August 23, 2023

Бірлескен қарыз алушы мен кепілгер (гарант) арасындағы айырмашылықтар

a) Несие шартына қол қойған бірлескен қарыз алушы өзі үшін несие алған кездегідей құқықтар мен міндеттерге ие.
b) Кепілгердің (гаранттың) табысы қарыз алушының табысына қосылмайды. Банк үшін бастысы, кепілгердің төлем қабілеттілігі қарыз алушыда ақша болмаған жағдайда несие төлемдерін өтеуге жеткілікті болса болғаны.
c) Кепілгер бірлескен қарыз алушы сияқты қарыз келісіміне емес, кепілдік шартқа қол қояды.
d) Кепілгер жеке тұлға да, заңды тұлға да бола алады, ал бірлескен қарыз алушы тек жеке тұлғалар ғана бола алады.
e) Бірлескен қарыз алушының құжат түрінде дәлелденген жағымды несие тарихы, ресми кірісі болуы керек, ал кепілгерден бұл талап етілмейді.
f) Егер қарыз алушының несиені өтеуге қаражаты болмаса, ал кепілгер қарыз алушының қарызын толық өтеген болса, онда кепілгер сот арқылы қарыз алушыдан шыққан шығынды өндіріп алуға толық құқылы. Бірлескен қарыз алушы мұндай талап қоя алмайды, себебі банктік қарыз шартына ортақ қарыз алушы ретінде қол қою арқылы ол қарыз алушымен бірдей жауапкершілікті өз мойнына алады.
g) Банктік қарыз шартында кепілгердің белгілі бір мерзімге немесе несиенің белгілі бір сомасына кепілгер болуы қарастырылуы мүмкін. Ал бірлескен қарыз алушы несие толық өтелгенге дейін міндеттерден құтыла алмайды.