданда снайперлерді қорғап, олармен арнайы қажеттіліксіз тәуекел етпеуге тырысса да, әртүрлі қиын ұрыстарда да снайперлер жүрді. Және олар барлауға да, шабуылға және қорғанысқа да баруға мәжбүр болды.Бірде Әлия қарапайым шаруаның киімін киіп, барлаушылармен бірге жаудың орналасқан жеріне аттанады. Тиісті жерге жеткенде Әлия ең соңғы тұрған үйге кіреді. Ал, онда екі неміс офицері тойлатып жатады. Сонда Әлия еш саспастан мылтығын алып үргерген немісті бір оқпен атып түсіреді де, екіншісін тұтқындап, жолдастарына әкеледі. Осылайша, Әлия тұтқынға алған неміс офицері кеңес командиріне құнды ақпарат берді.Тағы бір кезде топтық барлауға қатысқанда, ол жаудың тылынан бірінші болып неміс мина атқышын тауып алады. Сол кезде Әлия мина атқышқа жер жорғалап барып, оған граната тастайды. Осы батыл әрі шебер ерлігі үшін Әлияға марапат беріледі.1944 жылы қаңтардың бірінші жартысында кеңес әскері шабуылға шықты. Моисеев батальоны Новосокольники-Дноның маңызды теміржол желісін Насва станцияның маңында қысқартуға және қатты күшейтілген Казачиха кентін басып алуға тиіс болды. Осы кезде снайперші қыздар да қосымша оқ-дәрілерді алып, соғысқа қатысты. Жау қолы қолайлы тактикалық позицияны ұстай отырып, жойқын қарсылық көрсетті. Бұл ұрыста кеңес әскері үлкен шығынға ұшырады. Дегенмен, кеңес әскері адам шығынының көп болғанына қарамастан, жаудың қорғанысының бірінші желісін бұза алды. Насва теміржол вокзалына шабуыл жасау кезінде де Әлия батальон барлаушыларымен бірге әрекет етті. Жауынгерлер жау шабуылынан сәтті өткенімен, бірақ жолда атыс қайтадан басталып кетеді. Сол кезде Әлия жаудың мина атқышының кішкентай бір тасадан шығып тұрғанын байқап қалады. Сонда ол қолына граната алып, жер жорғалап жаудың мина атқышына жақындайды да, гранатаны лақтырып жібереді. Осы сәтте айналада тыныштық орнады. Осылайша, теміржол станциясына апаратын жол Әлияның арқасында ашылады.
Бұл шайқаста Әлия гранатаның көмегімен станция маңында қарда жасырынып тұрған жаудың пулеметшілер тобын бұзады. Содан кейін ол қарсы шабуылдарды жоюға қатысты. Оның ротасы 9 рет қарсыластың қарсы шабуылына төтеп берді. Әлия мүлт етпестен жауға соққы берді. Ол снарядтың сынықтары қолына түскен кезде де мылтығын тастамады. Тіпті, жарақаттанған жерін өзі таңып алатын. Ал оптикалық нысана бұзылған кезде, ол қолына автомат алып жауға қарсы шабуылын жалғастыра берді. Әлия мылтықпен де, гранатамен де епті әрекет ете отырып, 10 немістің көзін жойды.Басқа елді мекендер үшін де кескілескен ұрыс болды. Әлия тағы да жауынгерлерді өзімен ертіп кетіп, жаудың бекініс қорғанына бірінші болып кіріп, 12 неміс әскерін жойды. Жау әскері үш рет қарсы шабуылға шықты. Олардың бірінде Әлия автоматпен тағы 28 немістің көзін жойып жіберді.Воево кентіндегі шайқас кезінде де Әлия Молдағұлова жауынгерлерді артынан ерте отырып, шайқастардың алдында жүрді.
Әлия туысы Сапураға жазған хаттардың бірінде: «Менен ұзақ уақыт хат келмесе таңғалма. Осы мекен-жайға жаз, сонда себебін білесің. Туыстарға, ағайым мен апайыма менен сәлем айт. Егер балаларды көріп қалсаң, мен үшін беттерінен сүй. Өзіңнің денсаулығың, өмірің туралы жиі жазып тұр. Мен жүрегімдегінің бәрін жеткізіп бітпейтіндіктен, қайта жаза алмаймын. Бірақ, сен жиі жазып тұр қымбаттым. Бетіңнен сүйдім, Әлия!» деген еді. Өкінішке орай, бұл хат соңғысы болды.
