February 15, 2021

Дизайнға не үшін келдім ?

"Ұлылар ұлы болып көрінеді, себебі біз тізе бүгіп отырмыз, тұрыңыз!"

- Карл Маркс

Сәлем, менің есімім Пернебек!

Жоғарыдағы сұраққа жауап бермес бұрын қысқаша бір тарих айтып өтсем :D

Кішкентай кезімізді әркім өзінің қандай қабілетіміз бар екен деп ойланумен өткіземіз, бірақ ондай менде болмады, себебі мен сол кезден бастап қолыма пластилин/ермексаз алып әртүрлі нәрсе жасайтын болдым. Мұғалімдер мақтап, мадақтап менің қолымнан суретші немесе бір мүсінші боласың ау деп айтып жүрген. Балабақша бітіріп мектепке бардым, мектепке барып қолыма ручка/қаламсап алып дәптердің артқы бетінің барлығын сурет-сурет қылып тастайтынмын, қасымда отырған қыз маған жыны келетін себебі қолымның барлығы паста паста болып жатыратын. Одан кейін үлкен сыныпқа көштім, 2014жыл болуы керек қолыма компьютер түсті, интернет қосылды, одан кейін ютубпен таныстым, ютубтан фотошопты көріп ең алғаш Adobe Photoshop CS6 жазып алдым. Міне, сол кезден бастап түрлі-түрлі видеолар, түрлі түрлі туториалдар, фотошоп әлемін бір ақтарып шықтым. Бірақ, үлкеен БІРАҚ, мен тек фотошопты үйрендім ал Дизайн әлеміне тіпті аяқ баспаппын. Қызық ия, қабілет бар білім жоқ. 2019 жыл, мектеп бітірдім, ҰБТдан 43 балл жинап оқуға коммерциялық 78 баллмен Атырау Мұнай және Газ Университетіне түстім, оған дейін Архитектор боламын деп армандағам, бірақ үйдегілер оның зарплатасы аз деп түсірмей қойды. Әттең. Мұңаймаймыз, жалғастырамыз сонымен 2019 жыл, оқуда Альбаров Ғасырбек деген жігітпен танысамын, қолымнан келетін нәрселерді айтып, ол Маркетингке қатты қызығады екен, маған айтқан

- Пернебек, сенің дизайндағы қабілетің неге артпай жатыр білесің бе ?

Мен: Жоқ, білмеймін.

- Себебі сен басқа дизайнерлерді қарамайсың..

Мен: "Ал мен өтірік намыстанып, оның сөздерін тыңдамай арғарай жалғастыра бердім. Сонымен солай, 1 жыл өтеді, мені SHABYT CLUB деген командаға алады, оларға Логотип ! - - Жалғасы төменде - - !

жасап беремін содан мен соның ішіндегі Маркетинг бөлімі басышысы Қалиев Рахат деген жігітпен танысып ол әртүрлі блогерлерді, соның ішінде Дизайнерлерді қарайтынын көріп қалдым. Ол жігіттен неге қарайсың деп сұрағанда идея керек келген кезде осылардан қараймын деді, мен ойланып қалдым себебі ол әңгімені маған Ғасырбек 1 жыл бұрын айтқан еді. Содан, мен дизайнерлерді қарап отырдым, тағы бір жыл бұрын Ғасырбек не айтты деп ойландым ол маған Абай Омар дегенді айтып қалды мен ол кісіні іздеп таба алмай KZ_Bake деген инстаграмдағы бір аккаунтқа жолықтым, курс жасайтынын көріп қызықтым, және 1 ай өткеннен кейін мен сол кісінің тапсырған үй жұмысын орындап отырмын. Енді, не үшін осы курсқа жазылдым, не үшін дизайнға келдім ? Қазіргі кезде Қазақстан дизайн жағынан алпауыт елдерден қалып жатыр, көп болмаса да қазақстанға + бір дизайнер ретінде келдім. Бәлкім менің дұмыстарым Қазақстан мәдениетін өзгертер. Назарларыңызға рахмет!