Тік шаңсорғыш таңдағанда не нәрсеге назар аудару керек?
Тік шаңсорғышты (сымсыз) таңдаудың қиындығы мынада: қуатты, жұмыс уақыты ұзақ, ауыр емес болуы әрі тым қымбат болмауы керек. Бұл таңдау жасаудағы негізгі шарттар.
Бізде Dyson V15 Detect Absolute бар, сондықтан біз оның деректеріне сүйенетін боламыз.
• Сору қуаты (қуат тұтынумен шатастырмау керек). Сору күші (Вт) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, тазалау соғұрлым жақсы болады. Дайсонның қуаты шамамен 200 Вт, бұл жеткілікті деңгей. Осы санды негізге алсаңыз болады. Бұған қоса, шаңсорғыш қуатты болса, батареяны ең көп төгетін максималды режим қажет болмауы мүмкін.
• Жұмыс уақыты. Студияны немесе бір бөлмелі пәтерді тазалау үшін қалыпты режимде 20 минут жеткілікті. 30 минут - 2 бөлмелі пәтерлер үшін орташа көрсеткіш, оңтайлы. Dyson автоматты режимде (біз оны үнемі қолданамыз) 45 минут жұмыс істейді. Бұл 100 шаршы метрді тазалауға жеткілікті, жұмысын істеп біткенде әлі 18 минуттық қуаты қалды.
• Жабдық. Сізге кәдімгі құрылғының орнына көптеген қондырмалардың немесе еден жуғыш шаңсорғыштың қаншалықты қажет екенін, ол үшін артық қаражат төлеуге дайынсыз ба, жоқ па өзіңіз үшін шешіп алыңыз.Dyson-да біз тек үшеуін ғана пайдаланамыз: еденге арналған саптама, кілемге арналған саптама ментар саптама. Осылар да жеткілікті.
• Салмақ. Егер шаңсорғыштың салмағы 4 кг-нан асатын болса, бұл қиындық туғызуы мүмкін, себебі оған үйрену мен жалпы тазалауға көп уақыт кетеді. Dyson салмағы 3,5 кг, бұл шыдауға болатын шекті салмақ сияқты. Бастапқыда үйренуге уақыт керек болды, бірақ жалпы алғанда бәрі жақсы болды. Тепе-теңдік сақталған.
• Қуаттау уақыты. Барлық тік шаңсорғыштарды қуаттауға көп уақыт кететінін ескерген жөн - 3 сағаттан басталады. Біздің Dyson-ды зарядтауға 4 сағат кетеді, бұл қалыпты жағдай.