TikTok-та монетизациясы бар аккаунтты қалай ашуға болады?
Ноутбуктан монетизациясы бар аккаунтты қалай ашуға болады:
Жаңа электрондық пошта ашыңыз (HotMail-ды ұсынады) немесе TikTok аккаунтпен байланысы жоқ электрондық поштаны пайдаланыңыз. ➔ Ноутбук параметрлерінде елді монетизация мүмкіндігі бар елдердің біріне өзгертіңіз. Францияны таңдаңыз, себебі оларда төлем алу үшін10 мың оқырман болса, жеткілікті (Кореяда 50 мың оқырман қажет) ➔ Таңдалған елдегі нақты уақытты біліп, оны ноутбукке орнатыңыз. ➔ VPN орнатып, жергілікті жерді өзгертіңіз. ➔ Ноутбуктегі браузерді пайдаланып, электрондық пошта арқылы тіркеуді таңдап, жаңа TikTok аккаунт ашыңыз. Жаңа электрондық поштаңызды енгізіңіз. ➔ e-mail арқылы авторизацияны таңдап, телефоныңыздан жаңа аккаунтқа кіріңіз. ➔ TikTok Studio-дан «Авторларды ынталандыру бағдарламасы» белгішесін тауып, өтініш беріңіз.
Телефоннан монетизациясы бар аккаунтты қалай ашуға болады:
VPN жүктеп алыңыз ➔ TikTok қосымшасын өшіріңіз ➔ Телефон параметрлерінде «Тіл және аймақ» бөлімінде елді өзгертіңіз. ➔ Телефонды өшіріп, SIM картасын шығарып алыңыз. ➔ Телефонды қосыңыз, VPN желісінде қалаған елді таңдап, TikTok қосымшасын қайта жүктеңіз. ➔ Жаңа электрондық пошта арқылы тіркеліңіз ➔ TikTok Studio-дан «Авторларды ынталандыру бағдарламасы» белгішесін тауып, өтініш беріңіз.
Есте ұстаған жөн:
• Ешбір сатысында қазақстандық нөмірді пайдаланбаңыз.
• TikTok қосымшасына сіздің орналасқан жеріңізді бақылау мен контактілеріңізге қол жеткізуге тыйым салыңыз.
• Банға түсіп қалмас үшін алғашқы бірнеше күні есептік жазбаңызға ештеңе жүктемеген жөн.
• Салықтарға қатысты мәселе туындамас үшін есептік жазба тіркелген елдің резиденті емес екеніңізді көрсетуіңіз керек.
• Кейбір сарапшылар видеоларды салғанда VPN арқылы жүктеуге кеңес береді
• Есептік жазбаны авторларды ынталандыру бағдарламасына қабылдамауы мүмкін. Егер бәрі дұрыс болса, апелляция бере аласыз.