Дербес төлеуші ретінде жарналарды енгізу кезіндегі сақтандыру мәртебесі туралы маңызды ақпарат
Дербес төлеушінің сақтандыру мәртебесі соңғы 12 айда төлемдерді үздіксіз төлеген жағдайда ғана сақталады (немесе керісінше, алдын ала 12 айға төлеген жағдайда).
Яғни, егер соңғы 12 ай бойы БЖТ арқылы үздіксіз төлеп келген болсаңыз, онда 1 қаңтардан бастап дербес төлеуші ретінде төлеңіз, сонда сіздің мәртебесің «Сақтандырылған» болып қала береді.
Ал егер сіз 2023 жылдың тек 7 айын БЖТ арқылы төлеген болсаңыз, онда 2024 жылы «Сақтандырылған» мәртебесін сақтап қалу үшін дербес төлеуші ретінде 2023 жылы төленбеген 5 ай үшін жарна төлеуіңіз керек.
Ал егер 2023 жылы тек 3-4 айға ғана БЖТ арқылы төлеген болсаңыз, онда дербес төлеуші ретінде алдын ала 12 айға төлеп, бірден бір жылға сақтандыру мәртебесін алғаныңыз тиімдірек.
Қай айларда төлем жасамағанымды қалай білуге болады?
https://fms.kz/ru/ сайтына кіріп, мына жерге өз ЖСН енгізу керек
Мынадай форматтағы ақпарат аласыз: