Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу жөніндегі нұсқаулық
Маңызды шарт: бұл жәрдемақы сіз жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейін соңғы 24 күнтізбелік айда кемінде 6 ай әлеуметтік аударымдар жасалған жағдайда қолжетімді.
1-қадам: жұмыссыз ретінде тіркелу керек. Ол үшін enbek.kz порталына тіркеліңіз. Тіркелу оңай, тек ЭЦҚ болса жеткілікті.
2-қадам: тіркелгеннен кейін түйіндемені мұқият толтырыңыз. Ол үшін адам бейнесі тұрған батырманы басып, «менің кабинетім» бөліміне өтіп, «қосу» батырмасын басыңыз.
3-қадам: түйіндемені толтырғаннан кейін сіз жұмыс іздеуші ретінде тіркелуіңіз керек. Мұны «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жасау керек. Ол үшін сізге ЭЦҚ мен екінші кілт (RSA деп аталатын) қажет болады. Сіздің атыңызға тіркелген ұялы телефонға SMS келуін күтіңіз. Егер SMS келмесе, ЭЦҚ бойынша тағы да жұмыс іздеуші ретінде тіркеліңіз. Мұның барлығы онлайн жасалады.
Маңызды ақпарат: толтырылған өтінімге өзгерістерді тек жұмыс іздеуші ретінде тіркелгенге ДЕЙІН енгізуге болады.
Ары қарай осы нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз
https://enbek.kz/pdf/pamiatka_lir_kk.pdf