Келесі күні таңертең ол, Казачиха ауылы үшін жүргізілген шайқастың алдыңғы қатарында жүрді. Қарсылас барлық жағынан бұл нысананы сақтап қалғысы келді. Жау қолы қарудың барлық түрімен оқ жаудырды. Бірақ, кеңес әскерінің қорғанысын ештеңе бұза алмады.Шабуыл кезінде неміс траншеяларына кірген алғашқы батылдардың қатарында Әлия Молдағұлова да болды. Жау әскері өздерінде солдат санының көп болғанына қарамастан, сескене қаша жөнелді. Бірақ, қатты ызаланған Әлия олардың ізіне түседі. Сонда тар ордан неміс офицері шыға келіп, Әлияны бас салады. Алайда, Әлия шімірікпестен күші бірдей болмаса да, неміс солдатымен жекпе-жекке түсті. Сонда Әлия айласын тауып, жерде жатқан мылтықты шапшаң көтеріп тұра қалды. Мылтық даусы бір мезгілде шықты. Өкінішке орай, жаудың атқан оғы батыл патриот қыздың кеудесіне тиіп, бірнеше сағаттан кейін Әлия Молдағұлова қайтыс болады. Бірақ оның өлімі де ерлік болды. Әлия ақырғы демі таусылғанша Отан үшін жанкешті ерлік көрсетті. Осылайша, өз қалауымен 18 жасында майданға аттанған батыл қазақ қызы 85-ден 91-ге дейін немістің көзін жойды.
Соғыстан кейін Псков облысы Новосокольники ауданының әртүрлі жерлеріндегі жауынгекрлердің сүйектері Казачиха деревнясынан 4 шақырым жердегі Монаково селосына кіре берістегі жотадағы бір ағайындық зиратқа әскери салтанатпен жерленді.
1944 жылы 4 маусымда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал 1965 жылы Ұлы Жеңістің қарсаңында Псков жеріндегі Монаковода Әлия атымен бауырластар зираты ашылды. Бұл жерге Казачихада қаза тапқан 2 мыңнан астам Қызыл Әскер сарбаздары жерленген. Қазір Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында Әлияның есімімен аталатын көшелер аталады. Сондай-ақ, Әлияға арналған әндер, кітаптар да бар.
Өнер әйелдері
Қазақ қыздары қаһармандығынан бөлек өнер саласында да ерекше көзге түскен.
Күләш Жасынқызы Байсейітова 1912 жылы 2 мамырда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлбаһрам, қыз кезінде тегі Бейісова болыпты. Бала кезде анасы Зибажан оны еркелетіп "Куля" дейді екен, осылайша ол Күләш атанып кеткен. 1925-1928 жылдары Алматы педагогикалық техникумында білім алады. Оқу орнының қабырғасында жүріп-ақ түрлі байқаулар мен концерттерге қатысып, әншілік өнерді тастамайды. 1929 жылы дарынды бойжеткен Қызылордадан Алматыға көшіп келген қазақтың тұңғыш драма театрына қабылданады. Музыкалық білімі болмаса да, Құдай берген талантымен тез мойындалады. Аз уақыт ішінде Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еңліктің рөлдерін сомдап, сахналық тамаша қабілетімен көптің қошеметіне бөленеді. 1934 жылы Қазақ музыка театрының шымылдығы "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рөлді асқан шеберлікпен сомдап, Айман бейнесін асқақтап жіберді.
