eGov mobile-ге қалай тіркелуге болады?
1. Қосымшаға кіріп, «Кіру/тіркелу» батырмасын басыңыз (жоғарғы сол жақтағы бұрышта).
3. Ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізіңіз, сосын нөмірге кіруге арналған коды бар смс келеді.
4. Енді сізге бейне-тексерістен өту арқылы өз тұлғаңызды растау керек. Өтпес бұрын көзілдірігіңіз бен бас киіміңізді шешуге кеңес береміз.
Егер жүйе сізді танымай жатса, фронталды камераны сүртіп, қосымшаның нұсқаулығын қатаң сақтауға кеңес береміз (көзіңізді ашып-жұмбаңыз, бетіңіздің камерадан қажетті қашықтықта тұрғанына көз жеткізіңіз деген сияқты).
Сонымен қатар жарықтың дұрыс түспеуі себебінен мәселе туындауы мүмкін, сондықтан күн дұрыс түсетін жерге тұрғаныңыз дұрыс, немесе электр жарығы жақсы жерде тексерістен өтіңіз, себебі бетіңізге жарық дұрыс түсуі керек.
Егер жоғарыда аталғандардың бәрін дұрыс орындағаныңызға қарамастан тексерістен өте алмасаңыз, онда мәселе камерада болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қосымшаға басқа құрылғы арқылы кіруге тырысып көріңіз.
5. Қосымшаға өз жеке куәлігіңіздің деректері мен телефон нөміріңізді енгізіңіз.
6. Жеке куәлігіңіздің нөмірі мен туған күніңізді енгізіңіз.
7. ЭЦҚ құпиясөз (пароль) ойлап тауып, растаңыз. Құпиясөзді жазып, сақтап алыңыз, себебі ол болашақта керек болып қалуы мүмкін.
8. Қосымшаға кіруге арналған жылдам кіру кодын ойлап табыңыз.
9. Қаласаңыз биометрия арқылы кіру қызметін қоссаңыз болады (саусақ таңбасы арқылы).
10. Осымен болды, енді сізде eGov mobile арналған ЭЦҚ бар. «Менің ЭЦҚ» бөлімінде ЭЦҚ-ңыздың қолдану мерзімін көре аласыз, ол ашылған күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.