August 10, 2019

ЖЕТІНШІ ТАПСЫРМА

Қазіргі таңдағы өте маңызды тақырыптардың бірі - ​мидың жұмысы жайлы.​ Бұл тапсырмада мидың біздің өмірімізде қандай орын алатыны жəне мимен қалай жұмыс істеу туралы əңгіме қозғаймыз.

Біздің ешбір іс-əрекетіміз мидың қатысуынсыз жүрмейді. Бұл орган - біздің ойлау қабілетімізді, эмоцияларымызды, əр іс-қимылымызды жəне басқалармен қарым-қатынас жасай алуымыз немесе жасай алмауымызды басқарады.

Тұлғалығыңыз, мінезіңіз, интеллектіңіз, ақыл, ой-санаңыз, тіпті, ​шешім қабылдауыңыз немесе қабылдай алмауыңыздың артында ​МИ т​ұр.

Біздердің қолымыз, аяғымыз, көзіміз бірдей болғаны сияқты, Алла Тағала баршамызға бірдей МИ берді. ​БІРАҚ БІЗ ОНЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАМЫЗ?​

Таңдау өзімізде.

Ми жұмысын зерттейтін ғылымды - НЕЙРОБИОЛОГИЯ деп атайды. Соңғы 20 жылда нейробиолог ғалымдар жетістікке көбірек қол жеткізетін, өмірінде бəрі дұрыс адамдардың ​ми қызметі əлдеқайда жоғары​ болып келетінін айтады.

Яғни, МИ орган ретінде өз қызметін дұрыс атқарса, өміріңіздің де жақсы болу ықтималдығы жоғары.

Мидың саулығы жоғары болған сайын, адам бақытты, дені сау жəне парасатты өмір сүреді екен.

Ойлау қабілетіміз бен эмоцияларымыздың өзі ми жұмысына байланысты болса, миды дұрыс тəрбиелеу арқылы біз өз психологиямызды, тіпті мінезімізді жөндей аламыз деген сөз.

⠀Ал Сіз осы күнге дейін ӨЗ МИЫҢЫЗДЫҢ ҚЫЗМЕТІ жайлы ойланып көрдіңіз бе?

Оны тəрбиелеуге тырыстыңыз ба? Жəне МИ ҚЫЗМЕТІНІҢ біздің өмір сүру əдебімізге шынында қатты əсер ететініне сене аласыз ба?

АЛДЫҢҒЫ МӘТІНДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫҢЫЗ ☝🏻

Миды тəрбиелеудің бірден бір шешімі - позитивті ойлау (жағымды ойлау).

Қанша қиын болса да, сенбесеңіз де жаңа, позитивті көзқарасты қалыптастыруға тырысыңыз. Түйсігіңізде кез-келген ойды немесе идеяны қалыптастыру - Сіздің қолыңызда! Ми оны қабылдайды. Тек қана бірнеше рет қайталап, сезімдер арқылы ​миға отырғызу​ керек.

Баршамыздың миымызда шектеулі көзқарастар бар. Күнделікті өмірде сол көзқарастар біздің өмірімізге көп əсер етеді, қоршаған ортаңызды қалыптастырады.

Төменде келтірілген тізімді МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗШЫ, Сізде де осындай ойлар, көзқарастар бар ма əлде жоқ па?

Мен оны жасай алмаймын.

Мен ешқашан көп нəрсеге қол жеткізбеймін.

Қазір менің мүмкіндіктерім шектеулі.

Мен мың рет талпындым, бірақ болмады

Менің не істеп жатқаным маңызды емес.

Əрдайым жоспарым ойдағыдай орындалмайды.

Не істерімді білмеймін

Егер, осы көзқарастар Сізге таныс болса, өміріңізде қолдансаңыз тез арада позитивті көзқарас қалыптастыра бастаңыз.

ТАПСЫРМА:

Жоғарыдағыдай етіп дəптеріңізге кесте сызыңыз. Өзіңіздің шектеулі көзқарастарыңызды жазыңыз. Кемінде 30 көзқарас. Олар өміріңіздің əр түрлі сферасында болуы мүмкін: өзіңіз туралы, жанұя туралы, бала тəрбиесі, жұмыс, ақша, денсаулық, қарым-қатынас т.б.

Əр шектеулі көзқарасыңыздың тұсына жоғарыдағы мысалда көрсетілгендей етіп,

1 позитивті, яғни жағымды көзқарас жазыңыз. Күнде осы тізімді ашып, жаңа позитивті көзқарас қосып отыруға тырысыңыз.

Ми қызметі (​яғни мидың жұмысы жайлы) жайлы ойыңызға түйген ақпаратпен өз инстаграмыңызда пост етіп бөлісіңіз. #ƏйелдерОрталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy ​деп белгілеуді ұмытпаңыз.