Шымбұлақ пен Медеу бойынша гайд
Шымбұлақ
Сөз басында Шымбұлақ — шаңғы, сноуборд тебуге, дәмхана/мейрамханаларда отырып, демалуға арналған тау шаңғысы курорты екенін айта кетейік. Медеуден (мұз айдыны) жоғары орналасқан. Шымбұлақтың үш деңгейі бар. Бұл тақырыпта аса хабары жоқ өзіміз сияқты жандар үшін оларды былай сипаттауға болады:
• Старт алаңы (төменгі бөлік). Онда сырғанап жүрген басқа адамдарды көру үшін баруға болады. Бұл деңгейде кафе, мейрамханалар, қонақ үй, хостел мен керек-жарақтарды жалға беру орындары бар.
• Ортаңғы бөлік (деңгей). Орташа дайындығы бар шаңғышылар төмен түсуді осы деңгейден бастайды. Мұнда шаңғы мен сноубордпен сырғанауға арналған бөктердің ортаңғы бөлігі орналасқан. Адамдар еңіске аспалы жолмен көтеріледі. Шымбұлақтың шыңына шығуды жоспарлайтындар осы жерден ауысып отырады.
• Талғар асуы (жоғарғы бөлігі). Мұнда тек аспалы жолмен (канатная дорога) жетуге болады.
Негізі, Шымбұлақтың бастапқы бөлігі шаңғышылар үшін мәре сызығы сияқты. Олар жоғарыдан немесе ортаңғы бөліктен бастап төмен түседі.
Ескерту: кез келген адам Шымбұлақтың кез келген бөлігіне аспалы жол арқылы жете алады. Жаяу немесе шаңғышы болуы керек деген талап жоқ. Ешқандай шектеу де жоқ. Бірақ трассамен жүруге болмайды.
Қалай жетеміз?
1) Шымбұлақтың төменгі жағына ғана барамын десеңіз, ең оңай жолы – 12-ші автобустың соңғы бекетіне, яғни Медеуге (мұз айдыны) дейін жету. Жол жүру құны 100 теңге.
Жол ақысын төлеу үшін Onay қолданбасын жүктеп алып, қолданбаның ішінен виртуалды карта ашуға болады. Қазір төлем жасаудың ең тиімді жолы — OGO картасын байланыстыру арқылы Onay картасының балансын толтыру (балансты 200₸ толтырсаңыз, 150₸ OGO картасына түседі). Науқан мамыр айының соңына дейін.
Басқа жолдармен де жетуге болады. Толығырақ.
Медеуден Шымбұлаққа дейін екі жолмен жетуге болады: такси мен маршруттық автобус (газель сияқты). Бір бағыттағы такси құны: адам басына 1000₸ (көлік салоны 4000₸) немесе маршруттық автобус арқылы адам басына 750₸.
Медеуден жоғары тек электр таксимен шығуға болады. Сондықтан, Шымбұлаққа қаладан баруды жоспарласаңыз, бірден тапсырыс беруге болады. Телефон нөмірлері: +7 (747) 220 48-25, +7 (747) 530 07-07.
2) Егер сіз шаңғы мен сноуборд тебуді шешсеңіз немесе таксимен не шағын автобуспен көтерілгіңіз келмесе, онда сізге аспалы жолмен көтерілу керек (бірақ бұл қымбатырақ). Ол үшін 12-ші автобустың соңғы аялдамасының алдындағы аялдамада (предпоследняя остановка) түсу керек.
Жол жүру тарифтерін сілтемеден табуға болады (SkiPass - шаңғышылар мен сноубордшыларға арналған, ал жаяу жүргіншілер -жаяу жүргіншілер үшін :)
Қалай тиімді төлеуге болады?
- Төлем жасаудың ең тиімді жолы — Еуразиялық банк картасындағы «Ойын-сауық» жоғарылатылған бонустар санатын қосу арқылы төлеу – банк аталмыш санат аясында 30% бонус береді (10 күннен кейін). Біздің арнада аталмыш банк ұсынатын автокартаға шолу бар, онда «Ойын-сауық» санаты автоматты түрде қосылған (сапар күні емес, алдын ала, шамамен бір апта бұрын ашқан дұрыс). Маңызды ақпарат: кейбір оқырмандарымыз 30% бонус берілмегенін айтты, мүмкін түрлі кассаларға байланысты шығар.
- Еуразиялық банк картасымен төлей алмасаңыз, бізде POS-терминал арқылы және онлайн төлеу кезінде тиімді төлем жасау туралы жазбалар бар.
- Shymbulak қосымшасында Mastercard арқылы төлем жасағанда SkiPass төлемдеріне 5% жеңілдік алуға болады. Еуразиялық банктің тегін қызмет көрсететін Mastercard Gold картасы бар, онда «Ойын-сауық» санатын қосып, банктен 30% бонус және Mastercard-тан 5% жеңілдік алуға болады. Науқан туралы толығырақ.
- Шымбұлаққа баруға арналған керек-жарағыңыз болмаса, оны Skadi.kz компаниясынан жалға алып (бағасы 7000₸ басталады), сыйлыққа SkiPass ала аласыз (бірақ бұл бос карта, сондықтан оны тарифтерге сәйкес толтыру керек ). Толығырақ. Керек-жарақтарды Шымбұлақтың өзінде жалға алу әлдеқайда қымбат. Егер сізде ағымдағы 1FIT абонементі болса, керек-жарақты тегін алуға болады.
