September 15, 2023
egov порталы арқылы тіркелу
Электронды қолтаңбаңыз болса, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы емханаға тіркеле аласыз. Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөліміне кіру керек. Содан кейін «Медициналық көмек» батырмасын басыңыз — «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдаңыз. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, содан кейін электронды форманың жолақтарын толтырып, өтінішіңізді жіберіңіз. Тіркеу 1 күн ішінде жүзеге асады. Емхана пациент туралы ақпаратты автоматты түрде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.