Өнерсүйер қауым «Қазақтың бұлбұлы» деп өз атағын берді. Ал 1934 жылы ресми түрде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі деген бірінші құрметті атағын алды.1936 жылы бір топ өнер қайраткері қазақ мәдениетінің онкүндігін өткізу үшін Мәскеуге аттанады. Олардың арасында күміс көмей, бұлбұл үнді әнші Күләш Байсейітова да бар еді. Қазақтың бұлбұлының өнерін Үлкен театрда Сталиннің өзі тамашалайды. Сталин "операны грузиндерден де жақсы айта алатын қазақтың қызы бар екен-ау" деп, оның орындаушылық шеберлігін жоғары бағалапты. Сөйтіп Байсейітоваға Палиашвилидің "Даиси" операсындағы Мароның рөлін ұсынған. Саханаға шығудан еш қорықпаған Күләш осы партияны орындаған кезде біраз әбіржіген екен. Дәл сол уақытта Күләштің абыройы әлемге асқақтап, 24 жастағы әнші КСРО Халық әртісі атағына ұсынылады. "Халық әртісі" атағы берілген жылдар ішінде оны иеленген ең жас әртіс осы Күләш болған.Бұған қоса, 1947 жылы концерттік-орындаушылық қызметі үшін екінші дәрежелі Сталин жүлдесімен марапатталған. Ал араға бір жыл салып "Біржан-Сара" операсында басты партияны орындағаны үшін тағы да дәл осы марапатты иеленеді.
Белгілі композитор Ахмет Жұбанов Күләшті ең алғаш көргені жайлы былай дейді:
«Қазақ драма театрының күндізгі репетициясынан кейін фойеде тұрған маған үстінде қара жібек көйлегі бар, бойы ортадан жоғары, шашы тілерсегінен түскен жас келіншек келіп амандасты. Жүріс-тұрысы, киім киісі, бет-пішіні адамды өзіне еріксіз қаратқандай»
деп суреттейді.Күләш Байсейітова үйде ана, түзде саясаткер, ал сахнада әнші болған біртуар тұлға. Әншінің қайраткерлік еңбегін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді.1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Депутаттық қызметін өмірінің соңына дейін жалғастырған. Сондай-ақ, 1940 жылы мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің, ал 1951 жылы Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне енді.
«Депутат болған кезде, анама өңір-өңірден мұқтаж жандар келіп, мұңын шағатын. Бірі үй, енді бірі ақша сұрайды. Анам ешқайсының бетін қаққан емес, қолдан келген көмегін аянып қалмады»,
- деген еді сұқбаттарының бірінде әншінің қызы Қарлығаш Байсейітова.Депутат болып жүрген уақытта Күләш Байсейітова қазақ мәдениетін көтеру, жаңа оқу орындарын ашу, соғыс мүгедектеріне жағдай жасау, жастарды оқыту, жас отбасыларға көмек көрсету сияқты мәселелерге ерекше назар аударған.
Күләш Байсейітованы жат жұртқа танытқан туындының тағы бірі – Пуччинидің «Чио-Чио-сан» операсындағы Мадам Баттерфлейдің партиясы. Қытайдың сол замандағы үкімет басшысы операны орындаған қазақ қызының өнеріне тәнті болып, оны Пекинге шақырады. Алайда Күләштің сахнада бірге жүрген әріптестерінің көре алмаушылығы мен қызғанышы әншінің барлық жоспарын бұзады. Дәм-тұздас болып жүрген достары, бас-аяғы алты адам арыз жазып,«ішеді, жүрісі бар» деп нақақтан-нақақ жала жапқан. Бұл кезде әншінің концерттік киімдеріне дейін тігіліп, Пекинде афишасына дейін ілінген еді. Осылайша тағдырдың ең ауыр соққысын достарынан көрген Күләш Қытайға гастрольдік сапармен бара алмай қалады.
Десе де, Күләштің өнеріне тәнті болған Қытай халқы қазақтың бұлбұлына қыштан, фарфордан, керамикадан жасалған бес түрлі құмыра сыйлап жіберген екен.Кезінде Күләш Байсейітованың өмірден ерте өтуіне осы домалақ арыз себеп болды деген де болжам айтылды. Күләш Байсейітованың ана ретінде өмірі оңай болмады. 3 қызғалдақтай қыз тапқан ана, кенжесінен ерте айырылды. Осы уақытта денсаулығы сыр беріп, көп уақыт бойы сауыға алмапты. Күләш Байсейітова 1957 жылдың 6 маусымында Мәскеуге барған сапарында небары 45 жасында дүниеден өтті.
Ғалымбаева Айша Ғарифқызы (1917-2008) — кескіндемеші, киносуретші, Қазақстанның халық суретшісі. Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой суретші. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік ауылында дүниеге келген.
1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1949 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының сән және көркемсурет бөлімін бітірген.
