Жеке деректер жария болғанда немесе біреу сізді балағаттаған жағдайда не істеу керектігі туралы нұсқаулық
Жеке деректеріңізді сіздің рұқсатыңызсыз жариялап жіберген жағдайда не істеу керек:
• Дәлелдер жинаңыз. Парақшаның мекенжайы мен жарияланған уақытын сақтай отырып, скриншоттар мен экран жазбасын жасаңыз. Бұл болашақта құқық бұзушылық фактісін дәлелдеуге көмектеседі.
• Шағым түсіріңіз. Ақпаратты жою туралы өтінішпен қолдау қызметіне сұраныс жазыңыз.
• Құқықтық қолдау алыңыз. Қиын жағдайларда сізге жеке деректерді қорғауға маманданған заңгермен кеңесу қажет болуы мүмкін. Ол сізге талап қою мен сотта құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.
• Өз таныстарыңызға хабарлаңыз. Жарияланған деректерді қылмыскерлер пайдалануы мүмкін болса, достарыңызға ықтимал қауіптер туралы ескертіп, күдікті хабарлардан сақ болыңыз.
• Құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Желіде сізді балағаттаған жағдайда не істеу керек:
• Дәлелдер жинаңыз. Парақшаның мекенжайы мен жарияланған уақытын сақтай отырып, скриншоттар мен экран жазбасын жасаңыз. Бұл болашақта құқық бұзушылық фактісін дәлелдеуге көмектеседі.
• Сарапшы-лингвистке тексертіңіз. Мәлімдемелерді талдап, әдепсіз немесе қорлайтын сөздердің бар-жоғын анықтайтын маманға жүгініңіз. Бұл тұжырым маңызды дәлел болады.
• Нотариусқа хабарласыңыз. Егер тіл маманы қорлаудың бар екенін растаса, бұл факт ресми түрде тіркелуі керек. Ол үшін нотариусқа хабарласыңыз, ол қорлау фактісіне куәгерлік етеді.
• Сотқа шағым беріңіз. Нотариалды куәландырылған куәлік пен тіл маманының пікірімен жеке айыптау ретінде сотқа шағым түсіруге болады. Бұл өз құқықтарыңызды қорғау мен кінәлі адамды жазалауға мүмкіндік береді.