September 15, 2023
Тіркеуден келесі жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
• емделушінің қызмет алу үшін ұсынған құжаттары сенімсіз деп танылса
• егер өтініш берушінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы орналасқан ауылдың, елді мекеннің, қаланың және т.б. шегінен тыс жерде тұратыны (тұрақты немесе уақытша) анықталса. Шекаралық аймақтарда тұратын және басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте емхана таңдау құқығы бар адамдар бұл ережеге бағынбайды;
• жалпы халық саны бір жалпы практика дәрігері үшін 1700 адамнан асса, учаскелік терапевт үшін – 2200 адам, учаскелік педиатр үшін – 0-6 жас аралығындағы 500 бала, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асып кеткен жағдайда;
• балаларды және жоғарыда аталған тұлғаларды тіркеу кезінде заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған жағдайда.