Ғалымбаева шығармашылық қызметін «Махаббат туралы аңыз», «Шабандоз қыз» т.б. фильмдерге эскиз жасаудан бастады. Ол әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. Суретші — «Аяққалқан», «Жайлау соқпағы», «Көне көзі», «Қобыз», «Сары алма», «Қызыл апорт» т.б. пейзаждар мен натюрморттар және «Батыр ана», «Қазақстан әндері», «Ежелгі керамика», «Қостанай. Алтын дән пирамидалары», «Бейбітшілік» триптихы, «Жердің сыйы», «Береке» т.б. шығармалардың авторы. Оның сәндік-монументтік сарындағы композициялары да көптеп кездеседі.
Ғалымбаева отандық портрет жанрының шебері ретінде де белгілі. Оның «Жазушы Ғ.Мұстафиннің портреті», «К.Байсейітованың портреті», «Ұлымның портреті» т.б. еңбектері бар.
Айша Ғарифқызы — «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомының авторы. Ол Алматы көркемсурет училищесінде және ҚазҰПУ-да дәріс берді.
Айша Ғалымбаева — түрлі мемлекеттік сыйлықтардың, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендері мен медальдардың иегері.
Зәмзәгүл Шәріпова 1931 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол жоғары киноактерлер мектебін бітірді, сонымен қатар «Қазақфильм» киностудиясында және республикалық радиода жұмыс істеді.
22 жасында Әуезов театрының труппасының мүшесі болып, өмірінің соңына дейін оған адал болды. Зәмзәгүл Шәріпова жүзден астам рөлдерді сомдап, ұлттық және әлемге әйгілі пьесалардың кейіпкерлері ретінде қайта туды.
Ол «Айман – Шолпанда» Айманды, Мұхтар Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөзді, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында Ақтоқты, Қалтай Мұхамеджановтың «Жат елде» Ева Браунды, Шекспирдің «О. » және көптеген басқа спектакльдерде.
Зәмзәгүл Шәріпова қазақ киносының дамуына зор үлес қосып, Шәкен Аймановтың «Біз осында тұрамыз» фильмінде, Қуат Әбусейітовтың «Өмір жолы» фильмінде, Әзірбайжан Мәмбетовтің «Абай» телефильмінде және басқа да фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.
Шарипова дубляждық актриса болып та жұмыс істеді, оның дауысында шетелдік актерлер қазақша сөйледі.
Шәріповаға қазақтың белгілі ақыны Мұқағали Мақатаев өлең арнаса, Мұхтар Әуезов Қарагөзді ең жақсы деп атаған.
«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі», «Қазақ КСР-нің халық әртісі» атақтарымен марапатталып, бірқатар марапаттарға ие болды.
Ғылым саласында да әйел қауымының рөлі ерекше. Көптеген жаңа ашылуылар әйел адамдардың өнертабысына жатады.
Софья Шәкіровна Баймақанова.
Бұл көрнекті адамның бүкіл өмірі ғылымға, практикалық медицинаға, ЛОР мүшелері мен жақ-бет аймағының онкологиясы мен патологиясына қарсы күреске арналды.
Софья Шәкіровна 1953 жылы емдеу факультетін, содан кейін Қазақ мемлекеттік медицина институтының ЛОР аурулары кафедрасының аспирантурасын бітірді.
1957 жылдан Семей медициналық институтының ЛОР аурулары кафедрасында жұмыс істеді. 1958 жылы "гипертониядағы есту және вестибулярлық анализатордың жағдайы"атты кандидаттық диссертациясын қорғады.
1961 жылы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) бас және мойын ісіктері бөлімінің негізін қалаушы болды, оны 1983 жылға дейін басқарды.
1972 жылы Софья Шәкіровна Баймақановаға "Қазақстандағы жоғарғы тыныс жолдарының қатерлі ісіктері мен фондық процестерін" зерттеу үшін ғылым докторы дәрежесі берілді. 1982 жылы Софья Баймақанова қазақ әйелдерінің алғашқысы болып профессор атағын алды.
С. Ш. Баймақанованың жетекшілігімен 3 докторлық, 16 кандидаттық диссертация орындалды және сәтті қорғалды, 243 ғылыми жұмыс, 4 монография жарияланды. Оның есебінде 19 рационализаторлық ұсыныс, 17 әдістемелік ұсыныс бар, оның 4-і-көмей ауруларын хирургиялық емдеудің бірегей әдістері-Бүкілодақтық енгізуге, өнертабысқа 4 авторлық куәлік ұсынылған. Бұл әзірлемелер бүгінде бас және мойын ісіктерінің жетекші клиникаларында кеңінен қолданылады.
