August 13, 2019

ОНЫНШЫ ТАПСЫРМА

Адам баласының арманы көп болады ғой. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл əрекеттерге итермелейді. "Армансыз адам – ормансыз бұлбұл"-дейді қазақ халқы, ал біз «арманы жоқтың – жаны жоқ», - деп айтар едік.
Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Қазақ «Арманың орындалсын», — деген тілекті жиі тілейді. Ал біз точно армандаймыз ба? Армандай аламыз ба?

Дұрыс армандау ережелері:

  • Арманды міндетті түрде қағаз бетіне түсіруіміз керек. Ауызға оңай болғанмен, іске келгенде ең керекті арманды таңдау қиынға соғады. «Мен өз үйімнің болғанын қалаймын». Дұрыс жазылған ба? Психологтардың пікірінше, бұлай жазу – қате. Мұндай арман орындалады, бірақ қашан? Яғни мезгілсіз армандарды ойлаудың да қажеті жоқ. Арманның мерзімі болуы тиіс. Мысалы, «2019 жылдың 10 мамырында джип көлігіне ие боламын». Мұны «ие болғым келеді» деп болжап жазу да қате.
  • Дұрыс тілек осы шақта ғана жазылады. «Мен бас қаламыз Астанаға оқуға барғым келеді» дегенді «Мен бас қаламыз Астанаға барамын» деп алмастырыңыз. Бұдан өзге «Мен кедей болғым келмейді». Дұрыс жазылған ба? Əрине, жоқ. Болымсыз етістіктің көмегімен жазылған тілектер еш уақытта орындалмайды. Жақсы сөз жарым ырыс. Өзімізге болымсыз етістігі бар сөйлемді айтуға тыйым салайық. Мұнымен қатар тілегіміз орындалу үшін ол туралы нақтырақ жазғанымыз дұрыс.
    Дəлдік пен эмоция көбірек болсын. Мысалы, шет елге барғыңыз келсе, тілегіңізді жазып отырған кезде сол жақта жүргендей елестетіңіз. Сіздің арманыңыздың орындалуы өзгелерге зиян келтірмеуі маңызды.
  • Кез келген тілегіңізді жазып болған соң, жағымды сөздермен қорытындылаңыз. «Өмірім ерекше сəттерге толы болсын. Арманымның маған да, өзгелерге де пайдасы тисін». Тілегіңізді жоғарыдағы ережелерге сəйкес қағаз бетіне түсірген соң, ол туралы мүлде ұмытыңыз. Сіздің оны ойлап қобалжыған сəттеріңіз орындалуына кедергі жасайды.
  • Арманыңызды ойлап отыра бермеңіз. Іске кірісіңіз. Бұл арманыңызды қағазға жазып қойып, ертегідегідей таңғажайып болады деген сөз емес. Əрекет жасамасаңыз, армандарыңыздың орындалуы үшін беріліп жатқан мүмкіндікті жіберіп алуыңыз да ғажап емес.

10-ТАПСЫРМА:

  • Жоғарыдағы ережелерді ескеріп өзіңіздің 100 арманыңызды жазыңыз. Ия именно 100, өйткені көп адамдар 20-дан асырып жаза алмайды, себебі қорқады немесе сенбейді.
  • Армандарыңызға міндетті түрде мерзім қойыңыз.
    Визуализация (елестету) жасаңыз.
  • Арман-мақсатқа жету жəне орындалуы мүмкін емес армандар жоқ екенін ұғыну үшін біз ұсынып отырған мына фильмді көріңіз:
    Тинейджер на миллиард (2011) 👉 "ҮСТІН БАСЫП КИНОННЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ"
  • Осы білгендеріңіз бен түйгендеріңізді, өз ойыңызды басқалар да білсін деген ниетпен, өз сөзіңізбен пост жазыңыз. Постқа #ƏйелдерОрталығы_марафон хештегін қойып, @almaty.aielder.ortalygy парақшасын белгілеңіз.

Ескерту: ​Марафон материалдарын рұқсатсыз ТАРАТУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! ​Бұл - АМАНАТ!