- Барлық топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және 5 жасқа дейінгі балаларға күніне бір тегін билет беріледі. Жеңілдік тек жұмыс күндері қолжетімді. Толығырақ.
Ең тиімді жолдарын ұнататындар үшін:
- Медеуден Шымбұлаққа дейін жаяу жетуге болады (мұз айдынын сол жақтан айналып өтіп, баспалдақпен көтеріліп, сосын жол бойымен жүріңіз. Дайындығы бар адамдар үшін шамамен 1-2 сағат уақыт керек, дайындығы жоқтарға 3-4 сағат кетеді. Сондай-ақ Шымбұлақтың басынан Шымбұлақтың жоғарғы бөлігіне дейін жаяу шығуға болады. Дайындығы бар адамдар үшін 1,5-2 сағат уақыт керек, дайындығы жоқ жандар жаяу көтерілмегені абзал. Ол үшін треккингтік аяқ киім мен треккинг таяқтары қажет. Асудың сол жағымен, қызыл шарбақ бойымен жүру керек.
– Шымбұлақтың жоғарғы жағынан Шымбұлақтың төменгі жағына түсу тегін. Шымбұлақтың төменгі жағынан Медеуге түсу ақылы.
Оқырмандарымыз ұсынған кейбір кеңестер:
- Тауда күн тез батады, яғни 17:00-ден кейін қараңғы болып кетеді. Сапарды жұмыс күндері таңғы уақытқа жоспарлаған дұрыс, себебі демалыс күндері түске қарай келсеңіз, барлық жерде (фуникулер, кафе, мейрамханалар, автотұрақ) кептеліске тап боласыз.
- Демалыс күндері сағат 17:00-ге дейін Шымбұлақтан түсіп үлгерген дұрыс (себебі 17:00-де күндізгі сырғанау уақыты аяқталады, сондықтан төмен түсетін адамдар көп болады).
- Шымбұлақ маңында азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер жоқ, сондықтан барар алдында азық-түлікті алдын ала сатып алған дұрыс. Бірақ тамақты өзіңізбен алып алсаңыз да, қайда тамақтануға болатыны түсініксіз. Бос/бейтарап тұрған үстелдер мен орындықтар мүлдем жоқ.
- Шымбұлақтың ең жоғарғы бөлігінде «жазықта» тұратын жандарда гипоксия (тау ауруы) болуы мүмкін. Оның алдын алу үшін Шымбұлаққа барар алдында жарты сағат бұрын аспирин таблеткасы мен қант қосылған сусындар ішуге болады (кола/пепси).
- Маусымдық уақыт: Шымбұлақ — қарашаның ортасынан сәуірге дейін. Медеу — қарашаның ортасынан наурызға дейін.
Туристерге ұсынылатын маршрут:
- Медеуге 12 автобуспен сағат 10:00-11:00 барған дұрыс. Медеу аумағында серуендеп, сосын экоавтобуспен Шымбұлаққа көтерілуге болады. Шымбұлақта серуендеп, жоғарыға көтерілместен (Шымбұлақтың соңына дейін), себебі аспалы жолда туристер үшін көретін ерекше ештеңе жоқ, сосын Шымбұлақтан «Апа Катя» кафесіне (қазір танымал жер) автобуспен түсіңіз (жүргізушіге алдын ала ескертіңіз). Онда үнемі адам көп, әрі өзіндік ерекше вайбы бар. Сосын «Апа Катядан» Медеуге жаяу түсіңіз. Жол бар болғаны 1 сағат уақыт алады, бірақ туристер үшін қызық болмақ.
Премиум Mastecard карталарының иелері үшін (Masterсard World Black Edition, Mastercard World Elite, Mastercard Business Preferred):
- Шымбұлақта MasterCard ұсынатын тегін демалыс аймағы бар (төменгі жағында). Ол шаңғышыларға, сноубордшылар мен жүгірушілерге арналған. Сондықтан, онда душ қабылдап алуға болады: халат, сүлгі мен тәпішке береді. Лаундж зонада кофе машинасы, су мен шай бар. Сондай-ақ массаж креслосы бар (біреу ғана болғандықтан, әдетте бос емес). Лаундж зонасына сізбен бірге 1 ересек адам немесе 12 жасқа дейінгі 2 бала кіре алады. Қосымша қонақтар шақыруға болмайды, олар үшін төлем жасалмайды.
Медеу
- Медеуге таксимен немесе №12 автобуспен жетуге болады.
- Сосын сайттан қажетті тарифті таңдаңыз (құны апта күні мен адам жасына байланысты)
- Мұнда да «Ойын-сауық» санаты қосылған Еуразиялық банк картасымен төлеуге болады — банк 30% бонус береді (14 күннен кейін).
- Сондай-ақ Visa картасымен төлем жасағанда билет құнына 10% жеңілдік алуға болады. Еуразиялық банкте де Visa карталары бар. Осылайша екі еселенген пайда табуға болады (10% жеңілдік + 30% бонус). Науқан туралы толығырақ.
- Халықтың кейбір осал топтарына билеттер тегін беріледі: 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасы балалары, балалар үйі тәрбиеленушілері мен 6 жасқа дейінгі балалар және т.б. Толығырақ.
- Конькиді сол жерде жалға алуға болады немесе өзіңіздікін бірге ала келсеңіз болады (жалға алу қанша тұратынын білмейміз).