Әріптестер, оқушылар, ризашылық білдіретін пациенттер осы көрнекті әйел – талантты дәрігер, зерттеуші ғалым, денсаулық сақтау менеджері және ұйымдастырушысы Софья Шәкіровна Баймақанованың есіне құрметпен қарайды.
Софья Шәкіровна Баймақанова 2017 жылдың 28 қаңтарында дүниеден озды.
Найля Оразғұлқызы Базанова 1927 жылы Алматыдағы Малдәрігерлік техникумына оқуға түседі. Найля Базанова 1911 жылы 11 қарашада Қырғызстанның Фрунзе (Бішкек) қаласында мал дәрігерінің отбасында дүниеге келеді. Оның әкесі қызмет бабымен 1925 жылы Фрунзеден Алматы қаласына ауысуына байланысты отбасын да осында көшіріп әкелді. Базанова малдәрігерлік техникумынан кейін 1929 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, оны 1932 жылы үздік бітіріп осы оқу орнында нормалдық физиология кафедрасына аспирантураға қалдырылады. Ол өзінің ғылыми-педагогикалық қызметін осылай бастайды.
Қ.И.Сәтбаевтың бастауымен 1946 жылы КСРО Ғылым академиясының негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылып, 1-маусымда оның алғашқы сессиясын өткізді. Қысқа мерзім ішінде Қазақ КСР Ғылым академиясы ғылымды өндіріспен байланыстыра отырып, республиканың ғылымын дамытудың танымал орталығына айналды. Қазақ КСР Ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларына 14 академик, 16 мүше-корреспонденттер сайланды. Осы алғашқы құрылтайшылардың қатарында қазақ қыздарының ішінен шыққан алғашқы ғылым докторы – Нәйля Оразғұлқызы Базанова тұрды.
Нәйля Оразғұлқызы Қазақстан ғылымы саласында ғылыми жетістіктерімен ғана емес, ұзтаздығымен де танымал бола білді. Академик Н.Базанова жоғары білікті ғылыми мамандар дайындау жұмысына көп көңіл бөлді. Ол білімді жастарды ғылымға тартып, шәкірттер тәрбиелеп, аспиранттар мен жас ғалымдарға өзінің тәжірибе, білімін бере отырып жетекшілік етті. Академик Базанованың жетекшілігімен 9 ғылым докторы, 30-дан аса ғылым кандидаттары шықты.
Базанова ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты күшейтуге ерекше көп көңіл бөлді. Оған негіз болатын дәлел – пропин-қышқылды ашытқыны жүгері мен басқа дақылдарды сүрлеуге пайдалану еді. Сүрлемнің қышқылдылығы жақсы сақталады және оның қоректілігі артады. Мұның мал шаруашылығындағы тиімділігі – малдан сүт көп шығып, оның майлылығы көбейеді, малдың салмағы артады, тауықтар көп жұмыртқалайды. Осындай сүрлеу жөніндегі академик Базанованың ғылыми тұжырымның нәтижесінде сүрлем мал шаруашылығында кеңінен қолданылды.
Н.Базанова 1945 жылы «Кейбір ауыл шаруашылық малдардың қан айналымы мен тыныс алуының реттелуінің онтогенездік дамуы» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Бір жылдан кейін педагогика саласындағы қызметі үшін оған профессор атағы берілді.
Нәйла Оразғұлқызы қоғам қайраткері ретінде де кеңінен танымал болып, Кеңес Одағының құрамындағы үлкен қоғамдық ұйымдардың бәріне Қазақ елі атынан қатысып үлкен абыройға бөленген. Ол тұлға ретінде өзінің қарапайымдылығымен, еңбекқорлығымен, адами жақсы қасиеттерімен ел құрметіне бөленді. Оған Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, екі рет «Құрмет Белгісі» ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен медалдары, Бейбітшілік үшін күрес құрмет медалі және Лениндік мерейтойлық медалі берілді.
Саясат жолындағы қазақ әйелдері
Саясатта көзге түскен әйелдер саны шектеулі. Қазақстан саясатындағы әйел санын қолмен санауға болады. Соған қарамастан, саясатта айрықша көзге көрінген апаларымыздың бары бәрімізге белгілі.
1988 жылдың қысында темір ұста үйінде болашақта өз заманының білімді әрі жарқын әйелі атанатын Алма өмірге келеді.
Жәңгір хан ашқан Қазақ жеріндегі алғашқы мектебінде қазақ ағартушыларымен қатар, орыс және чуваш зиялыларынан сабақ алған. Олар Бөкей даласына озық көзқарастары үшін жер аударылды. Алманың досы Мәдина Бегалиева: "орыс-қырғыз (қазақ) мектебінде 20 жыл ішінде тек 10 қыз оқыды, олардың бірі – Алма", - деп еске алады.
мектепті сәтті бітіргеннен кейін мұғалімдер алмаға Симбирскідегі Чуваш мұғалімдер мектебіне түсуге көмектесті. Кедей отбасылардың балаларына білім беру мүмкіндігі болмады, бірақ алманың ата – анасына көмектесу үшін мұғалімдер -"...қазақтар, чуваштар және орыстар-21 рубль 20 тиын жинады".
"Қызыл киіз үйлердің" құрамында – әйелдерді ағарту үшін арнайы құрылған қозғалыс, Алма көшпелі ауылдарды аралап, халықпен кездесті. Ол әйелдерге өзін және баланы қорғаудың жаңа құқықтарын түсіндірді, сауаттылыққа үйретті, Шығыс әйелдерінің теңдігі туралы лениндік жарлықтарды оқыды, саясат пен экономика туралы айтты, газеттерді дауыстап оқып, үйірмелер ұйымдастырды. Бастапқыда әйелдер "қызыл киіз үйлердің" іс-шараларына қатысуға ынта-жігерімен жанбады: көбісі күйеулерінің келіспеуінен қорқатын немесе үй шаруасымен айналысатын шығар. Сондықтан олар оларды тігін машиналарымен қызықтыра бастады. Кейіннен "Қызыл киіз үйлер" өте танымал болды.
1919 жылы Алма Мәскеуге үгітшілер мен ағартушылар курстарына барады. Елордада оның дүниетанымына қатты әсер ететін көрнекті қоғам қайраткерлерімен танысады.
Көбі біле бермейді, оның арқасында 1925 жылы Қазақстанда қалымды жою туралы Жарлық қабылданды. Бұдан былай қалыңдық үшін қалыңдық алу және беру қылмыс болып саналды.
"Мені Алма адам етті",– деді республиканың әлеуметтік қамсыздандыру Министрінің орынбасары қызметін атқарған Нұржамал Саналиева. - Менің әкем Сейсенғали кедей болды. Үмітсіздіктен үмітсіз кедейлікке ұшыраған ол мені, бес жасар қызды, Сарыбай есімді байдың ақымақ ұлымен құда түсірді. Алма Шапағат Етті. Ол кезде мен 14-те болдым. Ол менің қолымнан ұстап алып кетті, ликбез мектебіне анықтады".
Мәскеуден келгеннен кейін Алма өз Отанында 5 жыл жұмыс істейді: Дина Нұрпейісованың өзі келетін партиялық емес әйелдер конференциясын ұйымдастырады, баяндамаларын оқиды, халық әндерін шебер орындайды. Осылайша оның жаңа таланты ашылады, содан кейін ол 10-нан астам ән жазады.
"Алма Оразбаева-жас мұғалім, қырғыз әйелдерін азат ету майданының алдыңғы қатарлы жауынгері. Оның күміс дауысы болды-сопрано, өте музыкаға жақын болды. Оның әні тыңдаушылардың жанын қатты толқытты. Алма Оразбаева менің жұмысымды қызу қолдаған және көптеген құнды мәліметтер берген алғашқы қырғыз әйелі болды " - деп жазды ол туралы белгілі зерттеуші А.В. Затаевич.
Алманың жұмысы назардан тыс қалмады және ол әйелдер коммунистік қозғалысы қатарында халықаралық деңгейдегі тұлға ретінде танылды. Сондықтан ол Берлиндегі коммунистік әйелдердің III Халықаралық конференциясына барады. Онда Клара Цеткинмен танысады. Келгеннен кейін Алма әйелдермен есеп беру кездесулерін өткізеді, онда конференция, шетелдік коммунистер және әртүрлі елдердегі әйелдердің проблемалары туралы әңгімелейді.
1926 жылы Алма Оразбаева қазақ әйелдері үшін алғашқы кілем тоқу артелін ұйымдастырды. Жұмысшыларды жинау өте қиын болды, Алма командамен ауылдар мен қалаларды аралады.
Осы уақыт ішінде коммунист көптеген позицияларға ие болды, көрнекті қоғам қайраткеріне дейін өсті және одан да қызықты істер күтіп тұрғандай болды. Коминтерннің тапсырмасы бойынша ол әйелдермен жұмыс істеуге көмектесу үшін Моңғолия Халық Республикасына іссапарға дайындалады. Оның күйеуі Иван Каширин осы уақытта ОГПУ аймақтық басқармасының басшысы, олар екі жасар ұлын бірге тәрбиелеп отыр. Ол балаға қарау үшін жиені Сакипжамалды үйіне орналастырады және Моңғолияға аттанады.
Қайтып оралғанда, ол Сакипжамалдың күйеуінен бала күтіп тұрғанын біледі, содан кейін ол ешқашан жұмысқа оралмайды. Шөп салу немесе стресстік жұмыс себеп болды ма, белгісіз, бірақ Алма есін жоғалтып, ауруханаға түседі.
Бұл аурудан Алма айыға алмай өтеді. Оның күйеуі 1937 жылы атылды, Сакипжамал халық жауының әйелі ретінде қамауға алынды.
50 жасында Алма Оразбаева Луговая станциясында ауа-райының қолайсыздығынан адасып кетеді, ал оның қабірі орнатылмайды.
Балжан Бөлтірікова (1921-1998) Жамбыл облысында көпбалалы отбасында дүниеге келген.1941 жылы Алматыдағы мұғалімдер институтын тәмамдаған. Бар-жоғы 21 жасында мектеп директоры болып тағайындалған.
1956-1966 жылдары Қазақ КСР-інің Әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Небәрі 34 жасында алып республиканың министрі болды. Бұл туралы қызы Балғын өз естеліктерінде «Жұмысында аяқ-қолы жоқ жандар жиі отыратын. Анам олардың барлығын қабылдайтын. Жай ғана өтінішін тыңдап қоймай, мәселесін түбегейлі шешіп беруге тырысатын», – дейді.
1966-1971 жылдары Балжан Бөлтірікқызы Қазақ КСР-інің Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы Істер Министрі қызметін атқарды.
Балжан Бөлтірікова БҰҰ Бас ассамблеясының XXI және XXV сессияларына Кеңес Одағының ресми делегациясын бастап барды. Ол қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат, ел атынан БҰҰ мінберінде сөз сөйлеген қазақ қызы.
Ал 1971 жылы Ағарту министрі (қазіргі Білім және ғылым министрлігі) болып тағайындалды.
Еліміздегі алғашқы заңгерлердің бірі Ескендір Қожабаевпен жарты ғасырдан астам отасқан. Бүгінде Балжан Бөлтіріқызының ізін жалғап отырған ұрпақтары бар. Екі қызы, екі ұлы да сыртқы саясат миссиясында, тіл маманы, профессор болып ата-аналарының дара жолын жалғауда.
«Әйелдер тарихты жасайды, бірақ тарих тек ерлердің есімдерін есте сақтауда» , Генрих Гейненің сөзін жаза отырып, қорыта келсек, тарихта әйел адамның ашқаны, жасағаны, ойлап тапқаны жетерлік, алайда оның назарсыз қалуы – үлкен әділетсіздік. Апаларымыздың еңбегін ұмытуға хақымыз жоқ!
«Әлемде біз көріп тұрғанның бәрі әйелдердің шығармашылығы» деп Мұстафа Кемал Ататүрік айтқандай, әйелдің де бұл әлемге сіңірген еңбегі, жаны, жасы, қаны жетерлік. Ал гендерлік теңсіздік – адамның өзі құрастырған болашақсыз, әділетсіз ұғым.
Қазақтан шыққан көрнекті, білімді, қаһарман әйелдер де бар. Бірақ олар туралы білімнің жеткіліксіздігі – өкінішті.